Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайлары мен жабдықтарына қойылатын талаптар


Өндірістік үй-жайларды, технологиялық жабдықтарды дайындауға қойылатын гигиеналық талаптар



бет2/3
Дата06.04.2023
өлшемі29,74 Kb.
#80030
1   2   3
Өндірістік үй-жайларды, технологиялық жабдықтарды дайындауға қойылатын гигиеналық талаптар

Өндiрiстiк үй-жайларды күн сайын өңдеу әр ауысымнан кейін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен, суланған шүберекпен сүрту тәсілімен жүргiзiледі. Ол "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бойынша қаралған.


Өндірістік үй-жайлардың және техникалық жабдықтарды дайындауға алдымен тазалық гигиена нормалары орындалуы керек. Олар бөлме, жабдықтар тұратын және сақталатын орындар мен өндірістік үй-жайлардың жалпы санитарлы-гигиеналық тазалығы.
Жабдықтың дәрiлiк заттармен тікелей жанасатын алмалы-салмалы бөлiктерiн (тораптарын) алып, бөлшектеп және 600С температурадағы 0,5% жуу ерiтiндiсінде мұқият жуып, бірнеше рет ағынды сумен, содан соң тазартылған сумен шайған дұрыс.
Жабдықтың iшкi бөлiктерiн температурасы 600С жуғыш заттың 0,5% ерiтiндiсiмен өңдеп, содан соң ағынды сумен, соңынан тазартылған сумен бірнеше рет шайған дұрыс.
Жабдықтың бөлшектелмейтін бөлiктерiн стерилдеуді алпыс минут бойы (120±10С) температурада ыстық бумен жүзеге асыру ұсынылады. Қажет болған жағдайда (көлемдік үлесі 76%) этил спиртімен суланған салфеткамен сүрту қажет.
Жабдықтың сыртқы беттерін үй-жайдың беттерін өңдегендей жолмен өңдеген дұрыс;


Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердегі профилактикалық іс-шаралар.

Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар-мекендеу ортасы факторларының қатерін, адамға зиянды әсерін бағалауға, осындай қатерді жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған ұйымдастырушылық, әкімшілік, инженерлік-техникалық, медициналық-санитариялық, профилактикалық және өзге де шаралар;


Дәріхана қызметкерлерінің ағзасына уытты заттардың, дәрілік заттардың шаңының жағымсыз әсерінің алдын алу үшін санитарлық нормалар мен "дәріханаларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" ережелеріне сәйкес бірқатар алдын алу шараларын жүргізу қажет.:
1) санитариялық-техникалық талаптарды сақтау: ауаны баптау, үй-жайларды жеткілікті табиғи және жасанды жарықтандыру, суық және ыстық суды уақтылы беру, өндірістік үй-жайлардың ауасынан газ тәрізді қоспалар мен шаңды уақтылы алып тастауға, сондай-ақ әкімшілік және тұрмыстық бөлмелердің ауасын ластамауға мүмкіндік беретін тиімді желдету жүйесі;
2) үй-жайларды дұрыс, ұтымды жоспарлау: өндірістік, қосалқы, әкімшілік және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың өзара орналасуы ластанған ауаның бір үй-жайдан екіншісіне енуінің мүмкін еместігін көздеуі тиіс. Осыған байланысты асептикалық блок жуу, ассистенттік, өлшеп-орау бөлмелерінен алыс болуы тиіс, ал әкімшілік Үй-жайлар өндірістік үй-жайлардан оқшау болуы тиіс;
3) жұмыс орындарын технологиялық және ұйымдастырушылық құралдармен, сұйықтықтарды үлкен ыдыстардан шағын ыдыстарға өлшеп орау, сүзу, елеу, ысқылау, мөлшерлеу, тығындау және т.б сияқты көп еңбекті қажет ететін процестерді жүргізуге арналған кешенді және шағын механикаландыру аспаптарымен ұтымды жабдықтау. Бұл дәрі-дәрмектердің шаңын теріге, шырышты қабықтарға және тыныс алу жолдарына азайтады. Ұнтақтарды өлшеп орау, құтыларды тығындау, сұйықтықты ұсақ ыдыстарға өлшеп орау үшін зиянды заттармен жұмыс істейтіндердің жанасуын едәуір қысқартатын жартылай автоматтарды қолдану қажет;
4)қолданыстағы қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және жеке гигиена қағидаларын сақтау. Көзді, тыныс алу органдарын, тері жабындарын жеке қорғау құралдарын (көзілдірік, қышқылдан қорғайтын алжапқыш, резеңке етік, шаңға қарсы немесе әмбебап респиратор) пайдалану міндетті болып табылады. Күшті әсер ететін дәрілік заттармен және улармен жұмыс істеу кезінде ерекше сақтықты сақтау қажет. Жеке гигиена ережелерін бұзбаңыз, улы заттармен жұмыс істегеннен кейін қолыңызды мұқият жуыңыз. Дәріхана қызметкерлеріне өндірістік үй-жайларда және дәрілік заттардың сапасына бақылау жүргізу үй-жайларында тамақ ішуге тыйым салынады;
5) аллергиялық аурулардың алдын алу үшін гипосенсибилизациялайтын тамақтануды пайдалану;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет