Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТІРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Политехникалық институты
“Электротехника және автоматика” жоғары мектебі
Орал,2023 1 Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………….3 Негізгі бөлім:Электр оқшаулағыш лактар,эмальдар және компаундтар……….4 1. Электр энергиясын оқшаулау материалдары……………………………...4 2. Электр оқшаулағыш полимерлер…………………………………………...6 3.Лактар,эмальдар және компаундтар…………………………………….......7 Қорытынды……………………………………………………………………..13 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………14
2 Кіріспе Оқшаулатқыш, электрлік оқшаулатқыш – 1) меншікті электрлік кедергісі өте үлкен зат (диэлектрик). 2) Электр потенциалы әр түрлі жабдықтарды немесе оның жеке бөліктерін электр оқшаулауға, олардың жерге, корпусқа, ғимаратқа қысқа тұйықталуын болдырмауға арналған электртехнткалық құрылғы. Электр оқшаулау – өткізгіштердің тікелей түйісуі немесе олардың арасында электрлік тесу болмау үшін оларды диэлектрикпен бөлу. Оқшаулатқыштар электр энергиясын тарату желілерінің тіректеріне сымдарды бекітуге арналған желілік (істікті және аспалы), тарату құрылғыларының токөткерме бөліктерін монтаждауға арналған стансалық және әр түрлі электр аппараттарының, машиналарының бөлшектерін бекітуге және бөлектеуге арналған аппараттық (құралымдары әр түрлі, мысалы, табақша, оқтауша түрінде) деп ажыратылады. Шыны мен фарфордан жасалған оқшаулатқыштар көп тараған. Соңғы кезде электр және механика қасиеттері жоғары полимерлік оқшаултар кеңінен қолданыс табуда. Полимерлік оқшаулытқыштарды жасау технологиясы энергия жағынан тиімді, автоматтандыруға ыңғайлы. 3) Радиотехникада электр оқшауланған– ұзындығы жұмыстық радиотолқын ұзындығының 1/4-іне тең, бір ұшы қысқа тұйықталған, екінші ұшының кедергісі өте үлкен екі сымдық немесе каоксиалдық желінің кесіндісі. Аса жоғары жиілікті радиоқұралымдарда олар тірек немесе желідегі жасанды саңылау (үзік) ретінде пайдаланылады.