Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет5/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#82917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Д ріс № Конструкторлы материалдар ж не оны жіктелуі. Материалд

Құйма металдың құрылымы
Барынша көп тоңазыту шарттарында кристалдану қабықты аймақта жүреді. Кристалдану жылдамдығы кристалдану орталықтарының көп болуымен анықталады. Ұсақ түйірлі құрылым құрылады. Қабықты аумақ астында сүйық металл аз тоңазыту шарттарында орналасады. Орталықтардың саны шектеліп, кристалдану процесі олардың үлкен өлшемге дейін қарқынды өсуі арқылы іске асады Екінші аймақта кристалдардың өсуі бағытталған сипатта болады. Олар қалыптың қабырғаларына перпендикуляр өсіп ағаш тәрізді кристалдарды құрайды. Олар дендриттер деп аталады. Дендриттер жылу шығу бағытына жақын бағытта өседі.
Құйма үш аймақтан түрады:
1. Үсақ кристалды қабықты аймақ;
2. Бағана тәрізді кристалдар аймағы;
3. Ірі тең ості кристалдардың ішкі аймағы.



4 - сурет. Құйма болат нобайы





5 - сурет. Д.К. Черновтың дендрит нобайы

Кристалданбаған металдардан жылу шығуы құманың ортасында әртүрлі бағыттарда теңеседі, орталық аймақта кездейсоқ бағытталған ірі дендриттер құрылады. Кристалдану барысында бағана тәрізді кристалдар аймағы тоғысады, бұл құбылыс транскристалдану деп аталады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Кристалдану дегеніміз не?

  2. Элементарлық ұя дегеніміз не?

  3. Элементарлық ұяның түрлері

  4. Ұсақ түйірлі құрылым алу шарттары

Дәріс № 4. Пластикалық деформация және қайтакристалдану. Пластикалық деформацияның механизмі
Түскен күштiң әсерінен дененің мөлшері мен сырт пішінінің өзгеруі деформация деп аталады. Деформацияның тууына денеге түскен күштер немесе сол дененің бойында өтетін әртүрлі физикалық-механикалық процестер себепкер (мысалы, фазалық өзгеру процесінде кристалдың көлемінің өзгеруі).
Пластикалық деформация туындаған металдың құрылымы керi айналмайтындай өзгередi, қасиетi бiрге өзгередi. Мұндай деформация қалдық немесе пластикалық деформация деп аталынады. Серпiмдi және пластикалық деформациялардың жүру механизмі бiр-бiрiне ұқсамайды, әртүрлі жолмен жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет