Құйма металдың құрылымы
Барынша көп тоңазыту шарттарында кристалдану қабықты аймақта жүреді. Кристалдану жылдамдығы кристалдану орталықтарының көп болуымен анықталады. Ұсақ түйірлі құрылым құрылады. Қабықты аумақ астында сүйық металл аз тоңазыту шарттарында орналасады. Орталықтардың саны шектеліп, кристалдану процесі олардың үлкен өлшемге дейін қарқынды өсуі арқылы іске асады Екінші аймақта кристалдардың өсуі бағытталған сипатта болады. Олар қалыптың қабырғаларына перпендикуляр өсіп ағаш тәрізді кристалдарды құрайды. Олар дендриттер деп аталады. Дендриттер жылу шығу бағытына жақын бағытта өседі.
Құйма үш аймақтан түрады:
1. Үсақ кристалды қабықты аймақ;
2. Бағана тәрізді кристалдар аймағы;
3. Ірі тең ості кристалдардың ішкі аймағы.
4 - сурет. Құйма болат нобайы
5 - сурет. Д.К. Черновтың дендрит нобайы
Кристалданбаған металдардан жылу шығуы құманың ортасында әртүрлі бағыттарда теңеседі, орталық аймақта кездейсоқ бағытталған ірі дендриттер құрылады. Кристалдану барысында бағана тәрізді кристалдар аймағы тоғысады, бұл құбылыс транскристалдану деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |