Майдытеріге уқалап енгізу 1. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.
2. Май жағатын тері аймағын қарап шығу.
3. Қатты тітіркендіргіш әсері бар майларды арнайы бейімделген лентаға жағып, соның көмегімен теріге сүртіледі.
Жабысқақ таңғыш (пластырь) су өтпейтін дәкемен жабылған қою, жабысқақ май. Май негізі дәрілік заттардан құралады. Пластырьды жабыстырар алдында теріні спиртпен сүртеді, шаш болса қырқып тастайды. Содан кейін қайшымен пластырьды қажетінше қиып, теріге жабыстырады. Алдын ала спиртпен бір шетін сулап, жайлап пластырьды шешеді. Таңғышты бекіту үшін пластырьды қолданады.