Атаулары
|
Сипаттамалар және өлшеуіштің мөлшері
|
Тағайындалуы
|
Далалық радиометр- рентгенометр
ДП-5А,(ДП-5Б,ДП-5В)
|
Гамма-сәулелену бойынша 50мкР/с-200Р/с
|
Гамма-сәулелену мөлшерінің күштілігін өлшеу және гамма, бета-сәулелену бойынша жергілікті жердің ластануы
|
Дозиметр
ДРГ-01Т
|
10мкР/с-10Р/с
|
Ішкі гамма-сәулеленудің экспозиционды дозасы қуатын өлшеу (ЭМК)
|
ДП-22В дозиметр жинағы
|
2-50 Р/с
|
Сәулелену дозасын өлшеу
|
ДП-24 (аналог ДП- 22В)
|
2-50 Р/с
|
Сәулелену дозасын өлшеу
|
ИД-1 дозиметр жинағы
|
20-500 рад
|
Гамма- нейтронды сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеу
|
Жеке мөлшерді өлшейтін
ИД-11 ИУ
құрылғысының өлшеуішімен
|
50-80О Р
|
Радиациялық зақымданулын бастапқы диагностикалау мақсатындағы сәулеленуді жеке қадағалау
|
ДП-70 (ДП-70М)
|
10-1500 рад
|
10-1500 рад
50-800 Р
|
химиялық дозиметрлері ДКП-50-А қосымша беріледі
|
50-800 Р
|
медициналық зақымдану дәрежесі диагностикасына арналған өлшеу
|
ДК-0,2 дозиметр жинағы
|
10-200мР
|
Гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін зертханалық жағдайда өлшеу
|
Радиациялық қорғау. Радиоактивті заттармен ластанған аймақта жұмысты жүргізу, жұмысшылардың сыртқы және ішкі сәулеленуінің төмендетуге және таза қалалар мен тұрғын үйлерге радиоактивті ластануды апармауға бағытталған, радиациялық қауіпсіздік шаралар кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Радиациялық қауіпсіздік бойынша шаралар кешені мыналарды қамтиды:
- радиациялық әсерлерді қатаң түрде нормалау;
- радиоактивті ластану жағдайында жұмысқа жұмылдырылған барлық тұлғаларды дәрігерлік куәландыру және рұқсат алу;
- радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулық;
- радиациялық жағдайымен оның өзгерістеріне жүйелік бақылау, соның негізінде нақты участкелердегі жұмыстың ұзақтығын анықтау;
- жеке дозиметриялық бақылау және ластанған жергілікті жердегі барлық жұмысшылардың сәулеленуін есепке алу;
- ластануды жою;
- барлық жұмысшылардың жеке қорғаныстарын ұйымдастыру; жұмыс жасап жатқан участкелердегі ластанудың таралуына жол бермейтін санитарлық – рұқсаттама режимін ұйымдастыру; санитарлық өңдеуді және жүйелі түрде қатерсіздендіруді, қажет болған жағдайда жұмысшылар пайдаланатын арнайы киімдерді, арнайы аяқ – киімдерді және басқа да ЖҚҚ жоюды ұйымдастыру.
Радиациялық авария жағдайында ЖҚҚ қолдану қажеттілігін анықтайтын негізі зиянды әсерлер, адам организміне және тері жамылғысына түскен радиоактивті, әртүрлі объектілер мен ауа қабатының ластануы, жергілікті жердің радиоактивті ластануының негізі болып табылады. Сондықтан жеке қорғанысты ұйымдастыру бойынша кешенді шараларды авариялық жағдайларда жүргізудің негізгі мақсаты мыналардан тұрады:
- адам ағзасына радионуклидттердің түсуін, сонымен қатар тері жамылғысының радиоактивті ластануын нормативті құжаттармен бекітілген, рұқсат етілген мөлшерден азайту немесе болдырмау; авария аймағында ластанған киімнен, аяқ – киімнен, қорғаныс құралдарынан және т.б. радиоактивті ластанудың таралуының алдын алу.
ЖҚҚ қолданумен адамды ішкі гамма – сәулеленуден қорғауды қамтамасыз ету мүмкін емес екенін есте сақтау қажет. Бұл міндет тек инженерлік қорғаныс ғимараттары мен құралдарын (баспана және қорғаныс экрандары), жұмысты дистанциялық жүргізуге арналған механизімдерді қолдануымен және жоғары деңгейдегі гамма – сәулеленуі бар жергілікті жерде адамдардың болу уақытын қатал шектеумен ғана шешіледі. ЖҚҚ қолдану міндетті түрде радиациялық қауіпсіздік шараларының басқа да кешенімен, соның ішінде йодттық алдын алу және басқа дәрі – дәрмектерді қолданылуымен (дәрігерлік қорғаныс құралдары) жүргізілуі тиіс.
Радиациялық авария жағдайында және олардың зардаптарын жою кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына:
- негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шәпкілер, мақта – матадан және аралас маталардан тігілген шұлықтар) және қосымша (алжапқыштар, жартылай халаттар, пленкалы және резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар);
- тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке құралдар (ТМҚЖҚ) (респираторлар, сүзгіш газқағарлар, оқшаулағыш тыныс алу аппараттары, пневмомаскалар, пневмошлемдер, пневмокурткалар және т.б.);
- оқшаулағыш костюмдер, арнайы аяқ – киімдер (негізгі және қосымша);
- қолды қорғайтын құралдар (резеңкелі, пленкалы, мақта – маталы саусақты биялай немесе қолғаптар);
- көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар және т.б.);
- қорғайтын құрылғылар (қолмен ұстайтын, белбеулер және т.б.) жатады.
Радиациялық авария болған кезде радиометриялық бақылауды және радиациялық жағдайды бағалау нәтижесіне негіздеп, авария аймағын екі аймаққа бөлу орынды.
Бірінші аймаққа (қатаң тәртіптегі аймаққа) жоғарғы қабат пен ауаның радиоактивті ластануының белгіленген деңгейден жоғарлауы байқалған ғимараттар мен аумақты жатқызады. Бұл аймаққа келгенде ЖҚҚ негізгі арнайы киімдермен қоса бірқатар қосымша киімдерді қолдану (мысалы; ТМҚЖҚ, пленкалы немесе резеңкелі материалдардан жасалған қосымша арнайы киімдер, қосымша арнайы аяқ – киімдер және оқшаулағыш костюмдер және т.б.) талап етіледі.
Екінші аймаққа (радиациялық қауіпсіздік тәртібіндегі аймақ) ауа мен жоғарғы қабаттардың радиоактивті ластану деңгейі авариялар жағдайымен шартталған, рұқсат етілген көлемде болатын ғимараттар мен аумақтарды жатқызуға болады. Адамдарды бұл аймақта қорғау үшін және радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін авария зардабын жоюға қатысқан тұлғалар респираторларды пайдаланып немесе олар сыз негізгі арнайы киім жиынтығын кию жеткілікті. Ластанған аумаққа кіру міндетті түрде киімін толық ауыстырып кию және санитарлық рұқсатнама арқылы ұйымдастырылады, ал ғимаратқа және бірінші аймақтағы аумаққа кіру санитарлық шлюз немесе санитарлық барьер арқылы қосымша ЖҚҚ қолданумен ұйымдастырылады.
Авария зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде, ЖҚҚ дұрыс таңдаудың негізгі критериі ретінде сол немесе басқа аймақтағы келесідей:
жұмыс жүргізу кезінде ауадағы радиоактивті заттардың күтілген немесе өлшенген концентрациясы туралы;
жоғарғы қабаттардың радиоактивтілікпен ластану деңгейі туралы; ластанған ерітінділерді құю (соның ішінде қатерсіздендіретін) немесе пароэжекциялық бүркігіштерді қатерсіздендіру үшін булы қоспаны қолдану мүмкіндігі туралы:
- ауырлық (қиындық) категориясы және жұмысты орындау ұзақтығы туралы;
- жұмыс орнындағы микроклимат және ауадағы газ құрамы туралы (температура, ылғалдық, ауада оттектің болуы, улы және жарылу қаупі бар газ қоспалары және т.б.) мәліметтерді пайдалану керек.
ТЖ зардабын жоюдағы барлық жағдайда да жоғары концентрациялы (50% көп) бу шығаратын улы заттар бар ғимараттарға, боксқа, сиымдылыққа, цистерналарға, құдықтарға кұтқарушылардың кіруі кезінде ТМЖҚҚ ретінде оқшаулағыш демалатын аппараттар немесе шлангалы ЖҚҚ қолданылуы керек. ТЖ сипатына, оның ауырлығына орай, сондай – ақ түріне және алда тұрған жұмысқа байланысты құтқарушылар авария орынына келгеннен кейін штаттық авариялық жиынтықпен ЖҚҚ қалай қамтамасыз етілсе, сол объектінің ЖҚҚ қорымен солай қамтамасыз етіледі (мысалы, шлангалы ЖҚҚ және т.б.).
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар.
Радиациялық қорғау шаралары
Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.
Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері
Достарыңызбен бөлісу: |