Жалпы
бұзылыстар
және енгізген
жердің
ауыруы
Зат алмасу
және
тамақтану
тарапынан
бұзылулар
Гиперхолестерин
емия
Жүйке жүйесі
тарапынан
бұзылулар
Бас ауыру
Парестезия, бас
сақинасы, бас
айналу, ишиас
Тері және
теріасты
шелмайы
тарапынан
бұзылулар
Алопеция
Уытты
эпидермальді
некролиз
(
Лайелл
синдромы),
Стивенс-
Джонсон
синдромы
Психикалық
бұзылулар
Депрессия,
үрейлену
Асқазан-ішек
жолы
тарапынан
бұзылулар
Диспепсия,
диарея, гастро-
эзофагеальді
рефлюкс,
стоматит, іштің
жоғарғы
бөлігінің
ауыруы
Қаңқа
бұлшықеттері
тарапынан
бұзылулар
Артралгия,
бұлшықеттер
мен
сүйектердің
ауыруы,
остеоартрит,
бурсит
Зерттеулер IgM
4
төмендеуі IgG
4
деңгейінің
төмендеуі
1
жиілігін есептеу клиникалық зерттеулердегі ағымдағы зертханалық мониторинг шегінде жиналған
зертханалық деректерге негізделді
2
жиілігін есептеу постмаркетингтік бақылау деректеріне негізделді
3
инфузия кезінде немесе инфузиядан кейін 24 сағат ішінде дамыған реакциялар. Сондай-ақ төмендегі
Инфузиямен байланысты реакцияларды да қараңыз. Инфузиямен байланысты реакциялар аса жоғары
сезімталдық және/немесе әсер ету механизмі салдарынан пайда болуы мүмкін.
4
ағымдағы зертханалық мониторинг шегінде жиналған бақылауларды қоса
5
өліммен аяқталуды қоса
Қайталанатын курстар
Емдеудің қайталанатын курстарында жағымсыз құбылыстар бейіні
алғашқыдағыдай. Мабтераның алғашқы инфузиясынан кейінгі жағымсыз
құбылыстардың даму жиілігі алғашқы 6 ай ішінде өте жоғары болды және
кейін азайды. Мұндайда өте жиісі алғашқы емдеу курсы кезіндегі
инфузиялық реакциялар, РА өршуі және емдеудің алғашқы 6 айы ішінде
жиі кездескен жұқпалар болды.
Инфузиялық реакциялар
Клиникалық зерттеулерде өте жиірек кездескен жағымсыз құбылыстар
инфузиямен байланысты реакциялар болды (2-кестені қараңыз). 3189
емделушінің 1135-і (36%) инфузиялық реакцияның ең болмағанда біреуін
бастан өткерген, 733 емделушіде (23%) алғашқы инфузиядан кейін
инфузиялық реакция дамыған. Инфузиямен байланысты реакциялардың
білінуі әрбір кейінгі инфузияда төмендеді. Емделушілердің 1%-дан азы
(3189-
дың 17-і) ауыр инфузиялық реакцияны бастан өткерді. Клиникалық
зерттеулерде
жағымсыз
реакциялар
критерийлерінің
жалпы
терминологиясына (СТС) сәйкес ауырлығы 4 дәрежедегі инфузиялық
реакциялар, сондай-ақ инфузиялық реакциялармен байланысты бірде-бір
өліммен аяқталу тіркелкен жоқ. CTC сәйкес ауырлығы 3 дәрежедегі
инфузиялық реакциялардың үлесі және емдеуді тоқтатуға әкелетін
инфузиялық реакциялар әрбір курс сайын азайды, және 3 курста мұндай
құбылыстар сирек болды. Глюкокортикоидтармен көктамырішілік
премедикация реакциялардың жиілігін және ауырлығын едәуір төмендетті.
Постмаркетингтік бақылауларда инфузиямен байланысты, өліммен
аяқталған ауыр реакциялар тіркелді.
РА, сондай-ақ ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі, белсенді сатыдағы
РА бар емделушілерде жеделдетілген инфузия жүргізудің қауіпсіздігіне
баға беруге жүргізілген клиникалық зерттеулерде, алғашқы жеделдетілген
инфузия кезінде немесе инфузиядан кейін 48 сағат ішінде ауыр реакциялар
жоқ болған жағдайда, кейінгі инфузия 2 сағат бойы жүргізілді. Зерттеуге
биологиялық емнің алғашқы курсы кезінде ауыр инфузиялық реакция
байқалған емделушілер енгізілген жоқ. Инфузиялық реакциялардың
жиілігі, түрі және ауырлығы бұрын препаратты қолданған кездегімен ұқсас
болды. Ауыр инфузиялық реакциялар тіркелген жоқ.
Жұқпалар
Жұқпалардың жалпы жиілігі Мабтера қабылдаған емделушілер арасында
жылына 100 емделушіге шаққанда шамамен 94-ті құрады. Жұқпалар
көбіне жеңіл және орташа дәрежедегі ауырлықта болды (көбірек жиі –
жоғарғы тыныс жолдарының және несеп шығару жолдарының
жұқпалары). Ауыр жұқпалар, сондай-ақ антибиотиктерді көктамыр ішіне
енгізуді қажет ететін жұқпалар жиілігі жылына 100 емделушіге шаққанда 4
құрады. Ауыр жұқпалар деңгейі Мабтераның көп реттік курсынан кейін
қандай да болсын елеулі жоғарылауды көрсеткен жоқ. Клиникалық
зерттеулерде Мабтера тобында және бақылау тобындағы жиілікпен ұқсас
төменгі тыныс жолдарының жұқпалары (пневмонияны қоса) тіркелді.
Аутоиммундық аурулары бар емделушілерді емдеу барысында
(ревматоидты артрит және Мабтераны қолдану көрсетілмеген
аутоиммундық аурулар (жүйелік қызыл жегі және васкулит) өліммен
аяқталған үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия жағдайлары тіркелді.
Мабтераны цитоуытты ХЕ-мен біріктіріп қабылдаған, ХЕЛ бар
емделушілерде В гепатитінің реактивациялану жағдайлары тіркелді. РА
бар емделушілер арасында В гепатитінің реактивациялануы өте сирек
байқалды.
Жүрек-қантамыр реакциялары
Жүректің ауыр оқиғалары, плацебо қабылдаған емделушілер арасында
жылына 100 емделушіге 1,3 жиілікпен салыстырғанда, Мабтера
қабылдаған емделушілер арасында жылына 100 емделушіге 1,3 жиілікпен
тіркелді. Кардиологиялық оқиғаларды (кез келген дәрежедегі немесе ауыр)
бастан өткерген емделушілердің үлесі емнің кейінгі курстарында көбейген
жоқ.
Неврологиялық бұзылулар
Мидың артқы бөлімдері зақымданған қайтымды энцефалопатия
синдромының (PRES) / мидың артқы бөлімдері зақымданған қайтымды
лейкоэнцефалопатия синдромының (PRLS) даму жағдайлары тіркелді.
Симптоматика артериялық қысымның жоғарылауымен немесе онсыз
көрудің бұзылуын, бас ауруды, құрысуларды және психикалық
бұзылуларды қамтыды. PRES/PRLS диагнозын бас миды көзбен көру
жәрдемімен растауға болады. Сипатталған жағдайларда емделушілерде
негізгі ауру, артериялық қысымның жоғарылауы, иммуносупрессивті ем
және/немесе химиялық ем сияқты PRES/PRLS даму қаупінің факторлары
болды.
Нейтропения
Нейтропенияның даму жағлдайлары тіркелді, олардың көбісі транзиторлы
сипатқа ие болды, ал ауырлық дәрежесі бойынша орташа және жеңіл
болды. Нейтропения Мабтераны қабылдағаннан кейін бірнеше айдан соң
дамуы мүмкін.
Клиникалық зерттеулердің плацебо-бақыланатын кезеңінде Мабтера
қабылдаған емделушілердің 0,94%-да (1382-ден 13) және плацебо
қабылдаған емделушілердің 0,27%-да (731-ден 2) ауыр нейтропения
дамыды.
Ауыр кеш түрін және тұрақты түрін қоса, нейтропения жағдайлары
постмаркетингтік кезеңде сирек білінді. Олардың кейбіреулері өліммен
аяқталумен байланысты болды.
Зертханалық көрсеткіштер
РА емделушілерде жұқпаның жалпы жиілігінің немесе ауыр жұқпалар
жиілігінің артуымен қатар жүрмейтін гипогаммаглобулинемия (IgG және
IgM
иммуноглобулиндер концентрацияларының төменгі қалып шегінен
төмендеуі) байқалды.
Мабтера
қабылдау,
кейбір
жағдайларда
ауыр
және
иммуноглобулиндермен орын алмастыратын емді қажет ететін кейбір
жағдайлар аясында балаларда гипогаммаглобулинемияның дамуы жөнінде
кездейсоқ мәлімдемелер, сондай-ақ әдебиетте сипатталған жағдайлар да
бар. Балаларда ұзақ В-жасушалық таусылу зардаптары белгісіз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың белсенді затына немесе кез келген басқа компонентіне,
сондай-ақ тышқан текті протеиндерге аса жоғары сезімталдық
-
жедел жұқпалы үдерістердің болуы
-
иммунитеті әлсіреген емделушілер
-
жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс)
немесе ревматоидты артрит аясында жүректің бақыланбайтын ауыр
сырқаттары
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Мабтераның дәрілік өзара әрекеттесуі жөніндегі деректер қазіргі таңда
шектеулі.
СЛЛ бар емделушілерде Мабтераны біріктіріп қолдану флударабиннің
немесе циклофосфамидтің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.
Бұдан басқа, флударабин және циклофосфамид Мабтераның
фармакокинетикасына елеулі әсерін тигізбейді.
Метотрексатты бір мезгілде қабылдау ревматоидты артриті бар
емделушілерде Мабтераның фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.
Диагностикалық немесе емдік мақсатта басқа моноклональді
антиденелермен бірге тағайындағанда тышқан ақуыздарына қарсы
антиденелері немесе антихимерлі антиденелері бар емделушілерде
аллергиялық реакциялар немесе аса жоғары сезімталдық реакциялары
дамуы мүмкін.
Ревматоидты артриті бар емделушілерде Мабтера препаратымен емдеу
кезінде ауыр жұқпалар (қабынуға қарсы биологиялық базисті
препараттармен (ҚҚБП) емдеуге дейін) жиілігі жылына 100 емделушіге
шаққанда 6.01 құрайды, әрі қарай басқа ҚҚБП емдеу кезінде – жылына
100
емделушіге шаққанда 4.97.
Айрықша нұсқаулар
Емделушінің медициналық құжатында препараттың (Мабтера) саудалық
атауын көрсеткен жөн. Препаратты қандай да болсын басқа биологиялық
препаратқа алмастыру үшін емдеуші дәрігердің келісімі қажет. Осы
нұсқаулықта берілген ақпарат тек Мабтера препаратына қатысты.
Үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия (ҮКЛ)
Емделушілерге Мабтераны қабылдау аясында ҮКЛ-ді қоса, жұқпалардың
даму қаупі жөнінде алдын ала ескертілуі тиіс.
Мабтераны қолданғаннан кейін өліммен аяқталатын жекелеген ҮКЛ
жағдайлары жөнінде өте сирек мәлімдемелер бар. Жаңа жағымсыз
құбылыстардың пайда болуы немесе ҮКЛ белгілері болып табылатын
бұрыннан бар неврологиялық симптомдардың күшеюі тұрғысынан
емделушілерді үнемі бақылап отыру қажет. ҮКЛ дамуына күдіктенгенде
препаратты қабылдауды ҮКЛ толық қайтқанша тоқтата тұру қажет.
Емдеуші дәрігер симптомдардың неврологиялық бұзылулармен
байланысына, егер мұндай байқалса, ҮКЛ-ге қатысына баға беруі тиіс.
Невропатологтан кеңес алу қажеттілігін қарастырған жөн.
Қандай да болсын күмән болған жағдайда магниттік резонансты
томография (ең қолайлысы контрастпен) жәрдемімен сканирлеуді, жұлын-
ми сұйықтығында вирустық ДНҚ-ның (Джон Каннингем вирусы) бар-
жоқтығын тексеруді және қайталап неврологиялық баға беруді қоса, әрі
қарай зерттеу жүргізу қажеттігін қарастыру керек.
Емделуші
кейбір
симптомдарды
(когнитивтік,
неврологиялық,
психикалық) әрдайым байқай бермейтін болғандықтан, емдеуші дәрігер
ҮКЛ-ге тән симптомдарды ерекше тиянақтылықпен бақылауы тиіс.
Емделуші өзінің емделіп жүргенін жақындарына немесе күтуші адамға
алдын ала ескерткені жөн, өйткені оның өзі өздігінен бақылап отыруға
қабілеті әрдайым бола бермейтін симптомдарды олар байқауы мүмкін.
ҮКЛ дамыған кезде препаратты енгізу үзілді-кесілді тоқтатылуы тиіс.
ҮКЛ бар емделушілерде иммунитетті қалпына келтіргеннен кейін
нәтижесінің тұрақтану немесе жақсару жағдайлары байқалды. Бұрын ҮКЛ
табылуының және Мабтерамен емдеуді тоқтатудың ауру нәтижесінің
тұрақтануына немесе жақсаруына әкелетін-әкелмейтіні белгісіз болып
отыр.
Ходжкиндік емес лимфома және созылмалы лимфолейкоз
Инфузиялық реакциялар
Мабтераны енгізген кезде дамитын инфузиялық реакциялар цитокиндердің
және/немесе басқа да медиаторлардың босап шығу синдромымен
байланысты болуы мүмкін. Цитокиндердің босап шығу синдромының
клиникалық
көріністері
аса
жоғары
сезімталдықтың
жедел
реакцияларымен өте ұқсас болуы мүмкін.
Цитокиндердің босап шығу синдромын, ісіктердің лизисі синдромын,
анафилактикалық реакцияны және аса жоғары сезімталдық реакциясын
қамтитын реакциялар жиынтығы төменде сипатталған.
Постмаркетингтік кезеңде алғашқы инфузиядан кейін 30 минут - 2
сағаттан соң дамитын ауыр инфузиялық реакциялардың болу жағдайлары
сипатталды. Жағдайлар тыныс алу жүйесі тарапынан болатын
симптомдармен сипатталды және, бірқатар жағдайларда, қызбадан,
қалтыраудан, гипотензиядан, есекжемнен, ангионевротикалық ісінуден
және басқа да симптомдардан өзге, ісіктің тез лизисін және ісік лизисі
синдромының белгілерін қамтыды.
Цитокиндердің босап шығуының ауыр синдромы қалтыраумен, қызбамен,
дірілмен, есекжеммен және ангионевротикалық ісінумен біріккен
гипоксиямен және бронхтың түйілуімен жиі қатар жүретін тыныс алудың
қиындауымен сипатталады. Бұл синдром гиперурикемия, гиперкалиемия,
гипокальциемия, гиперфосфатемия, бүйрек функциясының жедел
жеткіліксіздігі, лактатдегидрогеназа (ЛДГ) деңгейінің жоғарылауы сияқты
ісік лизисі синдромының кейбір симптомдарымен байланысты болуы
мүмкін және тыныс алу функциясының жедел жеткіліксіздігін тудыруы
және өлімге ұшыратуы мүмкін. Тыныс алу функциясының жедел
жеткіліксіздігі кеуде қуысындағы ағзалардың рентгенографиясында көзбен
көрінетін интерстициальді ісінумен немесе өкпенің интерстициальді
ауруымен қатар жүруі мүмкін. Синдром алғашқы инфузиядан кейін бір
немесе екі сағат ішінде жиі дамиды. Өкпе функциясының жеткіліксіздігі
немесе өкпесінде ісік үдерісі бар емделушілер нәтиженің жағымсыз
болуының жоғары қаупіне ұшырайды және өте мұқият бақылауды керек
етеді.
Цитокиндердің босап шығу синдромының көріністерінде препаратты
енгізуді кідіртпей тоқтатқан және қарқынды симптоматикалық ем
тағайындаған жөн. Клиникалық симптомдардың алғашқы басылуы
жағдайдың нашарлауымен алмасуы мүмкін болғандықтан, мұндай
емделушілер ісік лизисі синдромының және өкпе инфильтратының бар-
жоқтығы анықталғанша қатаң бақылауда болуы тиіс. Белгілер мен
симптомдар толық жоғалғаннан кейін емделушілерді әрі қарай емдеу
цитокиндердің босап шығуының жедел синдромының қайталануын сирек
тудырады.
ҮКЛ бар емделушілер сияқты, қарқынды дамыған ісігі бар немесе
айналымдағы қатерлі жасушалар саны жоғары (≥25 x 10
9
/л) емделушілер
цитокиндердің босап шығуының ауыр синдромының даму қаупі жоғары
топта болады, сондықтан оларды емдеуді аса сақтықпен жүргізген жөн.
Алғашқы инфузияда мұндай емделушілерді бақылауды тиянақты жүргізу
керек. Алғашқы цикл кезінде және, егер лимфоциттер саны >25 x 10
9
/л
күйінде қалса, кейінгі барлық циклдер кезінде алғашқы инфузия
жылдамдығын төмендету немесе оны 2 күн ішінде 2 дозаға бөлу жөніндегі
шешімді қарастырған жөн.
Барлық түрлердің жағымсыз инфузиялық реакциялары (емделушілердің
10%-
да гипотониямен және бронхтың түйілуімен қатар жүретін,
цитокиндердің босап шығу синдромын қоса) емделушілердің 77%-да
байқалды. Бұл симптомдар әдетте препаратты енгізуді және ыстықты
түсіретін, антигистаминдік дәрілерді және, бірқатар жағдайларда, оттегіні,
көктамыр ішіне физиологиялық ерітіндіні және, көрсетілімдері болса,
глюкокортикоидтарды қолдануды тоқтатқан жағдайда қайтымды.
Ақуыз препараттарын көктамыр ішіне енгізгеннен кейін емделушілерде
анафилаксия және басқа аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалды.
Цитокиндердің босап шығу синдромынан айырмашылығы, аса жоғары
сезімталдықтың нағыз реакциялары, әдеттегідей, инфузия басталғаннан
кейін бірнеше минут ішінде байқалады. Мабтера препаратымен инфузия
жүргізген кезде жоғары сезімталдық реакцияларын басуға арналған барлық
препараттар (эпинефрин (адреналин), антигистаминдік препараттар,
глюкокортикоидтар) қолда болуы қажет. Анафилаксияның клиникалық
көріністері жоғарыда сипатталған цитокиндердің босап шығу
синдромының клиникалық көріністерімен ұқсас болуы мүмкін. Аса
жоғары сезімталдықтан туындаған реакциялар, цитокиндердің босап шығу
синдромымен байланысты реакцияларға қарағанда, сирек байқалады.
Сондай-ақ
басқа
реакциялар
арасында:
миокард
инфарктісі,
жыпылықтағыш аритмия, өкпелердің ісінуі, жедел қайтымды
тромбоцитопения байқалды.
Мабтераны енгізген кезде гипотония дамуы мүмкін болғандықтан,
инфузияға дейін 12 сағаттан кешіктірмей гипертензияға қарсы препаратты
қабылдау мүмкіндігін қарастырған жөн.
Кардиологиялық бұзылыстар
Емделушілерде емделу кезінде стенокардия, жүрек аритмиялары,
(
жүрекшелердің дірілі және фибрилляциясы), жүрек функциясының
жеткіліксіздігі және/немесе миокард инфарктісі байқалды. Сондықтан
жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы бар және/немесе кардиоуыттық
ХЕ өтіп жүрген емделушілер мұқият бақылауда болуы тиіс.
Гематологиялық уыттылық
Монотерапияда Мабтера үшін миелосупрессия тән еместігіне қарамастан,
қандағы нейтрофилдер саны <1,5 x 10
9
/л және/немесе тромбоциттер саны
<75 x 10
9
/л болатын емделушілерді емдегенде аса сақтық танытқан жөн,
өйткені мұндай емделушілерді клиникалық емдеу тәжірибесі шектеулі.
Емдеу кезінде нейтрофилдер мен тромбоциттер саны есептелетін толық
қан талдауын жүйелі түрде жүргізген жөн.
Жұқпалар
Мабтерамен емдеу кезінде ауыр, соның ішінде өліммен аяқталатын
жұқпалар дамуы мүмкін. Препарат жедел және ауыр жұқпалары (мысалы,
туберкулез, сепсис, оппортунистік жұқпалар) бар емделушілерге
енгізілмеуі тиіс.
Мабтераны сыртартқысында қайталанған немесе созылмалы жұқпалы
үдерістері бар емделушілерге немесе, емделушіде ауыр жұқпалы үдерістің
дамуына түрткі болатын патологиясы бар емделушілерге тағайындағанда
сақтық танытқан жөн.
Мабтераны қолданған кезде фульминантты түрін қоса, өліммен аяқталатын
В гепатитінің реактивациялану жағдайлары байқалды. Осындай
емделушілердің көбісі сондай-ақ цитоуытты ХЕ-ден өтті. СЛЛ қайталап
емделген/емдеуге келмейтін емделушілердің қатысуымен жүргізілген
зерттеулердің бірінің шектеулі деректері Мабтерамен емдеу В гепатитінің
алғашқы жұқпасының нәтижесін нашарлатуы мүмкін деп болжам жасауға
мүмкіндік береді. Мабтераны тағайындар алдында В гепатиті вирусын
(ВГВ) жұқтыру қаупі бар барлық емделушілер ВГВ-ге скринингтен өтуі
тиіс. Зерттеуге, ең кемінде, HBsAg және HBcAb маркерлері қамтылуы тиіс.
Сондай-ақ жергілікті нұсқауларға сай басқа да маркерлер енгізілуі мүкін.
Белсенді сатыдағы гепатиті бар емделушілерге Мабтера инфузиясын
жүргізбеген жөн. В гепатитінде (HBsAg немесе HBcAb) серологиялық
зерттеулер нәтижелері оң болған емделушілер емдеуді бастар алдында
гепатологтан
кеңес
алуы
тиіс,
сондай-ақ
В
гепатитінің
реактивациялануына жол бермеу үшін жергілікті медициналық
стандарттарға сай күтімге және бақылауға алынуы тиіс.
ХЕЛ мен СЛЛ кезінде Мабтераның қолданғаннан кейін үдемелі көп
ошақты лейкоэнцефалопатияның (ҮКЛ) өте сирек жағдайлары байқалды.
Емделушілердің көбі Мабтераны ХЕ-мен немесе иммуносупрессиялық
еммен біріктіріп қабылдады.
Иммунизация
Мабтера препаратымен емдеуден кейін тірі вирустық вакциналармен
иммунизация жасаудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ. Тірі
вирустық вакциналармен вакцинация жасауға болмайды. Белсенділігі
жойылған вакциналармен вакцинация жасалуы мүмкін, алайда жауап беру
жиілігі төмендеуі мүмкін. Рандомизирленбеген зерттеуде қатерлілік
дәрежесі төмен, қайталанатын ХЕЛ бар емделушілерде, Мабтера
қабылдамаған дені сау емделушілермен салыстырғанда, Мабтерамен
монотерапияда
сіреспелік
анатоксинді
және
КНL-неоантигенді
(
фиссурелия моллюскасының КНL-гемоцианині) енгізуге жауап жиілігінің
төмендеуі (сәйкесінше, 81%-бен салыстырғанда 16% және 76%-бен
салыстырғанда 4% (баға беру критерийлері – антиденелер титрінің 2
еседен астамға жоғарылауы) байқалды. СЛЛ бар емделушілерде осы екі
аурудың ұқсас болғандықтан, ұқсас нәтиже алынады деп болжам
жасалады, алайда арнайы клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Антигендер (Streptococcus pneumoniae, influenza А, паротит, қызамық,
желшешек) жиынтығына антиденелер титрінің орташа мәні Мабтера
препаратымен емдеуден кейінгі ең кемінде 6 ай ішінде (емдеуге дейінгі
титрмен салыстырғанда) өзгерген жоқ.
Тері реакциялары
Уытты эпидермальді некролиз және Стивенс-Джонсон синдромы сияқты
ауыр тері реакцияларының даму, бірқатар жағдайларда өліммен аяқталу
жағдайлары тіркелді. Осындай реакциялар дамыған кезде Мабтера
препаратын қолдануды тоқтатқан жөн.
Ревматоидты артрит
Бұрын метотрексат қабылдамаған, ревматоидты артриті бар
емделушілер
Пайда/қаупінің жағымды арақатынасы жөнінде деректердің жоқ болуына
байланысты,
препаратты
бұрын
метотрексат
қапбылдамаған
емделушілерге тағайындамау керек.
Инфузиямен байланысты реакциялар
Инфузиялық реакциялардың дамуы цитокиндердің және/немесе басқа
медиаторлардың босап шығуымен жүзеге асырылуы мүмкін. Мабтера
препаратымен әрбір инфузия алдында анальгетикпен/антипиретикпен және
антигистаминдік препаратпен премедикация жүргізу қажет. Бұдан басқа,
Мабтера препаратымен әрбір инфузия алдында ревматоидты артриті бар
емделушілер инфузиялық реакциялардың жиілігін және ауырлығын азайту
үшін премедикацию глюкокортикостероидтармен премедикация алуы тиіс.
Постмаркетингтік кезеңде өліммен аяқталатын ауыр инфузиялық
реакциялар тіркелді. Көптеген жағдайларда ревматоидты артриті бар
науқастарда инфузиялық реакциялар жеңіл немесе орташа дәрежедегі
ауырлықта болды. Бас ауыру, қышыну, тамақтың жыбырлау сезімі,
ысынулар, бөртпелер, есекжем, артериялық қысымның жоғарылауы және
қызбалар түріндегі аллергиялық реакциялар байқалды. Инфузиялық
реакциялар кез келген емдеу курсының алғашқы инфузиясынан кейін,
екінші инфузиядан кейінгіге қарағанда, жиі байқалды. Инфузиялық
реакциялардың даму жиілігі кейінгі емдеу курстарымен азаяды. Байқалған
инфузиялық реакциялар әдетте инфузияны және антипиретикалық,
антигистаминдік дәрілермен және кейде оттегімен дәрі-дәрмектік емдеуді,
натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін, бронходилататорларды
және қажет болғанда глюкокортикостероидтарды көктамыр ішіне енгізуді
баяулатудан немесе тоқтатудан кейін қайтымды болды. Жүрек-қантамыр
жүйесінің бұрын анықталған аурулары бар емделушілерді, сондай-ақ
жүрек және өкпе тарапынан жағымсыз реакциялар байқалғандарды мұқият
бақылау қажет. Инфузиялық реакциялардың ауырлығына және қажетті
емге байланысты, препарат енгізуді уақытша тоқтата тұрған немесе
тоқтатқан жөн. Көптеген жағдайларда симптоматикасы толық жоғалғаннан
кейін инфузияны бұрынғының 50%-ын құрайтын жылдамдықпен (мысалы,
сағатына 100 мг орнына сағатына 50 мг) қайта бастауға болады.
Инфузия жүргізу кезінде аса жоғары сезімталдық реакциялар дамыған
жағдайда
медициналық
препараттар
(эпинефрин
(адреналин),
антигистаминді дәрілер және глюкокортикоидтар) қолжетімді болуы
қажет.
Жүрек функциясының орташа жеткіліксіздігі (NYHA классификациясы
бойынша ІІІ класс) немесе бақыланбайтын ауыр жүрек-қантамыр аурулары
бар емделушілерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі жөнінде деректер
жоқ. Мабтера қабылдаған емделушілердің белгілі бір бөлігінде бұрыннан
бар ишемияның клиникалық көріністері, сондай-ақ жүрекшелердің дірілі
және фибрилляциясы байқалды. Сондықтан сыртартқысында жүрек
патологиясы бар емделушілерді, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі
тарапынан жағымсыз реакцияларды бастан өткерген емделушілерде
емдеуді бастамас бұрын жүрек-қантамыр асқынуларын қаупін ескерген
және инфузия кезінде оларға мұқият бақылау жүргізген жөн.
Гипотензия дамуы мүмкін болғандықтан, гипертензияға қарсы дәрілік
заттарды Мабтера препараты инфузиясынан кем дегенде 12 сағат бұрын
тоқтатқан жөн.
Кардиологиялық бұзылыстар
Емделушілерде стенокардия, жүрек аритмиялары (жүрекшелердің
жыпылықтауы
және
фибрилляциясы),
жүрек
функциясының
жеткіліксіздігі және/немесе миокард инфарктісі байқалды. Осыған
байланысты, сыртартқысында жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар
емделушілер мұқият бақылауда болуы тиіс.
Жұқпалар
Мабтера препаратының әсер ету механизмін және қалыпты иммундық
жауапты демеу үшін В-жасушаның маңыздылығын ескерсек, емделушілер
жұқпалы үдерістер дамуының жоғары қаупіне ұшырайды. Емдеу кезеңінде
ауыр жұқпалар дамуы, соның ішінде өліммен аяқталуы мүмкін.
Препаратты жедел және ауыр жұқпалы үдерістері (мысалы, туберкулез,
сепсис, оппортунистік жұқпалар) бар емделушілерге немесе иммунитеттің
ауыр бұзылулары (CD4 және CD8 деңгейі төмен) емделушілерге
тағайындамаған жөн. Сыртартқысында қайталанатын немесе созылмалы
жұқпалы аурулары бар емделушілерге немесе патологиялары бар
емделушілерге тағайындағанда сақтық танытқан жөн, олар емделушіде
гипогаммаглобулинемия сияқты ауыр жұқпалардың дамуына түрткі болуы
мүмкін. Емдеуді бастар алдында иммуноглобулин деңгейін анықтау керек.
Жұқпалы асқынулардың белгілері және симптомдары бар емделушілерді
кідіртпей тексеру және тиісті ем тағайындау қажет. Мабтера
препаратының курсын қайталап тағайындар алдында, емделушілер жұқпа
жұқтыру қаупінің бар-жоқтығын анықтау мақсатында тексерілуі тиіс.
Ревматоидты артриті және, жүйелік қызыл жегіні және васкулитті қоса,
аутоиммундық аурулары бар емделушілерде Мабтераны қолданғаннан
кейін үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатияның (ҮКЛ) өте сирек
жағдайлары тіркелді.
В гепатиті
Мабтера препаратымен ем қабылдап жүрген, ревматоидты артриті бар
емделушілерде, өлімді қоса, В гепатитінің реактивациялану жағдайлары
тіркелді. Препаратты тағайындау алдында барлық емделушілер В
гепатитіне скрингтен өткені жөн. Тестілердің ең төмен жинағына HBsAg
және HBсAb анықтау қамтылуы тиіс, тестілер тізімі жергілікті нұсқауларға
сай толықтырылуы мүмкін. В гепатиті белсенді емделушілерде Мабтера
препаратын қолданбаған жөн. В гепатитінің оң серологиялық маркерлері
бар емделушілер Мабтера препаратын қолданар алдында дәрігер-
гепатологтен кеңес алғаны жөн; осындай емделушілерге қатысты тиісті
мониторинг жүргізу және В гепатиті вирусы реактивациялануының алдын
алу жөнінде жергілікті стандарттарға сәйкес шаралар қолдану қажет.
Кейін болған нейтропения
Мабтераның әрбір курсы алдында, сондай-ақ емдеуді аяқтағаннан кейін 6
ай кезең ішінде жүйелі түрде және жұқпалы асқынулардың даму белгілері
пайда болған кезде қандағы нейтрофилдердің абсолютті санын анықтау
қажет.
Тері реакциялары
Уытты эпидермальді некролиз және Стивенс-Джонсон синдромы сияқты
ауыр тері реакцияларының даму, бірқатар жағдайларда өліммен аяқталу
жағдайлары тіркелді. Осындай реакциялар дамыған кезде препаратты
қолдануды тоқтатқан жөн.
Иммунизация
Препаратты қолданар алдында емделушінің вакцинальді статусын
зерттеген және вакцинация бойынша тиісті нұсқауларға сай әрекет еткен
жөн. Вакцинацияны Мабтера препаратымен емдеуді тағайындаудан кем
дегенде 4 апта бұрын аяқтаған жөн.
Мабтера препаратымен емдеуден кейін тірі вирустық вакциналармен
иммунизация жасаудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ. Емдеу
кезінде немесе шеткергі В жасушалар саны төмендеген кезде тірі вирустық
вакциналармен вакцинация жасауға болмайды.
Белсенділігі жойылған вакциналармен вакцинация жасалуы мүмкін, алайда
жауап беру жиілігі төмендеуі мүмкін. Мабтерамен және метотрексатпен 6
ай емдегеннен кейін, метотрексатпен монотерапиямен салыстырғанда,
полисахаридтік пневмококктік вакцинаны енгізуге (82%-ға қарағанда 43%,
пневмококке антиденелердің ең кемінде 2 серотипі ретінде), КНL-
неоантигенді (КНL – фиссурелия моллюскасының гемоцианині) (93%-ға
қарағанда 47%) енгізуге жауап беру жиілігінің төмендеуі байқалды.
Мабтера препаратымен және метотрексатпен емдеуден кейін сіреспелік
анатоксинді енгізуге жауап беру жиілігі метотрексатпен монотерапиядан
кейінгі осындаймен ұқсас болды (42%-ға қарағанда 39%). Қажет болған
жағдайда белсенділігі жойылған вакциналармен вакцинация емдеу курсын
қайталаудан кем дегенде 4 апта бұрын аяқталуы тиіс.
Ревматоидты артриті бар және Streptococcus pneumonia, influenza A,
паротитке, қызамыққа, желшешекке және сіреспелік уытқа антидене тирті
оң болған емделушілер саны Мабтера препаратымен емдеуге дейін және
емдеу басталғаннан кейін 1 жылдан соң да өзгерген жоқ.
Біріктірілген ем / Әрі қарай ревматоидты артритті (DMARD) емдеуге
арналған басқа базисті препараттарды тағайындау
Мабтера препаратын және ревматоидты артритте қолдану үшін
көрсетілімдері бар ревматизмге қарсы басқа препараттарды біріктіріп
емдеуге ұсыныс жасалмайды.
Мабтера препаратымен емдеуден кейін әрі қарай басқа DMARD
препараттарды (ісік некрозы TNF факторын бөгейтін препараттарды және
басқа да биологиялық препараттарды қоса) қолданудың қауіпсіздігіне
толық баға беру үшін клиникалық сынақ деректері шектеулі. Қолда бар
деректер жұқпалы асқынулардың деңгейі Мабтера қабылдаған
емделушілерге DMARD-ем тағайындағанда өзгермеген күйінде
қалатындығын айғақтайды. Дегенмен, емделушілер, егер Мабтерамен
емдеуден кейін биологиялық ем және/немесе DMARD тағайындалса,
жұқпа белгілерінің бар-жоқтығын мұқият бақылауды қажет етеді.
Малигнизация
Иммунитетті модульдейтін препараттар малигнизация қаупін арттыра
алады. Ревматоидты артриті бар емделушілерде Мабтераны қолданудың
шектеулі тәжірибесінің негізінде алынған қолда бар деректер
малигнизацияның жоғары қаупінің жоқ екендігіне болжам жасауға
мүмкіндік береді. Дегенмен, осы сәтте ауқымды ісіктердің даму қаупін
жоққа шығаруға болмайды.
Жүктілік және бала емізу
IgG класының иммуноглобулиндері плаценталы бөгет арқылы өтеді.
Жүктілік кезінде Мабтераны қабылдаған аналардан жаңа туылған
нәрестелерде В-жасушалары пулының азаю және лимфоцитопения
жағдайларының болғаны мәлімделген. Сондықтан емдеудің пайдасы
ықтимал қаупінен басым болмаса, Мабтераны жүкті әйелдерге
тағайындамаған жөн. Бала өрбіте алатын жастағы әйелдер және еркектер
Мабтерамен емделу кезінде және оны аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде
контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы тиіс.
Ритуксимабтың ана сүтімен бірге бөлінетін-бөлінбейтіні белгісіз. Алайда
анасының қанында айналатын IgG класының иммуноглобулиндері ана
сүтіне өтетіндігін ескеріп, бала емізетін әйелдерге Мабтераны
тағайындамаған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару
қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Мабтераның автомобильді және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне
ықпалын тигізуіне зерттеулер жүргізілген жоқ, фармакологиялық
белсенділігі және осы уақытқа дейін жағымсыз әсерлер жайлы жиналған
есептер осындай әсерлердің болуы мүмкін екендігін көрсетпейді. Мұндай
қызмет түрлерімен шұғылданғанда жағымсыз реакциялардың пайда болуы
мүмкін екендігін ескерген жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары белгісіз. Алайда емдік дозадан жоғары доза енгізілгенде
препарат инфузиясын тез арада тоқтату немесе баяулату және науқастың
жағдайын тиянақты бақылау керек. Кейін қанның жасушалық құрамын
тексеру керек және, В-лимфоциттер мөлшері төмендейтін болғандықтан,
жұқпалы аурулардың пайда болу қаупін ескеру қажет.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Фторполимермен ламинацияланған бутилкаучуктен жасалған тығынмен
тығындалған және алюминий қалпақшамен қаусырылып, пластмасса
қақпақпен жабылған шыны (1 типті гидролитикалық шыны ЕФ) құтыда
препарат 100 мг/10 мл-ден немесе 500 мг/50 мл-ден.
100 мг/10 мл-лік 2 құты немесе 500 мг/50 мл-лік 1 құты медицинада
қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен
бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамада 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2,5
жыл
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға
болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Рош Диагностикс ГмбХ, Германия
Sandhofer Strasse 116, D-68305 Mannheim, Germany
Қаптаушы
Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд., Швейцария
Тіркеу куәлігінің иесі
Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд., Швейцария
Тұтынушылардан тауар сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан
Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Рош Қазақстан» ЖШС
050000,
Алматы қ-сы, Қонаев к-сі, 77
«Park View Office Tower»
бизнес орталығы, 15-қабат
Тел.: + 7 (727) 321 24 24
Факс: + 7 (727) 321 24 25
e-mail:
kz.safety@roche.com
,
kz.quality@roche.com
75>
Достарыңызбен бөлісу: |