қарым-қатынасты өзінің ұлттық мүддесіне сай жүргізу оңай соқпай отыр.
Қазақстанның
ұлттық мүддесін қорғау оның геосаясатымен тікелей байланысты. Бұл орайда Қазақстанның
шекаралас мемлекеттермен өзара тату, достық жағдайында өмір сүруі қажеттілікке айналып
отыр. Бұл бағытта бірнеше келісім-шарттар жасалды. Соның бірі 1997 жылғы 24 сәуірдегі
Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай мемлекеттері арасындағы шекарадағы
әскер санын қысқарту жөніндегі өзара келісім-шарттарының жасалуы. Ал бүгінде Қазақстанға
тез арада халықаралық рынокқа шығу ниеті, мемлекеттің бүгінгі геосаясатының басты бағыты
болып отыр. Ол үшін Қазақстанға Иран арқылы Парсы шығанағына, Түркияға одан Жерорта
теңізіне шығу көзделуде. Қазақстан әлемдегі елдер қатарына тәуелсіз ел ретінде қосылды. Енді
сол әлемдік деңгей дүниежүзілік талап тұрғысынан қарағанда біздің елдің де алатын лайықты
орны бар.
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы алатын орны мен рөлін анықтау үшін еліміздің
географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайы мен мүмкіндігі ерекше маңызды. Ең
бастысы – Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен аймағындағы жолдардың торабында
орналасқан географиялық жағдайынан туындайды. Таяу көршілер Ресей, Қытай және Ислам
мен Орталық Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдері маңызды әлемдік орталықтар
болып табылады.
Қазақстан Республикасы – Ресеймен (6457 шақырым), Қытай Республикасымен (1460
шақырым), Өзбекстанмен (2300 шақырым), Қырғызстанмен (980 шақырым), Түркменстанмен
(380 шақырым) шекаралас жатқан мемлекет.
Қазіргі жер бетіндегі 170-тен астам тәуелсіз мемлекеттердің ішінде Қазақстан өзінің жер
көлемі жағынан 9-орын, халқының саны жөнінен 51-орын алады. Қазақстан өзінің қазба
байлықтарының қоры жағынан әлемдік деңгеймен өлшегенде де алдыңғы қатарда екен. Дүние
жүзінде мұнай қоры жағынан 12-орын, көмір қорынан 9-орын, темір рудасы жөнінен 8-орын,
қорғасын мен молибденнен 4-орын, марганецтен 3-орын, вольфрамнан 1-орын алады екен.
Қорыта
айтқанда, халықаралық қатынастағы Қазақстанның қазіргі кездегі алып отырған
орны мен рөлін дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттер мойындап, күрделі саяси мәселелерді
шешуде еліміздің қатысуын қажет етуде.
Достарыңызбен бөлісу: