Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Дәріс № 16 Қазақстандағы социалистік төңкеріс және дене шынықтырудың даму сатылары



бет18/25
Дата14.12.2022
өлшемі122,21 Kb.
#57219
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
ДТжС тарихы 3 курс лекция

Дәріс № 16


Қазақстандағы социалистік төңкеріс және дене шынықтырудың даму сатылары
Дәріс мақсаты:
1. Ұлттық спорт пен ойын түрлерінің дамуы. Ұлттық спорт пен ойын түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізу.
2. Орыс-қазақ арасындағы орыс халқының спорт түрлері.
3. Қазақ спортшыларының қырғыз манабы Шабден Жантаевты еске алуға арналған ірі халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы.
4. «Балалардың дене тәрбиесінің дамуына ықпал ету қоғамының» келіп шығуы. Қажымұқан – ұлы спортшы және спорт насихатшысы.
5. Абай қазақ халқының ұлттық спорты мен ойын түрлері туралы.
6. Қазақстанның Ресейге қосылуының отарлық сипаты және оның дене тәрбиесі мен спорт саласындағы кӛрінісі.


Коммунистік партия басшылығымен жұмысшылардың орнатқан Қазан төңкерісі дүние жүзілік тарихта жаңа ғасыр болып табылады. Жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу жөнінде ілімді басшылыққа ала отырып, адамдардың денсаулығы, олардың өсіп жетілуі туралы ұдайы қамқорлық жасап келеді. Партияның 27 съезі қабылдаған КПСС Программасының жаңа редакциясында былай деп аталып көрсітілген : «Халықтың денсаулығын нығайтуда, жеке адамның үйлесімді дамуында, жастарды еңбекке және Отанды қорғауға әзірлеуде дене тәрбиесі мен спорттың, оларды күнделікті өмірге енгізудің маңызы арта түседі» . Социализмнің казіргі даму кезеңінде совет халқы Коммунистік партияның басшылығымен коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасап жатқан кезде, физкультура мен спорттың ролі арта түсуде. Физкультура мен спорт совет адамдарының денсаулығын нығайтудың олардың ӛмірін ұзартудың Комуннистік тәрбие берудің өнімді еңбек етуге әзірлеудің және соц. Отанды қорғаудың маңызды құралы болып табылады. Ерте заманнан бері қазақ халқында дене жаттығулары мен әр түрлі ойындар жас ұрпақты еңбекке және ел қорғауға әзірлеуде, жастардың еркімен жігеріп тәрбиелеуге айрықша имаңызға ие болды. Біздің жыл санауымызға дейінгі алғашқы мыңыншы жылдарды Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпалар мен тайпалық одақтардың дене жаттығулары мен ойындары сан алуан мол болған. Әсіресе нысанаға көздеп және алысқа садақ ату, найза, сүңгімен сайысу, қашыққа ат жарыстыру және басқа да ойын түрлері кеңінен тарады. Күрес жұдырықтасып ұрысу, найза лақтыру және т.б. дене тәрбиесінің түрлі дәстүрлі формалары болды. Ал ат бәйгесі – аламан, қыз қуу т.б. секілді жарыстар кейін қазақ халқының ұлттық ойын түрлеріне айналды. Қазақтың ұлттық спорт түрлері атам заманнан белгілі. Соның ішінде ең кӛнесі – белдесіп күресу. Ол жас ұрпақты өжеттілікке тәрбиелейді. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастаған дәуірде Қазақстан территориясында «Аламан бәйге» («Аламан»- жауынгер) сияқты түрі пайда болды. Бұлар шабандоз жауынгерлер жарысы еді. Халық арасындағы ат ойындарының ішінде «Қыз қуу» кең өріс алды. Бұл ойын Орта Азия мен Қазақстан халықтарының арғы ата бабалары сақтар арасында тұңғыш рет дамығын. Ойынның мақсаты – жігіттер мен қоса қыздардың да шымыр, әрі алғыр өз отбасы мен туған жерін қас дұшпаннан қаймықпай қорғай алатын қайсар жауынгер болуын көздеп еді. Аса тартысты, қызғылықты жарыстың бірі аттың шабысы мен келе жатып жерден күміс алу. Мұндай ұлттық жарыс түрлері де біздің ата бабаларымыздың көшпенді жауынгерлік өмір тіршілігіне байланысты пайда болды. Айталық, кескілескен ұрыс кезінде жауынгер қаруын түсіріп алды делік ол сол сәтте жерден қаруын дереу іліп ала білуі қажет. «Күміс алу» ойыны осындай икемділікке машықтандырады. Дұшпанды алыстан сұлата білу үшін жамбы атуды үйренді. Мұның өзі де бірнеше түрге бөлінді. Ат үстінде тұрып ату, атпен шауып келе жатып ату, жерде тұрып ату. Көне тарихшылардың шежіресіне жүгінетін болсақ біздің ата бабаларымыз құралайды көзден атқан ең таңдаулы мергендер болған. Әскери жауынгерлік ойындармен қоса басқа да ойын түрлері дамыған. Мәселен, қазақ балалары арасында асық ойыны кең өріс алды. Археологиялық деректерге қарағанда біздің жыл санауымызға дейінгі 3-4 ғасырларда ата бабаларымыз Тоғызқұмалақ ойынымен әуестенген. Мұның өзі халқымыздың дене тәрбиесімен бірге ақыл ойымен рухани дамуына да ерекше көңіл бөлгендігін аңғартады. Осы ойын түрлерінің барлығы және сан алуан дене жаттығулары келе-келе қазақтың жүйелі түрде өткізіледін дене тәрбиесіне айналды. Негізгі дене тәрбиесі әр түрлі жаттығулар мен ойын сауықтар болып , онда адамдардың өндірістік әрекеттерінің ерекшелігі бейнеленеді. Феодализм дәуірінде қимыл әрекеті басым келетін «Аш қасқыр, соқыр теке, тоқтышақ секілді малға байланысты ұлттық ойындар өріс алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет