Дәріс № Радиациялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар Жалпы сұрақтар



бет4/6
Дата09.03.2022
өлшемі27,43 Kb.
#27368
1   2   3   4   5   6
Дозалар және зақымдану белгілері

Сәулелену дозасы, Р

Зақымдану белгілері

50

Зақымдану белгілерінің жоқ болуы

100

Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен 10-30 тәулік ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. Өткір (бір рет қайталанатын) сәулелену кезінде сәулеленгендердің 10% -лоқсу және құсу, еңбекке қабілеттілігін оншалықты жоғалтпай шаршау




200

Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен 3 тәулік ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. 100-250 Р дозалы өткір (бір рет қайталанатын) сәулелену кезінде -зақымданудың әлсіз белгілері – бі рінші дәрежелі сәулелену ауруы

300

Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен бір жыл ішінде жұмысқа қабілетгілік төмендемейді. 250-300 Р өткір сәулелену кезінде екінші дәрежелі сәулелену ауруы. Ауру көп жағдайда жазылып кетеді.

400-700

Үшінші дәрежелі сәулелену ауруы. Бастың қатты ауруы, температураның көтерілуі, әлсіздік, шөлдеу, лоқсу, құсу, іш өту, ішкі мүшелерге, теріге және шырышты қабықтарға қан құйылу, қан құрамының өзгеруі. Уақытылы және тиімді ем алған жағдайда сауығып кетуі мүмкін. Емделмеген жағдайда өлім қаупі 100% жетеді.

700 көп

Ауру көп жағдайда өлімге алып келеді. Зақымдану бірнеше сағаттан кейін білінеді, төртінші дәрежелі сәулелену ауруы

1000 көп

Сәулелену ауруының кенеттен болған түрі. Зақымданғандар жұмысқа қабілегтілігін бірден жоғалтады және сәулеленуді, алғаннан кейін алғашқы күндерден бастап біртіндеп өле бастайды.

Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері. Радиациялық барлау. Радиациямен ластанған аймақта ІҚЖ жүргізудің тиімділігі көбінесе сол жерде болған радиациялық жағдайдың нақты мәліметтеріне байланысты. Осы мақсатпен келесі міндеттерді шешетін радиациялық барлау жүргізіледі:



- жергілікті жерде және ауаның жерге жақын қабатының радиоактивті затпен ластануын табу және бұл туралы жұмыс басшысына ақпарат беру;

- құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін анықтау және радиоактивтілікпен ластанған аймақтың шекарасын белгілеу;

- ластанған участкелерді игеру үшін айналып өту жолдарын (қажет болған жағдайда) іздеу;

- радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау; судан, азық – түліктерден, өсімдіктерден, топырақтан, объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама алу және оларды зертханаға жіберу;

- метрологиялық бақылау;

- радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққаннан кейін құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.

Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмысты жүргізетін ауданда ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты және т.б.) немесе радиоактивтік ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке алу қажст. Құрылым орналасқан аудандағы радиациялық жағдайды бақылау үшін, сонымен қатар жұмысты жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орны құрылады, олардың негізгі міндетіне:

- дер кезінде радиоактивті ластануды табу және хабарландыру дабылын беру;

- радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;

- күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді барлау, сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.

Радиациялық бақылау орны тәртіп бойынша үш адамнан тұрады. Ол сәулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т және т.б. өлшеуіштерімен, №3 метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену мөлшерінің қуатты жеке өлшеуіштерімен, ИД-1 сәулелену мөлшерінің өлшеуіштерімен, секундомермен, хабарландыру және байланыс құралдарымен, радиациялық жағдайдың параметрін жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық жиынтығымен жабдықталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет