Болаттарды жұмсартудың тәжірибелік мақсаты әр түрлi болуы мүмкiн.
Көмiртектi және аз легiрленген болаттарды жұмсарту. Жұмсартуға қарсылық жасайтын жоғары кедергiсi (қызуға төзiмдiлiгі) жоқ болаттарға қолданылатын жұмсартуды, қыздыру температурасына байланысты: төменгi температуралы, орташа температуралы және жоғары температуралы жұмсарту деп атайды.
Төменгi температуралы жұмсарту шынықтырылған болатты 150–250°С температураға дейiн қыздыру арқылы жүзеге асырылады. 200–250°С жұмсарту температурасында қаттылық айрықша төмендейдi, бiрақ жұмсарған мартенситке тән жоғары мәнi сақталады.
Орташа температуралы жұмсарту шынықтырылған болатты 350–500°С температураға дейiн қыздыру арқылы жүзеге асырылады. Осындай температураларда жұмсартуда жұмсартылған троостит түзiледi, бұл шынықтырылған болаттың қаттылығын елерлiктей төмендетуге әкеп соқтырады.
Жоғары температуралы жұмсарту шынықтырылған болатты 500–650°С температураға дейiн, ал АС1 температурасын арттыратын және жұмсартуға қарсылық жасайтын кедергiнi айрықша арттыратын, құрамында легiрлеушi элементтер болатын болаттарды өте жоғары температураға дейiн қыздыру арқалы жүзеге асырылады. Осындай температураларда жұмсартылған сорбит құрылымы түзiледi.