Дәріс №1 Атом-молекулалық ілім негізі


Дәріс №6 Электролиттердің сулы ерітінділері



бет7/16
Дата16.05.2023
өлшемі194,27 Kb.
#93803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Ä ð³ñ ¹1 Àòîì-ìîëåêóëàëû ³ë³ì íåã³ç³

Дәріс №6
Электролиттердің сулы ерітінділері


Дәрістің мақсаты: ерітінділердің концентрацияларын, титрін, массалық үлесін есептеу, электролиттердің диссоциациялануын және гиздролиз процесінің қандай жағдайларда жүретінін білу.



  1. Ерітінділердің концентрацияларын, титрін, массалық үлесін есептееу.

  2. Электролиттердің диссоциациялануы.

  3. Гидролизі процесі.



Ерітінді деп екі немесе бірнеше компоненттен тұратын гомогенді жүйелерді айтады. Компоненттердің агрегаттық күйі бойынша ерітінділерді үш топқа бөлуге болады: газдың-газдағы ерітіндісі, сұйық ерітінділер, қатты ерітінділер. Газ ерітінділеріне ауа, ал қатты ерітінділерге түрлі металдардың қортпалары жатады. Ал сұйық ерітінділер газдардың сұйықтағы ерітінділері, қатты заттардың сұйықтағы ерітінділері, сұйықтың сұйықтағы ерітінділері болып бөлінеді. 
Ерітінділер еріген заттан және еріткіштерден тұрады. Заттардың белгілі бір еріткіштегі ерігіштігі шектеулі болады. Сондықтан белгілі бір температурада берілген еріткіште ери алатын зат еріткіш деп аталады. Ерітінділерді ерігіштігіне байланысты жіктейді. 
Қаныққан – берілген температурада зат одан әрі ерімейтін ерітінді, яғни ерітінді еритін затпен тепе-теңдікте болады. Қанықпаған – берілген температурада ондағы еритін заттың мөлшері оның қаныққан ерітіндідегісінен аз ерітінді, аса қаныққан ерітінді – бірдей жағдайда қаныққан ерітіндіде еріген затпен салыстырғанда, еріген заты артық болатын ерітінді. Ерігіштік – температура мен қысымға тәуелді. Сонымен бірге ерітінділер сұйық және концентрлі ерітінділер деп те жіктеледі.
Ерітінділердің маңызды сипаттамаларының біріне концентрация жатады. Концентрация – ерітіндінің немесе еріткіштің белгілі мөлшеріндегі еріген заттың мөлшері.
Массалық үлес (пайыздық үлес) – еритін зат шамасының ерітіндінің жалпы шамасына пайыздық қатынасы, пайыздық үлес әр 100 г ерітіндіде еріген заттың (грамм) мөлшерін көрсетеді. 
.
Молярлық концетрация CМ – 1 л ерітіндідегі еріген заттың мөлшері
,
мұндағы М – еріген заттың молярлық салмағы, г/моль;
V – ерітінді көлемі, л
mзат – еріген заттың шамасы, г.
Еріген зат шамасының ерітінді көлеміне қатынасы моль/л белгіленеді.
Мольдік үлес N – еріген зат санының немесе еріткіштің ерітіндідегі барлық зат санының мөлшеріне қатынасы. Еріткіш және бір еріген заттан тұратын жүйеде, соңғының мольдік үлесі тең
.
Мұнда n1n2 – еріткіштің және еріген заттың моль санына сәйкес.
Моляльдық концентрация 1000 г еріткіште еріген заттың моль саны көрсетіледі
,
мұндағы n – еріген заттың моль саны;
m1 – еріген заттың массасы;
m2 – еріткіштін массасы;
M – еріген заттың молярлық массасы.
Эквиваленттік немесе нормальдық концентрация – Сн  еріген заттың грамм эквивалент шамасы

Титр – еріген зат массасының ерітінді көлеміне қатынасын көрсетеді. Өлшем бірлігі: г/мл:
, .
Ерітінділердің еруі еритін заттардың табиғатына, ерітіндінің концентрациясына, температурасына байланысты. 
Ерітіндінің қайнау температурасының жоғарлауы мен қату температурасының төмендеуі еріген заттың концентрациясына тура пропорционалды тәуелділікте болады.

.
Мұнда Сm – моляльдық концентрация; 
DТқату = Tеріткіштің қату температурасы – Терітіндінің қату температурасы
DТқайнау = Tерітіндінің қайнау температурасы – Теріткіштің қайнау температурасы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет