Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет44/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
Дауыс беру рәсімдері. Сайлау кампанияларының шарықтау шегі мен аяқталуы дауыс 
берумен айқындалады. Әдетте, сайлау басталардан бұрын бір күн алдында кандидаттарға 
қолдау білдіретін немесе қарсылық танытатын барлық үгіттеулер тоқтатылады. Газеттер мен 
телеарналардың осынау үнсіздігі сайлаушыларға өз пікірлерін артық айқай-шусыз байсалды 
түрде ой елегінен өткізуге және кімге дауыс беретіндігін шешуге мүмкіндік береді. Дауыс 
беретін күні дауыс беру құқығына ие барлық түрғындар сайлау учаскелеріне барады. Сайлауда 
басқа адамның орнына дауыс беруге жол берілмейді, онда «бір адам - бір дауыс» ережесі әрекет 
етеді. Кешегі күнге дейін біздің .елімізде отбасының бір мүшесінің өз отбасының қалғаң 
мүшелері үшін дауыс беру фактілері орын алып отыратын. Ол сайлаулардың нәтижелері алдын 
ала белгілі болған, ал дауыс беру саяси қойылымға айналдырылған өткен кезеңнің мұрасы 
болып табылады. Қазіргі күнде мұндай фактілерді сайдау нәтижелерін жоюға алып келетін 
өрескел заң бұзушылық ретінде қарастыруға болады. Сайлау учаскесінде кақдидаттардың аты-
жөндері алфавиттік тйртіпте бюллетеньге енгізіледі, онда олардың қандай партия мүшесі 
екендігі көрсетіледі. Жасырын дауыс беру - сайлаудық әділ түрі болып табылады. Сайлау 
барысында азаматтар жабық кабинетте бюллетендегі «өз» үміткерінің тұсына белгі қойып, одан 
кейін бүл бюллетеньді дауыс беру жәшігіне салады. Дауыстарды санау бекітілген тәртіптерді 
сақтай отырып жүргізіледі. Қателіктерге жол бермеу үшін дауыстарды санау барысында 


кандидаттардың өкілдері қатыса алады. Учаскеде, сонымен қатар шетелдік мемлекеттер мен 
халықаралық ұйымдардың бақылаушылары да төбе көрсетуі мүмкін. Бұл өз кезегінде, 
жұртшылықты сайлаулар барысында қандай да бір заң бұзушылықтардың орын алмағанына 
сендіруге мүмкіндік береді. Осы орайда, бірқатар елдердің (мәселен Мексика) сайтлауларда 
шетелдік бақылаушылардың болуына жол бермейтіндігін де айта кету керек. Әрине, бұл өте 
сирек кездесетін шетін жағдай екендігі анық, Демократиялық сайлаулардың тағы бір ерекшелігі
оныц баламалығына тұғырланады. Яғни, мұнда бір лауазым орны үшін болатын күреске 
бірнеше кандидаттар қатысады. Олар әртүрлі адамдар болумен қатар, әртүрлі саяси күштердің 
өкілдері болуы қажет. Демократиялық рлдерде сайлаулар шынайы бәсекелестік негізінде 
өткізіледі. Қазіргі күнде Куба мен, Солтүстік Кореяда ғана сайлау бюллетендеріне бір фамилия 
енгізіледі. Осы мәселенің екінші бір тұсы кейде сайланбалы орынға үміткерлердің, тым көп 
болуы да едәуір қиыншылық туғызады. Яғни, жұртшылықтың ойлары мен мүдделерін 
білдіруші рөліне бірнеше ондаған адам ұмтылатын жағдайлар орын алып отырады. Мұндай 
жағдайларда бюллетеньдер ұзақ тізімді құрайды. Әрине, егер сайлаушылар өздерінің барлық 
немесе негізгі кандидаттарын жақсы білетін болса, мұнда ешқандай жамандық жоқ, Алайда, 
қарапайым адамдар үшін фамилиялардың көптігі ешітеңе айтпайтын болса да; көп жағдайда 
басым дауысты даурықпа мәлімдеме жасайтын адамдар алып кететін жағдайлар кездесіп 
отырады. Мұңдай жағдайда билікке шытырман оқиға іздеуші авантюристер мен біліксіз 
адамдар қолжеткізуі мүмкін. Жалпы сайлаушылардын саяси мәдениетінің жоғары деңгейі мен 
олардың өз таңдауларына қатысты жауатгкершілікті түсінулері сайлауларда лайықты 
тұлғалардың жеңіске қол жеткізуін айқындайды.
Кез келген мемлекет үшін сайлаулар қоғамдық институттардың дамуы жолындағы маңызды 
қадам екендігін білдіреді. Олардың нәтижелерінен саяси жүйедегі өзгерістер ғана емес
сонымен. қатар экономиканың, мәдениеттің, елдің халықаралық байланыстарының дамуы да 
байланысты болады. Президентті немесе парламент депутаттарын сайлау белгілі бір ұстанымға 
қатысты жасалатын қадам ғана емес, ол сонымен қатар әр адамның және түтас алғанда ел 
болашағына жасалатын қадам болғандықтан бұл қадамның саналы және байсалды түрде 
жасалуы аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет