14.Қорғаныс қызметіне қатысады (иммунопоэзді ретейді, антиденелер, фагоцитозға қатысады) 15.Дезинтоксикациялық қызметі 16.Гормондардың белсенділігін жояды 17.Жылу реттеу үрдісіне қатысады 18.Гомеостазды қамтамасыз ететін маңызды ағза
Дәріс 3: Ішектің әр бөлімінде өтетін қоректік заттардың қуыстық және мембраналық гидролизі. Асқазан-ішек жолында өтетін заттардың сіңуі. Ас қорыту жүйесінің ішкі секрециялық (эндокриндік) қызметі
Қоректік заттар ішек сөлінде тікелей (қуыстық) және ішек қабырғасының ішкі бетінде қорытылады. Қуыстық ас қорыту- бұл үрдіс сөл шығаратын бездердің сөліністері мен олардың ферменттерінің әсерінен ішектің қуысына өтеді (ұйқы безінің сөлі, өт, ішек сөлі). Қуыстық ас қорыту жолымен ірі молекулалы заттар олигомерлерге дейін ыдырайды, олардың соңғы өнімдерге (мономерлерге) дейін ыдырауы ішектің кілегейлі қабатында – яғни мембраналық ас қорыту жолымен іске асырылады. Мембраналық ас қорыту Уголев А. М. ашты
Мембраналық ас қорытуға қатысатын негізгі ішек ферменттері:
көмірсулар гидролизі - -глюкозидазалар (мальтаза, трегалаза), лактаза, инвертаза, т.б..
олиго- және дипептидтер гидролизі – пептидазалар;
сілтілік фосфатаза, липаза.
Ішектің қимыл әрекеті Ішек қабырғасындағы сақина тәрізді және ұзына бойы орналасқан бірыңғай салалы еттердің жиырылуымен жүзеге асады.
Қимыл әрекетінің 5 түрі бар
Перисталтикалық.-екі түріде қатысады. Химустың жоғарғы жағында-сақина тәрізділер жиырылып , дәл сол кезде одан төмен ұзыннан орналасқан еттер жиырылады, ішек қуысын кеңейтеді