Дәріс № Карбендер. Карбендерді алу әдістері. Карбендердің химиялық реакциялары



бет1/2
Дата25.09.2022
өлшемі46,24 Kb.
#40128
  1   2
Байланысты:
Лекция 4

Дәріс № 3. Карбендер. Карбендерді алу әдістері. Карбендердің химиялық реакциялары.

Дәрістің мақсаты: карбендер, олардың электрондық және геометриялық құрылысы бойынша жалпы мәліметтерді түсіндіру және бағалау, карбендердің химиялық реакциялды жазу қабілеттерін қалыптастыру.




Карбендер деп көміртегінің орталық атомы екі топпен ғана ковалентті байланысқан, ал байланыспаған екі электроны электрбейтараптығын сақтайтын бейтарап, реакцияға түсуге қабілетті бөлшектерді айтады. Карбендер – қанықпаған зарядталмаған бөлшектер, құрамындағы орталық көміртек атомының сыртқы электрондық қабатында алты электрон болады Жалпы формуласы R2C:, карбенді көміртек атомының екі байланыспаған р- және -орбитальдары бар. Карбендер өте белсенді және реакцияға жылдам түседі, олардың өмір сүру уақыты 10-3-10-6 с.
Карбендердің электрондық және геометриялық құрылысы
Карбендердегі көміртек атомының байланыспаған екі электронының спиндерінің бағытына байланысты карбен синглетті (лат. “singularis” – антипараллель спиндері бар) немесе триплетті (лат. “triplex” – параллель спиндері бар) күйде бола алады:
СН2 СН2
синглет триплет
Синглетті метиленде көміртек атомы sp2-типке жақын гибридтенуде болады: екі гибридті атомдық орбитальдар көміртектің сутегі атомдарымен байланысын түзеді, бір гибридті орбитальдың электрон жұбы бар (антипараллель спинді екі электрон), ал р-орбиталь бос. Триплетті метиленнің екі конфигурациясы бар: сызықты және қисайған. Сызықты конфигурацияда көміртек атомы sp-гибридтенген, екі гибридті атомдық орбитальдар сутек атомдарымен байланысқа түзеді (ацетилен молекуласындағыдай), ал параллель спинді екі электрон әртүрлі р-орбитальда болады. 2-конфигурациясында көміртек атомы sp- және sp2-типтердің арасындағы гибридтенуде болады. Бұл жерде екі гибридті атомдық орбитальдар көміртегінің сутегі атомдармен байланысын береді, бір электрон гибридті атомдық орбитальда, екіншісі р-орбитальда болады. Синглетті және триплетті метилен мен синглетті дихлоркарбеннің валенттік бұрыштарының мәндері төменде көрсетілген:

метилен метилен дихлоркарбен
(синглет) (триплет) (синглет)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет