Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Республиканың спорт ұйымдарының қалыптасуы



бет21/25
Дата14.12.2022
өлшемі122,21 Kb.
#57219
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Республиканың спорт ұйымдарының қалыптасуы.


1982 жылы майында құрамында қазақстандық Қ.Уалиев, В.Хрищатый және Ю.Голодов бар совет альпинистері планетамыздағы ең биік шың Эверестке шығып, СССР-дің Мемлекеттік жалауын қалады.
1983 жылдың жазында Бүкілқазақстандық 16 спартакиада жарысы өткізіліп, оған 3 млн-нан астам физкультурашылар мен спортшылар қатысты.
Спорттың 30-ға жуық түрі бойынша финалдық жарыстар Алматыда, Ақтөбеде, Жамбылда. Қапшағайда, Қаратауда және т.б қалаларда өткізілді. Бұл жарыстар СССР халықтарының 8 спартакиадасына негізгі дайындық болды. Республиека спортшылары бұл жарыста да табысқа жетті.

Республиканың спорт ұйымдарының қалыптасуы.


1984 жылы Қазақстанның таңдаулы спортшылары Лос-Анджелеста өткізілетін 23 –Олимпиадалық ойындарда өз спорт шеберлігін көрсету мақсатында олимпиадалық спорттың көптеген түрі бойынша еліміздің құрама командасы қатарына енгізілген еді.
Алайда американдық өкімет орындарының реакцияшыл саясаты салдарынан совет атлеттерінің бұл жарысқа қатысуына мүмкіндігі болмады.
Социалистік елдер мен Азия, Африка, Европа және Латын Америкасының көптеген мемлекеттерінің аса күшті атлеттері бас қосқан ірі халықаралық «Достық1984» турнирі «Спорт-достық-беибітшілік» девизімен өтті. Бұл жарысқа Қазақстаннан 38 спортшы қатысып, олар 18 алтын, 9 күміс және 4 қола медальға ие болды.

Республиканың спорт ұйымдарының қалыптасуы.


ҚазССР –інде спорттық шеберлікті арттыратын және спорт жарыстарын өткізетін көптеген жүйелер жұмыс істейді. Балалармен жасөспірімдердің спорт мектептері және жоғарғы спорт шеберлігі мектептері ойдағыдай жұмыс істеуде.
Қазақстандағы физкультура қозғалысының мамандар даярлайтын тиісті базалары бар. Жоғары білімді кадрлар Қазақ физкультура институтынд, республиканың педагогика институттарында дене тәрбиесі факультеттерінде даярланды.
Арнайы орта білімді мамандарды Шымкент Ермак және Қарағанды физкультура техникумдары оқытып шықты. Осы оқу орындарының түлектері дене тәрбиесінің оқытушыларын, спорт методистерін физкультура қозғалысын ұйымдастырушыларды, спорт түрлерінің жаттықтырушыларын жылма-жыл толықтырып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет