Дәріс 1 Дүниетануды оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері. Мазмұны



бет10/28
Дата09.05.2023
өлшемі136,83 Kb.
#91298
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Д ріс 1 Д ниетануды о ыту дістемесіні ма саты, міндеттері. Маз

Оқытудың интерактивтік әдістері
Интерактивтік деген термин соңғы кезде жиі қолданылып жүр. Бұл оқушылардың белсенділігінің артуына ықпал ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деп қарай алмаймыз. Кеңірек айтсақ, сабақ барысында оқушылардың өз арасындағы және оқытушы мен оқушылар арасындағы кез келген мәселенің шешу жолын және бұл шешімнің қаншалықты дәрежеде тиімді екенін талқылау түрінде жүргізілетін жоғары деңгейде өтілетін өзара әрекеттестікпен өтетін оқытуды интерактивтік деп атай аламыз. Мұндайда қойылған проблеманың жауабынан гөрі, оны шешу процесіндегі әрекеттің маңызды екенін түсіну керек. Интерактивтік әдістің мақсаты тек ақпарат беру ғана емес, оқушылардың өздігінен жауап іздеу дағдыларын қалыптастыру. Интерактивтік әдіс өзара әрекеттестіктің алуан түрлері мен міндеттерін қамтиды. Бірақ, қандай әдістер мен тәсілдер қолданылса да, оқушының өмір тәжірибесі мен бұрын меңгерген ұғымдары негізгі білім көзі болып табылады. Ол әрекет мына төмендегі қарым-қатынаста байқалады:
1. Оқытушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас (оқытушының сұрақтарына жауап бергенде);
2. Сабаққа қатысып отырған өзге адамдармен арадағы қарым-қатынас;
3. Басқа оқушылармен (жұптасқан жұмыс барысында);
4. Шағын топтармен арадағы қарым-қатынас (3-5 оқушы арасында);
5. Үлкен топтармен арадағы (рөлдік ойындар, дебат, тақырыптық талқылаулар т. б. );
6. Оқушылар және жұртшылық топтармен (әлеуметтік сауалнама жүргізгенде);
7. Техника түрлерімен (компьютер, кинофильм).
Мұндай әрекеттестік негізінде оқушылар оқу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алады, өз шешімдерінің дұрыстығына көз жеткізеді, тіпті болмағанда оның басқа жобалардан гөрі артықшылығын байқауға логиқалық түрде түсінеді.
Жұптасып және шағын топтарда жұмыс істеу барысында әрекеттесу арқылы оқушы қысылмай өз ойын айтуға дағдыланады. Сонымен катар пікірдің әр түрлі болатындығына да көзі жетеді. Осы арқылы оқушының ақыл-ой белсенділігінің дәрежесі де көтеріледі.




9-10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет