Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайлары мен жабдықтарына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 "дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "санитариялық қағидалары" бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11037 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);"):
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайлары мен жабдықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
-Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің өндірістік үй-жайлары мен сақтау үй-жайларын ішкі әрлеу, қабылдау және халыққа қызмет көрсету үй-жайларын әрлеу тегіс материалдардан, ашық түсті және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, ылғалды жинау жүргізуге жол беретін көзделеді.
-Жабдықтың, жиһаздың, мүкәммалдың жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған гигиеналық жабыны болады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің өндірістік үй-жайлары, өндірістік жабдық, өндірістік жиһаз Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ылғалды жиналады. Өндірістік үй-жайларды, технологиялық жабдықтарды дайындау осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүргізіледі.";
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерді жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің құрамы мен аудандары осы Санитариялық қағидаларға сәйкес айқындалады.";
-Дәріханалар, оптика дүкендері және медициналық бұйымдар дүкендері:
1) жеке тұрған ғимараттарда;
2) оқшауланған үй-жайларда, тұрғын емес қорға кіретін ғимарат құрылымында;
3) тұрғын үй қорына кіретін ғимарат құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда жүзеге асырылады.";
-Медициналық бұйымдар қоймасы, дәріхана қоймасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы орналастырылады:
1) жеке тұрған ғимараттарда;
2) оқшауланған үй-жайларда, тұрғын емес қорға кіретін ғимарат құрылымында.
-Ғимарат құрылымында орналасқан кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер үшін үй-жайлардың оқшауланған блогы көзделеді.
-Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер ғимарат құрылымында орналастырылған жағдайда, қызметтік, тұрмыстық үй-жайлар (санитариялық торап) ғимараттың негізгі үй-жайларының құрамына кіреді.";
-Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларын сумен жабдықтауға, кәріздеуге, желдетуге және жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
1) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде ыстық және суық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелері, жылыту, кәріз, желдету, жарықтандыру көзделеді.
2) Жеке тұрған ғимараттарда орналасқан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау, кәріз, жылыту жүйелері болмаған кезде автономды жылыту, кәріз, сумен жабдықтау көзделеді.
-Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларындағы Температура мен ауа алмасу жиілігі осы Санитариялық;
1)Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларында зиянды бөлінісі бар өндірістік үй-жайларда механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіші, қалған объектілерде терезе саңылауларындағы, сыртқы қабырғалардағы желкөздер, фрамугалар, құрылғылар арқылы табиғи желдету көзделеді.
2)Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайлары табиғи және жасанды жарықтандыру жүйелерімен жабдықталады. Жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді, жекелеген жұмыс орындары үшін жергілікті жарықтандыру (үстел шамы) орнатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |