«Тағам технологиялары» факультеті «Тағамдық биотехнология» кафедрасы
«Ғылыми зерттеу негіздері» пәні
Автор: а.ш.ғ.к., қауым.профессор Каташева А.Ч.
Дәріс № 2. Ғылыми бағыт, ғылыми мәселе және ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау Дәрістің мақсаты: Зерттеу әдістерімен таныстырып, оларды іріктеп алу кезеңін ұйымдастыру мен сүйенетін принциптерін көрсету.
Дәрістің жоспары:
Қазіргі заманғы ғылым – еңбек іс- әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. Ғылым іс – әрекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептеледі. Қазіргі зерттеуші — ғалымның алдында кез келген ғылыми мәселені шешетін дұрыс бапты анықтау міндеті тұр. Мұндай бапты беталды іздеу көп уақыт пен күшті талап етеді, бұның өзі де көбінесе дұрыс шешімге әкелмейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта дұрыс сұрақты қоя білу, оған жауапты анықтау қажеттілігімен ғана шектелмей, ғылыми еңбектің жемісін пайдалану нәтижелерін көре білу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.
Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: Философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылымдылық. Бұлардың арасында айқын шекара жоқ, себебі олар бір – бірін алмастырып, толықтырып жатады. Философия әдіснама ретінде зерттеушіні табиғат, қоғам, сана дамуының жалпы заңдарын білуімен, әлемнің біртұтастығын қамтуымен, зерделенген мәселені басқалардың ішінен орны мен байланысын анықтаумен қаруландырады. Ғылыми әдіснаманың ең бір басты бөлігі – салада жаңалық ашу. Ғылыми әдіснаманың бірінші және ең нағыз талаптарының бірі – кәсіби білім деңгейін үнемі және жоспарлы түрде арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін, мектеп қабырғасынан бастап ғылыми пәндерден өз біліктілігін көтеріп, жан – жақты білімді тұлға болуға ұмтылу.
Философия әдіснамасының басты маңызды бөлігі болып саналады. Философия қағидаларын білу адамның ой- өрісін байытады. Философия біздің бүкіл өмірімізден өтеді, себебі қандай іс – әрекеттпен айналысса да ол бұрынғы ата – баба тәжірибесінен қалған немесе айналадағы ортадан алған, өзі қорытындылаған жалпы ұғымдарға, ортақ түсініктер мен ерекше атауларға сүйенеді. Философияның негізгі заңдарын, білімін елемеу жалған ғылыми теориялардың батпағына батырады, нәтижесінде ғылыми қағидалар таза ғылыми іс – әрекеттен алшақ тұрған көзбояушылық қорытындылар және теориялармен алмастырылады.
Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді. Аналитикалық ғылымбелгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу.Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі – ақ қамти алады. Сондықтан теория ғылымы көп жағдайда дара тұлғалардың үлесінде болады, ондай ғалым жеке өзі –ақ айтарлықтай нәтижеге жете алады.
Өнертапқыштық іс-әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай экономикалық критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселелері қойылмайды.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс- жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында «бұл кімге қажет?» деген сұрақтар қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте – бірте зерттеудің іргелі түріне айналады. Ал керісінше іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым теориялық немесе эмприкалық (тәжірибе) сипат алады.