Дәріс № Радиациялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар Жалпы сұрақтар



бет5/6
Дата09.03.2022
өлшемі27,43 Kb.
#27368
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4-ші дәріс Радиациялық қауіп (1)

Дозиметриялық бақылау. Дозиметриялық бақылауды ІҚ құрылымның жеке құрамы радиоактивті ластану аймағындағы іс – қимылы кезінде сәулелену мөлшері туралы мәліметтерді дер кезінде алу мақсатында жүргізеді. Алынған ақпарат бойынша құрылымның жұмыс тәртібі анықталады. Дозиметриялық бақылау топтық және жеке болып бөлінеді.

Топтық бақылау ІҚ құрылымның жеке құрамының жұмысқа қаблеттілік деңгейін бағалау мен анықтау үшін және орташа сәулелену дозасы туралы мәліметтерді алу мақсатында жүргізіледі. Бұл үшін құрылым ИД-1 сәулелену дозасының өлшеуішімен қамтамасыз етіледі (ДКП-50-А ДП-24, ДП-22В жинақтарынан) 1 - 2 дозиметрлік есептеу бойынша радиациялық жағдайда бірдей әрекет ететін топтағы адам саны 14-20.



Жеке бақылау радиациялық зақымданудың ауырлық деңгейіне алғашқы кезеңде диагностика жасау керек және әр құтқарушының доза туралы мәліметті алуы мақсатында жүргізіледі. Бұл мақсат ушін ІҚ құрылымның жеке құрамына доза қуатын өлшейтін ИД-11 өлшеуіші беріледі. Радиоактивті ластанудың деңгейі техниканың, көліктің, киімдердің, саймандардың, қорғау құралдарының, аяқ – киімдердің және т.б. дәрежесі бойынша анықталады. Аталған жұмыс құрылымға қойылған міндеттерді орындағаннан кейін, құтқарушылардың ластанған аудандардан шығуы кезінде, арнайы өңдеулерді толық жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады. Радиоактивті ластануға душар болған және арнайы толық өндеуді жүргізу үшін келген құрылымның жеке құрамы, техникалары және көлігі бақылап бөліп тұратын күзет орны арқылы өтеді, мұнда құрылымның ластанған дәрежесін белгілейді және арнайы өңдеу бойынша шараларды ұйымдастырады. Күзет орнының біреуі шығатын жерде ал келесісі арнайы өндеу алаңының шығатын жерінде тұрады. Ластану дәрежесін ДП-5, КРБ-1 және т.б. аспаптардың көмегімен анықтайды. Құрылымның жеке құрамының және техникасының бақылап – бөліп тұратын күзет орны арқылы өтуі кезінде дозиметристің ластанған жұмыс орны анықталады; қажет болған жағдайда оған қатерсіздендіру жүргізіледі немесе тұрған орыны ауыстырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет