Республиканың спорт ұйымдарының қалыптасуы.
КПСС ОК-і мен СССР Министрлік Советінің «Физкультура мен спорттың бұқаралығын одан әрі арттыру туралы» 1981 жылы 11 сентябрде жарияланған қаулысы физкультура қозғалысындағы жаңа маңызды кезеңді ашып берді.
Қаулыда дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту, республика тұрғындарының сан алуан саласында спорттық шеберлікті арттыру және бүкіл ден тәрбиесі жүйесін жақсарту көзделген.
Қазақстан спортшыларының физкультура қозғалысындағы бұқаралығы мен шеберлігі жылма жыл артып келеді. 1988 жылы 1 январына дейін еліміздің чемпионаттарында республиканың 36 кластық команда қатысты, оның 8-і жоғары топта болды. Халықаралық кластағы бірқатар саңлақтары тәрбиелініп шықты. Олардың орнын талантты жастар легі алмастыруда.
Республиканың спорт ұйымдарының қалыптасуы.
Қазақстандағы физкультура қозғалысы республика еңбекшілерінің сан-салалы өмірі мен тұрмысына енген маңызды қоғамдық құбылысқа айналды. Оның проблемалары республикалық газеттер мен журналдарда жарияланып, радио мен телевизия арқылы беріліп тұрды. 1959 жылы 1 қаңтардан бастап қазақ және орыс тілдерінде республикалық «Спорт» газеті шыға бастады.
Спорт әдебиеттерін шығаруға «Қазақстан», «Жалын» баспалары зор көңіл бөліп келеді.
1975-1980 жылдары Қазақстан физкультурашылар қатары 2 еседей көбейіп, 1987 жылы 1 қаңтарында 5 миллионнан астам адамға жетті. Олар өнеркәсіп орындарындағы, мекемелердегі, құрылыстардағы совхоздардағы , колхоздардағы оқу орындарымен мектептердегі 14419 физкультура коллективіне біріккен.
Дәріс № 18
Алғашқы олимпиадалық ойындар
Дәріс жоспары
Дене тәрбиесінің дене қимылы жаттығуларының көп түрлілігін Қытай, Египет, Индия, Парсы, Вавилон, Ассирия елдеріндегі ежелгі қолтаңбалар мен мәдениет ескерткіштері
Ежелгі Грек дене мәдениетінің күшейюі құл иеленушілер дәуірі
Азия, Африка елдерінде орта ғасыр дәуірінде дене мәдениеті өзінше дамыды. Сол кездегі әлеуметтік экономикалық мәдениет, тұрмыс халық әдет ғұрыптарымен байланысты еді. Бірақ, Европаға қарағанда феодалдық дәуір бұл аймақтарда ұзағырақ болды. Сондықтан, өзіндік салт дәстүрі мен дене мәдениеті дамыды. Орта ғасырлық Индияда дене мәдениетін көне сараманының дамуы күрес, садақ ату, аттағы ойындардың жаттығуларының шыққанынан еді. Ұлттық би түрлерінен басқа хатқа-йога үлкен қолдауға ие болды, себебі, бұның негізінде дене қимылдары салт жаттығулары, ойын мен жүгіру болды.
Ал, ортағасырлық Қытайда «сары байламдар» ұйымы атты шаруалардың жаппай көтерілісі болды (ІІІ-Ү ғасыр). Сондай ереуілдерден кейін император-лардың жарлығымен халықтың қару жарақтары өткіздіріп, барлық қарудың түрлерін тиып тастады. Мұндай жағдайда шаруалар мен монастырьлар арасында қарусыз қорғау тәсілдері жаттығуларын үйрене бастады. ҮІ ғасыр-дан бастап гимнастиканың өзіндік бір түрі - ушу шықты. Оның негізгі мазмұны - халық қолмен қарудан қорғану, жұдырықпен, аяқпен, алақанмен ұрудың қосындысын ұстап, қарулы әскерге қарсы шығу болды. Бірақ, оқ дәрілі мылтық қару түрлері шыққаннан кейін, ушу маңызы әлсірей бастады. Дегенмен, ол сауықтыру бағытына көп мән бере бастады. Одан басқа, Қытайда ат полосы, жүгіру жарыстары мен Индиядан алынған хатқа-йога жаттығулары дамыды. Орта ғасырлық Жапонияда дене мәдениетінің дамуы самурай - серілік институтының орнатылуымен байланысты еді. Самурайлардың бусидо - дене тәрбиесінің жүйесі күрестің әртүрлі түрлерінен тұрды (сумо, каратэ).
Семсерлесу өнері 1 немесе 2 қылышпен (кендо), найзамен ойнау (нагината), атта, жаяу қатарда әртүрлі ойындары мен доп ойнау түрлері, салт-дәстүрлік ойындар түрлері жақсы дамыды.
Американы әлі ашпай тұрғанда ол материктегі жақсы дамыған өзіндік мәдениеті бар инктер, майя, ацтектер мемлекеттері болды. ХІІ-ХҮІІ ғ.ғ. осы халықтардың өзіндік дене тәрбиесінің жүйесі қалыптасып жанұялық мемлекеттік формада болды. Бұл жүйелер таптық бағытта болды. Сол кездегі мектептердегі оқушылар ойын түрлерін ойнап, басқа да дене қимылы жаттығуларын орындайтын. Әскери дене қимылы даярлығына қатты көңіл бөлінетін: садақ ату, пращ лақтыру, семсер мен қалқанды қолдана білу, каратэге ұқсас күрес түрін білу болатын. Сол кездегі жағдайларға байланыс-ты, хат-хабар тасушы-жүгірушілер болатын. Оның маңызы өте жоғары еді. Себебі, кез-келген жаңалық-хабарларды (соғыс, жиналыс, кеңес т.б.) әлгі жүгірушілер тез арада басқа да тайпалас елдерге жеткізу керек етін. Көп жаттығулар діни салттарға байланысты еді. Әсіресе, тайпалар арасында әртүрлі жарыстар ұйымдастырылып тұратын.
Дене тәрбиесінің барлық жүйелері Америка континентінің барлық жергілікті тұрғындарының әскери еңбек, тұрмыс өмірлеріне зор маңызын тигізді. Тек, европа жаулап алушыла-рының шексіз қанауының кесірінен бұл құрылықтағы халықтың мәдениеті, дене тәрбиесі жүйесі қатты құлдырап кетті.
Африкалық халықтардың өзіндік дене тәрбиесі жүйесі болды. Олардың да сол заман ағымына байланысты еңбек, әскери, тұрмыстық жағдайлар еді. Дене қимылы жаттығуларының көбін африкандықтар жарыстық түрде өткізетін: нысанаға таяқ лақтыру мен садақ ату, бағанаға өрмелеп шығу. Бимен қатар әскери қимылдарға ұқсас жаттығулар дамыды. Көбіне тайпа басшысы немесе ақсақалы үйінде өткізілетін әскери және дене қимылы даярлығы тексерілетін жарыстар: найза мен диск лақтыру, күрес, жүгіру түрлері болды. Жасөспірімдер мен бойжеткендердің дене дайындығы жүйесіне салт-дәстүрлік билер, әртүрлі қозғалмалы ойындар, акробатикалық жаттығулар кіретін. Тамтам барабанының үніне қосылып жылдамдық, күштілік, төзімділікті талап ететін әртүрлі жаттығулардан өткізетін.
Бір де бір салт-дәстүрлік іс-шаралар (әртүрлі арнаулар, тайпа көсемінің таққа отыруы, егістікті еккенге, оны жинап алғанға арналған әртүрлі ойын, жарыс т.б. түрлері) ептілік, жылдамдық, төзімділік, күштілік, икемділік, би жаттығуларынсыз өтпейтін. Тайпалар арасындағы осындай ойын түрлерінен өткізілетін жарыстар сол кездегі рулар арасындағы соғысты болдыртпауға әкелетін. Өзінің ұлттық қасиеті бар Африка елдері халықтарының дене тәрбиесі жүйесін Еуропадан келген құл аулаушы колонизаторлардың келуі тып-типыл еткізді. Ойындар мен дене қимылы жаттығуларының шығу тарихының мәселелері көп елдердің ғалымдарының назарын аударып жүрген. Біреулері оны материалистік, ал біреулері – идеалистік тұрғыдан білдіріп жүрген. XIX ғасырдың аяғында, XX ғасырдың басында Бюхер мен Грос (Германия), Спенсер (Англия), Летурно (Франция) секілді ғалымдар еңбек процесі жануар-аңдардың ойынынан алынған деп, аң мен адамның ойынын бірдей көріп, айырмашылық жасамаған. Олардың ойынша қоғамдағы «Ойын еңбектен үлкен», «Еңбек ойынның баласы» деген өздерінің жорамалдарын айтты.
Осы тұжырымдарды осы күнгі буржуазиялық философ, тарихшы, социологтар қолдайды.
В. Кербс, К. Дим (Германия), Б. Жиллет (Франция) және де бірқатар буржуаздық ғалымдармен қоса, Фридрих Энгельстің «Маймылдан адамға айналудағы еңбек процесінің ролі» еңбегіндегі ойларда «Адамды адам қылған еңбек» деген өз сөзін айтты. Қайта осы еңбек процесінде және еңбектің және аң аулаудың арқасында адам ең керекті дене қимылы жаттығуларын - жүгіру, секіру, лақтыру сияқты керекті іс-қимылдарды үйренді. Аң аулау ол кезде өмір сүрудің ең негізгі құралы болып саналатын. Аң аулауға шығар алдында оның суретін жартасқа немесе жерге салып, соған садақтан атып немесе жебе лақтырып жаттығатын. Әртүрлі магиялық (сиқырлық) іс-әрекеттер істей отырып, сол кездегі адам сонымен бірге, аң аулау кезінде керек болатын өз күш-еркін шыңдап, көз мергендігі мен қол ұшқырлығын, ептілігін машықтандыратын.
Дене жаттығулары мен ойындардың ана немесе мына түрлерінің шығу тегіне, сол кездегі ежелгі адамдар өмір сүрген географиялық орта мен климаттық шарттарға байланысты еді.
Солтүстік адамдары шаңғы істеп, үйреніп аңға, соғысқа шаңғымен шығатын болды. Су жағалауында тұратын тайпалар жүзу, ескек есу, ал қысқы уақыттарда аң сүйектерінен жасалған конькилермен мұзда әртүрлі ойындар ойнайтын. Ал жылы аймақтарда ит үйретіп, ат ұстап, аттардың арқасында көшіп-қонып, аң аулап, өздерінің сана-сезімдерін дамыта бастады. Көне дәуірлік адамның сана-сезімінің, ой-қабілетінің дамуы сол кездегі қоғамда дене тәрбиесінің пайда болуының субъективті алғы шарттары болып табылуында еді.
Адам - өзіне тән іс-қимыл белсенділігі бар әлеуметтік-биологиялық түр. Адамның іс-қимыл белсенділігі оның ағза мүшелерінің жаттығуына әкеледі. Көрнекі кеңес зерттеушісі М.О. Косвен өзінің «Көне дәуір мәдениетінің тарихы туралы очерктері» еңбегінде: «...күні бойы жұмыс істеп шаршаған көнедәуірлік адам, кешке қарай демалып, ағзасын, дене мүшелерін бой жазу арқылы өзінің табиғи физиологиялық қажеттіліктерін керек етеді. Дене шынықтыру-жаттықтырушылық немесе эмоционалдық іс-қимылдар аңға немесе жорыққа шығар алдында орындалатын аңшылық және әскери билерге оң әсерін тигізетін...».
Діннің пайда болуынан бастап, дене жаттығуларының элементтері діни салт-дәстүрлермен байланыстырыла бастады. Осылайша, діни тұрғыдағы билер, ойындар пайда болды. Дегенімен, дене қимылы жаттығуларының, ойындардың және билердің шығу тегі діннің пайда болуынан бұрын адамзат тарихында пайда болған [2].
Алғашқы олимпиадалық ойындар
Дене тәрбиесінің дене қимылы жаттығуларының көп түрлілігін Қытай, Египет, Индия, Парсы, Вавилон, Ассирия елдеріндегі ежелгі қолтаңбалар мен мәдениет ескерткіштері куә болады. Құл иеленушілер дене мәдениеті көп жаттығуларды халықтан алды. Индия халқының кейбір ойындары мен дене қимылы жаттығулары ежелгінің тереңіне кетіп қалады. Мұнда аң аулау атта шабу, семсерлесу, күймелерде жарысу, садақ ату, таяқ қолданатын доппен ойнау сияқты ойындарды қолданатын. Сол ойындардың қазірге дейін аттағы поло, хатха-йога, шахмат, көгалдағы хоккей т.б. секілді түрлері жеткен. Ежелгі Парсыда атта шабу, садақ ату, дротик лақтыру секілді ойын түрлерін үйрететін мектептер болған.
Бірақ, мұнда тек байлардың балалары ғана оқыған. Біршетінен, мұндай мектептерде ержүрек батыр нояндар дайындап отырған. Ежелгі Египетте фараондар моласын қазу кезінде Бе Гассан деген жерде көмбелері табылған ғалымдардың зерттеуінше бұл шамамен б.д.д. ХҮІІІ-ХҮІІ ғасырлар бұрын сурет фрескаларда 400-ден аса ойын мен дене қимылы түрлері табылды. Онда аң аулау, садақ ату, күрес, арбада атпен жарысу сияқты түрлері болған. Б.д.д. ҮІ-Ү ғасырларда Египетте сондай жарыстарды өткізетін арнайы ғимараттардың қалдығы табылған. Ол кезде қарапайым халық ойындар, күрес, акробатикалық жаттығулар, жүгіру, секіру, лақтыру, садақ ату, ауыр зат көтеру секілді дене қимылы жаттығуларымен айналысатын. Байлар дене тәрбиесі мектепте, тұрмыста, әскери қызметте өтетін. Олар халық арасында ойындар мен жаттығуларынан алатын, бірақ, тұқымы таза деп күймеде аң аулау, садақ ату, атпен жарыс т.б. түрлері мен айналысатын. Археологтар тастарда суреттердің кескіндерін тапқан. Онда Вавилонда - жұдырықтасу мен күрестің, Ассирияда - садақ ату мен жүзудің кең қанат жайғанын мәлімдейді.
Байлар өзара семсерлесу, күймеде жарыс түрлерімен айналысатын. Қытай - каратэ, яғни, қару-жарақсыз, жалаң қол-аяқпен қарулы жасаққа қарсы тұра алу өнерімен белгілі. Ежелгі Шығыс елдеріндегі құл иеленушілердің билігі күшейген сайын, халықтың дене қимылы жаттығулары мен ойындары шектеле бастады. Бұған себеп - халық осындай ойындар мен дене қимылы жаттығулары арқылы күшейіп кетсе, билік басындағылардың ертеңгі күні әлдері келмей қалатын еді. Сондықтан да, қарапайым халыққа шектеулер қойыла бастады.
Спортық ойындық жүйе, әсіресе, АҚШ-та жақсы сіңіп дамыды. Оған ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Песталоццидің педагогикалық идеялары сіңді. Сөйтіп, американдықтар өзінің университет, мектептерінде дене тәрбиесін оқу жүйесіне енгізді. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдары бөлек ойын және атлетикалық клубтары ашылып, жарыстар өткізіле бастады. Сонымен бірге, Америка құрылығының байырғы тұрғындарының арасында көптеген ұлттық дене қимылы жаттығулары мен ойындары кең танымал болды.
Американдық үндістер арасында допты қолдана отырып, ойнайтын ойын түрлері, садақтан ату, найза лақтыру, үлкен қашықтықтарға жүгіру, секіру, күрес және жаттығудың басқа да түрлері болды.АҚШ-тың спорттық-ойындық жүйесі эклектикалық жағдайда болды. Онда Еуропадан әкелінген спорттық ойындардың және Американың байырғы тұрғындарының дәстүрлі ойындарының қосындысынан туылған жүйе еді. Сондықтан да, АҚШ дене тәрбиесінің жүйесі еуропалық, әсіресе, ағылшындық дене тәрбиесі жүйесінен алынған.
Спортық ойындық жүйе, әсіресе, АҚШ-та жақсы сіңіп дамыды. Оған ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Песталоццидің педагогикалық идеялары сіңді. Сөйтіп, американдықтар өзінің университет, мектептерінде дене тәрбиесін оқу жүйесіне енгізді. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдары бөлек ойын және атлетикалық клубтары ашылып, жарыстар өткізіле бастады. Сонымен бірге, Америка құрылығының байырғы тұрғындарының арасында көптеген ұлттық дене қимылы жаттығулары мен ойындары кең танымал болды.
Американдық үндістер арасында допты қолдана отырып, ойнайтын ойын түрлері, садақтан ату, найза лақтыру, үлкен қашықтықтарға жүгіру, секіру, күрес және жаттығудың басқа да түрлері болды.АҚШ-тың спорттық-ойындық жүйесі эклектикалық жағдайда болды. Онда Еуропадан әкелінген спорттық ойындардың және Американың байырғы тұрғындарының дәстүрлі ойындарының қосындысынан туылған жүйе еді. Сондықтан да, АҚШ дене тәрбиесінің жүйесі еуропалық, әсіресе, ағылшындық дене тәрбиесі жүйесінен алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |