Дәріс №1 Атом-молекулалық ілім негізі


Дәріс №14 Лантоноидтер. Актиноидтер



бет16/16
Дата17.10.2023
өлшемі168,35 Kb.
#116911
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
1869614765235 Лекция ядр. физ. 2

Дәріс №14
Лантоноидтер. Актиноидтер.


Дәрістің мақсаты: берілген дәріс тақырыбын толық қарастырып зерттеу.



  1. Лантоноидтар.

  2. Актиноидтар.

Актиноидтар, актинийліктер — элементтердің периодтық жүйесінің VІІ қатарында, актинийден кейін орналасқан. Реттік нөмірлері 90-нан 103-ке дейінгі 14 элемент.


Оған: торий (Тh), протактиний (Pa), уран (U), нептуний (Np), плутоний (Pu), америций (Am), кюрий(Cm), берклий (Bk), калифорний (Cf), эйнштейний (Es), фермий (Fm), менделевий (Md), нобелий (No) және лоуренций (Lr) жатады. Актинийліктердің электрондық құрылысы мен химиялық қасиеттері ұқсас келеді. Олардың барлық изотоптары радиоактивті. Торий, протактиний, уран ғана табиғи түрінде алынған, қалғандары қолдан жасалған. Жер қыртысында торий (110-3), уран (410-4) және протактиний (710-11%) аз да болса кездеседі. Уран және плутоний изотоптары: 233U, 235U, 239Рu атом бомбаларында қопарылғыш зат және ядролық реакторларда отын ретінде қолданылады. Ураннан кейін орналасқан актинийліктер трансуран элементтерге жатады.
Лантаноидтар, лантанидтер (лантан және грек. lіdos — бейне, түр), элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобында лантаннан кейін орналасқан; атомдық номері 58 — 71 аралығындағы 14 химиялық элементтің [Ce (атомдық номері 58), Pr (59), Nd (60), Pm (61), Sm (62), Eu (63), Gd (64), Tb (65), Dy (66), Ho (67), Er (68), Tm (69), Yb (70), Lu (71)] тобы (шоғыры). Сирек жер элементтері тобына кіреді. Лантаноидтар екі топқа бөлінеді: церийлі (Ce-ден Eu-ге дейін) және итрийлі (Gd-ден Lu-ге дейін). Ce-ден Gd-ге дейінгілері жеңіл Лантаноидтар, ал Tb-ден Lu-ге дейінгілері ауыр Лантаноидтар деп аталады. Лантаноидтардың жер қыртысындағы мөлшері (массасы бойынша) 1,610–2%. Лантаноидтардың физикалық және химиялық қасиеттері ұқсас болғандықтан оларды бір-бірінен бөліп алу өте қиын. Бұл электрондық бұлттар құрылысының ұқсастығымен түсіндіріледі. “Итрийлі жерді” 1794 ж. Фин химигі Ю.Гадолин (1760 — 1852) минералдар құрамынан тауып, гадолинит деп атады. 1803 ж. М.Клапрот (1743 — 1817) және Й.Я. Берцелиус (1779 — 1848) жаңа “церийлі жерді” анықтады. Лантаноидтар күмістей ақ түсті (кейбіреулері аздап сарғыш, мысалы, Pr және Nd) металл, созылғыш
әрі иілгіш. Лантаноидтар химиялық активті, олар берік оксидтер, галогенидтер, сульфидтер түзеді; сутек, көміртек, азот және фосформен әрекеттеседі. Суды ыдыратады, тұз, күкіртжәне азот қышқылдарында ериді. Лантаноидтар нашар еритін тұздардың қорғағыш қабықшасымен жабылғандықтан тұрақты болып келеді. Органикалық қосылыстармен кешенді қосылыстар түзеді. Барлық Лантаноитарды олардың тұзды балқымаларындағы қосылыстарын электролиздеу арқылы алуға болады. Механикалық коррозияға тұрақтылығын, ыстыққа төзімділігін арттыру үшін Лантаноидтарды болат, шойын, т.б. құймаларға қоспа ретінде, шынылардың арнайы түрлерін алу үшін, атом техникасында, т.б. қолданады. Лантаноидтар қосылыстарын лактар дайындау, радиоэлектроникада катодтар жасау үшін, тері, мақта-мата өнеркәсібінде, т.б. мақсаттарда пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет