Дпог=Дэкс х К,
бұл жерде К – пропорционалдықтың коэффициенті (адам организмінің жұмсақ ұлпасы үшін К=0,877).
Қолдағы бар дозиметриялық құралдардағы өлшеу кемшілігі 15-30%-ды құрайтынын ескере отырып, пропорционалдық коэффициенте тең бірлік қабылданады. Сондықтан дозиметриялық құралдардың көмегімен өлшенген адамдар алған сәулелердің салдарларын бағалау кезінде рентгендердегі экспозициялық дозалардың маңызы мен радтардағы жұтылған дозалар шамамен бірдей.
Рентген – бұл 1 см3 ауа физикалық қалыпты шарттарда (ауа температурасы 0° С және қысымы 760 мм рт.ст.) электр санының бір электрлік бірлігін құрайтын 2,08x10 ион буы түзіледі. Сәулеленудің алуан түрімен сәулеленген адам организмін бағалау үшін, сондай – ақ ауамен, сумен және тамақпен адам организміне радионуклидтер түскен кезде сәулеленудің эквиваленттік дозасын өлшейтін арнайы бірлік – бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті) қолданылады.
Радиоактивті ластанумен байланысты төтенше жағдай, ереже бо-йынша, атом электр станцияларында, атомдық өндіріс кәсіпорындарында, радиоактивті заттарды таситын және пайдаланатын қондырғылар мен көлік құралдарында, сондай – ақ ядролық жарылыс нәтижесінде орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |