Дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс



Дата17.10.2023
өлшемі16,27 Kb.
#117419
Байланысты:
БӨЖПҚызмет


ЭССЕ: «Дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс.
Дамуында ауытқуы бар балалар еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды, лайықты өмір сүруіне көмек беретін ерекше күтім, білім және әлеуметтік ортаға бейімделуге, мемлекет тарапынан көмек көруге және білім алуға құқылы. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 5-бабы, 1-тармақшасында айтылған.Сонымен қатар Елбасының әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде қоғамның әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде «даму ауытқуы бар балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені» айқын көрсетілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында «халықтың әлеуметтік жағдайын үдемелі жақсартуда, сол себепті дамуында ауытқуы бар азаматтарға адамгершілік тұрғысынан мән беріліп, халықаралық және отандық педагогика мен медицинаның ғылыми-практикалық шектесуінде коррекциялық тәрбие жүйесін құрудың» бір мүмкіндігі шектелген жандар үшін қажеттілігі атап айтылды.
Қазіргі уақытта дамуында ауытқуы бар балалар жан-жақты клиникалық, психологиялық және педагогикалық бағыттарда зерттелген, оның клиникалық белгілері анықталған. Дамуында ауытқуы бар балалардың клиникалық түрлерінің жіктелу негізінде генетикалық өзгерістер мен олардың әсерінен туындайтын клиникалық белгілер алынған. Бұл өзгерістерді білікті мамандар немесе медициналық, педагогикалық және психологиялық коммисиялардың мүшелері ғана анықтай алады. Дамуында ауытқуы бар балаларға тән белгілер:
— тез жалығу және шаршаудың әсерінен ынта мен қабілеттің төмендеуі;
— сезім мен еріктің жетілмеуі;
— жалпы мәлімет мен елестету қорының шектелуі;
— сөздік қорының жеткіліксіздігі интеллектуалды іскерлік, ойлау әдетінің қалыптаспауы;
— ойын іскерлігінің толық қалыптаспағандығы;
— қабылдаудың баяулауы;
— сөйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы;
— ақыл-естің барлық түрлерінің бұзылуы;
— сенсорлық мәліметтерді қабылдау мен оны түсіну мерзімінің ұзақтығы;
— өзін-өзі бақылау деңгейінің төмендігі.
Осы өзгерістердің дәрежесіне сай, баланың жасын ескере отырып, оларды әлеуметтік бейімдеу, оқыту және түзету жолдарын айқындайды. Сонымен дамуында ауытқуы бар балаларда жиі кездесетін белгілері: енжарлық, қызықпаушылық, өз-өзіне сенбеушілік тезжалығу, шаршау, бастаған ісін аяқтамау, ынта-жігерінің төмендеуі – бұл жоғары жүйке жүйесінің қызметінің негізі болып саналатын қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдік заңдылықтарының бұзылуынан төмендейді. Осымен қатар кейбір балаларда көру, есту, сезіну, қимыл-қозғалыс талдағыштарының әрекеті де жетілмеген. Сондықтан 5-8 жастағы балалар арасындағы кездесетін дамуында ауытқуы бар балалар жан-жағындағы өзгерістерге мән бермеу, оқуға талпынбау, дене қимылының, саусақтарының, координацияларының бұзылуы, баланың тез шаршауы, қарындаш, қаламсаппен жұмыс істей алмауы, тіл мүкістіктері, сөздік қорының аздығы, есте сақтау, ойлау әрекеттерінің жетілмегені сияқты белгілерімен білінуі мүмкін. Дамуында ауытқуы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез-құлықтарымен және іс-әрекеттерімен ерекшеленеді.
Дамуында ауытқуы бар балаларда арнайы оқытусыз сөздік белсенділік пайда болмайды, айналасындағы адамдар сөзге дейінгі қатынас түрлері де қалыптаспайды, заттық іс-әрекет дамымайды. Эмоционалды ерікті дамудың жеткіліксіздігі органикалық инфантилизммен көрінеді. Балаларда дені сау балаға тән эмоцияның жылдамдығы мен айқындығы байқалмайды. Дыбыстау жеткіліксіздігі, ол кейде кейбір балалардың бір жұп дыбыстарды қабылдауына байланысты. Дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының түрлері көп. Түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
— баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
— шаршап кетпеуін анықтау;
— оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
— сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
— ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
— арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
— жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Дамуында ауытқуы бар балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын байыту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ойын түрлерін сабақтарда пайдалануға болады. Психолог, педагог, тәрбиеші, ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы түзете дамыту жұмыстарын жүргізу тиімді.
Дамуында ауытқуы бар баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Таным қабілеті бірнеше кезеңдерден өтеді. Дамуында ауытқуы бар балалардың таным ерекшеліктерін ескере отырып үш топқа бөліп қарастырады:
1. Бұл ойлау қабілетінің дамуы қалыпты болғанымен танымдық қабілетінің төмендігін көрсетедін балалар;
2. Бұл танымдық қабілеті және тапсырманы орындау белсенділігі бірқалыпсыз балалар;
3. Танымдық қабілетінің дамудан тыс қалған тапсырманы орындау деңгейі өте төмен балалар.
Танымдық қабілет (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері қалыптасады. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білуге құштарлық тапқырлық, әзденімпаздық сияқты жағымды, болымды жақтары жетіле түседі. Балалар өздерінің қимылдық әрекеттерін бағдарлай да,бақылай да алмайды. Көп жағдайда моториканың бұзылуы, сондай – ақ, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау операцияларының бұзылулары жиі кездеседі. Қимылдың жетіспеушілігінде – тактиль мен кинестетикалық түйсінулерінің бұзылыстары орын алады. Кеңісті бағдарлауының функцияларының бұзылысы да бар.
Дамуында ауытқуы бар баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыру болып табылады. Бірінші кезекте оқуға деген жағымды түрткі қалыптастырып, жақын эмоционалды көріністерді тудыратын, ой-өрісін кеңейтетін материал алынады. Дамуы баяу балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру, оқу материалын жай бөліп қоймай, керісінше жалпы дамуға бағытталған жаңа бағдарлама (баланың қоршаған ортаға бейімделуі, мінез-құлық ерекшелітері, өзін-өзі төмен бағалауы, қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарауы, өз күшіне деген сенімсіздігі, белсенділігі төмен) құруды талап етеді. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет