Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет72/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

3. Этносаяси жанжалдар 
Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамайлар, шиеленістер жатады. 
Басқа саяси-әлеуметтік егес, даушарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын 
мәселе. 
Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, 
Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердін (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; 
Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әртүрлі ұлттар (бұрынғы Кенестер Одағында), әртүрлі 
нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай қақтығыс әртүрлі 
этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалыққтеңсіздіктен туады. Өз ұлтының өкілдері 
езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық 
ынтымақтастық білдіре бастайды. 
Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-таптық сатыда жоғары деңгейде тұрады да 
өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен 
пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлтаралыққжанжалдарға жол 
ашады. 
Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі-этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың 
өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол 
идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға 
қояды: 
автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету; 
белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу; 
өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу. 
Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі - түптеп келгенде өзінің мемлекеттігін орнату. 
Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі танда жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Ирландия мен 
Англия, грузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштар арасындағы, Таулы Қарабахтағы, 


Молдавадағы және т.с.с. жанжалдар. Олардың негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің 
саяси және азаматтық құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық-мемлекеттік 
құрылым мәселелерінің және т.б. жатыр. 
Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептін бірі этностың өз тілі, 
мәдениеті, діні, әдет-ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. Оның болашағы 
қалай болады деп мазасыздану. Мысалы, біздің республикамызда 90 жылдардың орта кезінде орыс 
тілділер орыс тілінің мәртебесі жөнінде бірталай әңгіме көтерді. Оларға "Лад", "Русская община" 
ұйымдары, қазақтар дем беріп, кикілжің тудырды. Тіліміз, әдет-ғұрпымыз қысым көруде, 
орыстарды басқарушы қызметтерге аз алуда, олардың арасында жұмыссыздық көбеюде, соларға 
байланысты олар Қазақстаннан жаппай көшуге мәжбүр болуда деп байбалам салды. Шын мәнінде, 
Қазақстан Республикасынын Конституциясында көрсетілгендей, мемлекеттік ұйымдарда, 
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілінің тең 
қолданылатындығы, өтпелі кезендегі жұмыссыздықтың көбеюі барлық ұлт өкілдеріне бірдей әсер 
етіп отырғандығы, басқарушы органдарға қызметке ұлтына, нәсіліне қарамай, тен қабылдануы 
және т.б. олардың қауіптерінің орынсыз екендігін дәлелдеді. 
Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар 
мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады. 
Сол үшін жылдар бойы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдерінде ойнап, 
наразылыққтудырады. 
Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мәселені дер кезінде шешу қажет. 
Өйткені, мұндай шиеленістер ұлғайып кетуге бейім келеді және ұзақ сипат алған дау-жанжалды 
тоқтату онайға түспейді. Ол үшін мемлекет ұлтаралық саясатты ешқашан назардан тыс 
қалдырмауы тиіс. Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде. 1995 жылдың 1 наурызында Н.Ә. 
Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол республикадағы 
барлық ұлттық-мәдени орталықтарды қамтиды. Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси 
тұрақтылықты сақтау, қоғамды біріктіру, нығайтуды қамтамасыз ету бағытында практикалық 
ұсыныстар жасайды. Ұлттық саясат саласындағы жана зан жобаларына қоғамдық сараптау 
жасайды. Мысалы, "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Мәдениет туралы", "Қазақстан 
Республикасындағы тілдер туралы" және т.б. заң жобаларына қорытынды дайындап, Парламентке 
жіберді. 
Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде кездеседі. Мысалы, 1999 жылы Казимарчук деген 
содыр өз жақтастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия жоспарын 
қазақстандық арнаулы органдары дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге асыртпады. Егер бұл 
әрекет жүзеге аса қалса, Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңірлеріндегі жағдай 
тұрақсызданатыны сөзсіз еді. Сондықтан барлық жұртшылық болып ондай әрекеттерге жол 
бермей, 
қазақстандық 
патриотизмді, 
ұлтжандылықты, 
отансүйгіштікті 
республика 
тұрғындарының бойларына сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштыҒын көздің 
қарашығындай сақтап, оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай озық еңбек етуіміз 
керек. Қақтығыстан сұхбаттасу арқылы шығу жолдарын іздестіру керек. 
Бүгінгі күнде бүкіл әлем дағдарыстар мен өркендеу кезеңдерін айтарлықтай , жүйелі түрде 
бастарынан өткеріп .отырадьь Ғалымдар қүлдырау кезеңдерін алдын ала білуге болады, және 
осының арқасында ең келеңсіз салдарлар туралы ескертуге болады деп санады. Алайда қазіргі 
заманның ереішіелігі сонда -әлемдік экономиканың тым тығыз өзара байланысының нәтижесінде 
бір елде орын алған келеңсіз көріністер оның басқа әріптестеріне де таралуына алып келеді. 
Мәселені 90-шы жылдардың соңында Оңтүстік-Шығыс Азияда басталған дағдарыс одан кейін 
Ресей мен Бразилияны шарпыды. Ал экономикалық-құддырау Саяси дағдарысқа алып кедді. Ол 
әсіресе Ресей мен Индонезияда анық байқалды. Оның салдарын тіпті Жапония, еуропа елдері, 
Солтүстік және Латын Америкасының елдері де сезінді. Бұл нені білдіреді? Ол дағдарыстармен де 
бірлесігі күресу керектігін білдіреді. 
2008-2009 жылдары әлемді ғаламдық дағдарыс шарпыды. Ол 2008-2009 жылдары әлемді 
ғаламдық дағдарыс шарпыды. Ол бірінші кезекте әлемнің жетекші мемлекеттерінің банктік және 
қаржылық жүйесіне ықпал етті. 2010 жылдан бастап еуро аймағріна кіретін еуропа елдерін 
тұрақсыздық жайлай бартады. Ауқымды сыртқы көмектің арқасында ғана Исландия, Португалия, 


Испания, Грекия, Кипр тәрізді мемлекеттердің экономикалары дефолттан (банкроттылықтан) 
құтқарылды. Осы мемлекеттердің барлығында экономикалық берекетсіздік едәуір шамадағы саяси 
шайқалыстарды тудырды: ел үкіметтері отставкаларға кетті, жұмыссыздықтың өсуімен, 
жалақылар мен жәрдемақылардың қысқаруымен байланысты әлеуметтік ахуал күрт шиеленісуі 
орын алды. Жалпы, дағдарысты басынан өткеріп отырған елдер бір саладағы келеңсіз 
құбылыстардың басқа салаларға әсер етпеуі үшін шаралар қабылдаулары тиіс.
Әлемде дағдарысты басынан өткермеген бір де бір мемлекет жоқ. Oсы аралықта жекелеген 
секторлар мен әлеуметтік салалардағы дағдарыстардан да, сонымен қатар бүкіл қоғамды 
шарпыған дағдарыстан шығатын жолдар мен тәжірибелер жинақталды. Сондықтан белгілі бір 
кезеңде дағдарыстық жағдайда қалып қойған басқа елдердің онды және келеңсіз тәжірибелерін 
ескеру қажет. Әрине, бұл жерде экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізуде 
шетелдерде іске асырылған тәжірибені өз елінің ерекщелігін ескермей көшіруге болмайтындығын 
естен шығармау қажеттігі анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет