Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет1/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ 
 
В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖАЛПЫ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ 
БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ 
СӨЗДІК 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Нұр-Сұлтан 


ТАҚЫРЫБЫ: «Патофизиология пәні, міндеттері» 
 
Патофизиология /гр. pathos- ауру, бұзылыс, дерт +logos- iлiм+physis-табиғат + 
logos- iлiм / – ол ауру организмнің бұзылған қызметтерiн зерттейтiн және ауру 
дамуының, ағымының, аяқталуының жалпы заңдылықтарын анықтауды өз 
мақсаты ретiнде қоятын iлiм. 
Клиникалық патофизиология – патофизиологияның бөлiгi. Негiзгi міндеттері: 
а) адамның әр ауруындағы жүйелер мен ағзалар қызметтерi бұзылыстарының 
сипатын және ауырлығын зерттеу; ә) ауру патогенезі және оның клиникалық 
көріністері арасындағы өзара байланыстарын анықтау; б) патологиялық процестiң 
зақымдалған ағзаға және ауру организмнiң басқа ағзалары мен жүйелерiне әсер 
ету деңгейiн анықтау; в) функциялық диагностика әдiстерiн меңгере бiлу; д) адам 
ауруына байланысты диагностика, алдын алу және емдеу жағынан жаңа 
нұсқауларды өңдеу. 
Тәжірибе (лат. еxperimentum – сынау, тәжірибе) – басқарып, реттеп тұруға 
ыңғайлы жағдайда зерттеу мақсатымен белгілі бір құбылысты жасанды түрде 
шақыру не өзгерту. Бақылаудан айырмашылығы – зерттеліп жатқан объектімен 
өзара белсенді қатынаста болуда. Моделдеудің мәні – патологиялық 
реакцияларды, патологиялық процестерді, түрлі ауруларды үлгілеуде. Әдетте 
тәжірибе ғылыми зерттеу барысында өткізіледі және де гипотезаны тексеру, түрлі 
құбылыстар арасында себептік байланыстарды анықтау үшін маңызды. 
Патофизиологияда тәжірибелік зерттеу объектісі – науқас адам. Көбіне тәжірибе 
жануарларға өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет