Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Бейорганикалық химияда валенттілік ұғымының орнына тотығу дәрежесі ұғымы қолданылады. Тотығу дәрежесі – молекула тек ионнан тұрады деген ұғымның негізінде алынған атомның шартты заряды. Тотығу дәрежесі 0, «+» немесе «-» таңбасымен белгіленеді.
Молекуладағы атомның тотығу дәрежелерін анықтау үшін мына ережелерді ұстанады:
1. Иондық байланыс түзетін молекулалардағы атомның тотығу дәрежесі иондардың зарядтарына тең. Мысалы, натрий хлоридіндегі натрий атомының тотығу дәрежесі «+1», хлордың тотығу дәрежесі «-1».
2. Жай заттағы атомдардың тотығу дәрежесі 0-ге тең. Мысалы, т.б. – бейтарап бөлшектер, тотығу дәрежелері нөлге тең.
3. Ковалентті полюсті байланыс түзетін молекулалардағы атомның тотығу дәрежесі оң және теріс болады. Электртерістілік мәні жоғары атомдардың тотығу дәрежесі әрқашан теріс болып келеді.
4. Молекуладағы барлық атомдардың тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы нөлге тең.
Сілтілік металдардың тотығу дәрежелері тұрақты +1, сілтілік – жер металдардың тотығу дәрежелері +2, сутегі гидрид қосылыстарында ғана -1, басқа қосылыстарда +1 болады, оттегі пероксидтерде -1, фтормен қосылысында +2, басқа қосылыстарда -2 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Осыларды ескере отырып, қосылыстағы элементтің тотығу дәрежесін табуға болады. Мысалы, күкірт қышқылындағы күкірттің тотығу дәрежесін анықтайық.
Сутегі мен оттегі атомдарының тотығу дәрежелері белгілі. Күкірттің тотығу дәрежесін табу керек. Молекуладағы барлық атомдардың тотығу дәрежелерінің қосындысы нөлге тең екенін ескере отырып, теңдеу құрып анықтаймыз:
Күкірт қышқылында күкірттің тотығу дәрежесі +6-ға тең.
Химиялық реакциялар атомдардың тотығу дәрежелері өзгермей жүретін реакциялар және тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар деп бөлінеді. Тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары дейді. Мысалы:
Бұл реакцияда хлор мен оттегі атомдарының тотығу дәрежелері өзгереді.
Тотығу-тотықсыздану теориясы бойынша тотығу процесі – атомдардың, молекулалардың немесе иондардың электронды беруі. Мысалы,
Электрондарды қосып алу процесі – тотықсыздану деп аталады. Мысалы,
Электрондарын беретін молекулалар, атомдар немесе иондар (өздері тотығады) – тотықсыздандырғыштар, электрондарды қосып алатын молекулалар, атомдар немесе иондар (өздері тотықсызданады) – тотықтырғыштар.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері:
Достарыңызбен бөлісу: |