Циандау.
Циандау деп металл беті қабатын азот және көміртегімен бірге қанықтыру үдерісін айтады. Циандалған қабаттың қаттылығы мен тозуға төзімділігі, қажу беріктігі және коррозияға төзімділігі жоғары болады.
Бұл жағдайда азот пен көміртегінің диффузия үдерісі олармен бөлек-бөлек қанықтырудағыдан тезірек өтеді, сондықтан циандау үдерісі 0,5...2 сағат аралығында жүреді. Циандаудың екі түрін: жоғары және төменгі температуралық циандауды ажыратады.
Жоғары температуралық циандауда (900...950°С) бұйым беті қабаты көміртегімен көбірек, ал азотпен азырақ қанығады. Өңдеуден кейін бөлшек шынықтыру мен төменгі босаңдатудан өтеді. Төмен температуралық циандауда (550...600°С) бөлшек беті қабаты азотпен көбірек, ал көміртегімен азырақ қанығады. Циандаудың цементациялаудан айырмашылығы - мұнда коррозияға төзімділігі артады. Циандаумен тез кескіш болаттан жасалған, термиялық өңдеуден өткен аспаптардың өңдеу нәтижесінде беріктігі артады. Циандауда көбінесе бейтарап (А1а2СОу NаСІ) немесе цианды (NаСN, Са(СN)2) тұздардың ерітінділерінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |