Дәріс №1 Атом-молекулалық ілім негізі


Дәріс №12 Р-элементтері және оның қосылыстары



бет14/16
Дата17.10.2023
өлшемі168,35 Kb.
#116911
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс №12
Р-элементтері және оның қосылыстары


Дәрістің мақсаты: берілген дәріс тақырыбын толық қарастырып зерттеу.



  1. Р – элементтер.

Р – элементтерге ІІІА – VІІІА топ элементтері жатады. Олардың ішінде металдар да болады. р – элементтерде сыртқы энергитекалық деңгейінің 


р – деңгейшелері электрондармен толады. Сыртқы электрондық қабатының формуласы, мұнда m мәні 1 –ден 6–ға дейін, яғни р–деңгейлерінде 1– ден 6 дейін электрондар орналаса алады.
ІІІА- 
IVA- 
VA- 
VIA- 
VIIA-
Периодтық жүйеде 30 p – элементтер бар. Олар өздеріне сыртқы электрондық деңгейі бар топтарды құрайды.
Көптеген p – элементтерге оң тотығу дәрежесі ғана емес, сонымен қатар теріс тотығу дәрежесі де тән (гидридтер, сульфидтер, нитридтер, оксидтер, силицидтер фосфидтер, галогенидтер). Жұп топ элементтері көбінесе жұп тотығу дәрежесін, ал тақ топ элементтеріне – тақ тотығу дәрежесін көрсетеді. Ең жоғары (максимал) тотығу дәрежесі элементтің орналасқан тобының нөміріне сәйкес келеді. Период бойынша солдан оңға қарай атомдардың радиусы кішірейеді, тотықтырғыштық қасиет артады, тотықсыздандырғыштық қасиет кемиді. Топтарда ретік нөмері өскен сайын тотықсызданғыштық қасиет артады.
p – элементтердің көбісі нағыз бейметалдар болады және организмдердің тіршілігіне маңызды роль атқарып, жоғарыда айтқандай, Р, С, N, O және т.б.органогенді элементтер болып табылады.
Азот ақуыздардың құрлымын құрайды. Азотсыз ақуыздар болуы мүмкін емес, ал ақуызсыз өмір болуы мүмкін емес.
Фосфор фосфат – анионы түрінде нуклеин қышқылдардың құрамына кіреді. Ал нуклеин қышқылдарында бүкіл тұқымқуалаушылық қасиеттері жазылған.
Күкірт өсімдік және жанурлар белоктарының құрамына кіреді, ал ет, балық, жұмыртқа шіру нәтижесінде түзілетін күкіртсутек белоктық қосылыстардың ыдырауы нәтижесінде бөлінеді.
Оттектің биологиялық ролі бәріне белгілі, оттекпен барлық организмдердің тыныс алу, фотосинтез, тотығу – тотықсыздану процестері байланысты.
ІІІА топ элементтері. Осы топ элементтері ішінде медициналық – биологиялық маңызы зор бор, алюминий және таллий. Бордың өсімдіктер үшін қажеттілігі бұрыннан белгілі. Ол көмірсулардың алмасуына, нуклеин қышқылдарының синтезіне әсер етеді. Адамдарда және жануарларда сүйектерде, тіс эмалінде болады және паратгормонның белсенділігін реттей отырып, кальций, магний мен фосфор алмасуына әсер етеді, Тамақпен бірге бордың көп мөлшері түсе, бороздалар пайда болуы мүмкін. Медицинада және ветеринарияда антисептік ретінде бор қышқылы және натрий тетрабораты (бура) сыртқы қолданылады. 
Алюминий – нағыз амфотерлік металл, оның оксидтері және гидроксидтері амфотерлік қасиет көрсетеді. Қосылыстардағы алюминийдің тотығу дәрежесі тұрақты (+3). Органикалық және де бейорганикалық лигандалармен тұрақты комплексті қосылыстар түзеді: [Al , [Al. Ағзаларда және ұлпаларда алюминий артық болса, алюминоз ауруы пайда болады. Алюминий ағза үшін нейротоксикалық әсері бар (энцефалопатия, Алцгеймер ауруы). Дәрі – дәрмек ретінде: Al - гастрит және жара ауруында жараны тез бітейтін зат ретінде; O – ашудас, қан тоқтататын зат ретінде қолданылады. 
Талий – уытты элемент. Оның қосылыстары жеміргіштерді жою үшін пайдалынады. Медицинада таллий пластрі (таллий ацетаты бар) дәрілік депилляция (шаштарды құрту үшін) ретінде қолданылады.

Негізгі қоректік заттар 

Тәуліктің мөлшері 

Негізгі қоректік заттар 

Тәуліктің мөлшері 

Белоктар
Майлар 

85 г 
102 г 

Көмірсулар 

380-400 г 

Минералды заттар 

Кальций
Марганец
Молибден
Магний
Темір
Мыс 

800мг
5-10мг
0,5мг
400мг
14мг
2 мг 

Кобальт
Фосфор
Хром
Фторидтер
Йодтар 

0,1-0,2мг
1200мг
2-2,5мг
0,5-1,0мг
0,0-0,2 мг 

Витаминдер 

В1 (тиамин)
В2 (рибофлавин)
В6 (пиридоксин)
В9 (фолацин)
В12 (цианкобаламин) 

1,7мг
2,0 мг
2,0 мг
200 мг

3 мкг 


С (аскорбин қышқылы)
А(ретинол)
Е(такоферол)
Д(кальцийферол)
РР(ниацин) 

70мг
1000мкг
10мг
2,5мг
19 мг 

Ағзаға қажетті негізгі қоректік заттар






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет