Дәріс 1 Дүниетануды оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері. Мазмұны



бет7/28
Дата09.05.2023
өлшемі136,83 Kb.
#91298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Д ріс 1 Д ниетануды о ыту дістемесіні ма саты, міндеттері. Маз

Дәріс 7-8. Жаңартылған мазмұн бойынша бастауыш мектепте «Дүниетануды» оқытудың әдістемесі. Оқытудың әдістері, ұстанымдары, ұйымдастыру формалары
Дәрістің жоспары:
1. Оқыту әдістері.
2. Оқыту әдістерінің түрлері, оған қойылатын талаптар.
3. Оқыту әдістері мен тәсілдерін тиімді таңдау жолдары.
Дәрістің барысы:
Әдіс - бұл білім берудің басты құралы. Қалай оқытсақ оқушыларға білімді тиянақты, тартымды, нәтижелі етіп беруге болады деген сұраққа жауап іздесек - әдіске келіп тірелеміз. Әдіс арқылы ғана жоспарланған мақсаттың орындалуы мен соңғы нәтиженің арасындағы байланысты жүзеге асыруға болады. Әдіс арқылы ғана педагогтің алдына қойған мақсатына жету жолындағы жұмысы реттеледі.
Қолданылатын әдісті анықтап алмай,мазмұнның ашылуы мақсатқа жету және жұмыс түрінің ұйымдастырылуы мүмкін емес.Дүниетанупәнінде қолданылатын әрбір әдістің мазмұнын аша түсетін оның құрылымына енетін тәсілдер жүйесінің болуы. Оқыту әдістерін сөз еткенде алдымен оның дидактикальқ негізіне тоқталуға тиіспіз. Қандай әдісті қолдансақ та олардың бәріне ортақ талап - білім беруге қойылатын педагогиқалық заңдылыктар мен принциптерден асып кетпеу.
Білім беру ісі қолға алынған кезден бастап оқыту әдістері жайында сөз болып келеді. Оқыту әдістерін теориялық тұрғыдан зерттеуге байланысты еңбектер баршылық. Бірақ осыған дейін жүйелі зерттеуге негізделген Дүниетанупәнін (Жаратылыстану) оқыту әдістемесі монографиялық еңбек түрінде жарық көрген емес.
Бастауыш сыныптағы оқыту түбегейлі орта білім беру жүйесінің бастамасы. Бастауыш буыннан оқушының білім алуға ынтасының алғашқы ірге тасы каланады. Сондықтан да, әдістемелік әдебиеттерде білімнің ірге тасы қаланатын буын алгашқы бастауыш сыныптар екені үнемі айқын айтылып келеді. Шын мәнінде білімнің ірге тасын қалауға жағдай жасайтын оқушыларға білім меңгеру жолдарын үйретіп, олардың оқу дағдыларын қалыптастыруға әсер ететін басты әрекет-тиімді қолданылған оқыту әдісі екені даусыз. Осы кезге дейін оқыту әдісінің тиімді түрлері сараланып, білім беру барысында қолданылып келеді. әр әдісті қолданудың тиімділігі бірінші кезекте мұғалімнің шеберлігі арқылы өз деңгейіне көтеріледі. Солай бола тұрғанмен әдіс-бұл тарихи категория. Әр кезеңдегі мектеп өмірінде болған өзгерістерге қарай және сол кездегі әлеуметтік мақсатпен көзқараска байланысты білім берудің мақсаты өзгеріске ұшырап, әдіс түрлері де өзгеріп отырады.
Білім беру саласында қолданылып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отырған әдістер жеткілікті. Дегенмен әр пәннің өзіне ғана тән және сол пәнді оқыту барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға шығармашылығын дамытуға икемді, тиімді, сапалы нәтиже беретін әдістер бар.
Әрбір оқыту әдісі білім беруді жүзеге асыру барысында оқушылардың ойлау процесінде шеберлік пен икемділігін,іскерлік дағдысын тәрбиелеуге және қалыптастыруға қызмет етеді. Сондықтан да оқыту әдісін тек логиқалық тұргыдан қарап топтастыру біржақтылыққа әкеліп соғады. Индукция, дедукция сабақтық кез-келген бөлімінде әр оқыту әдісінің үстінде аралас өтіп жататын процесс. Сондықтан оларды әр әдіске жекелеп тіркеп арасын бөліп қарауға келмейді. Білімді тиянақты меңгеру мақсатын жүзеге асыруда жинақтаутоптау, саралап жеке ерекшеліктерін табу,сол арқылы белгілі тұжырымға келу қатар жүреді. Осы тұрғыдан қарағанда индукциялық ой мен дедукциялық ойды бөліп тастауға болмайды. Мәселен көрнекілік әдісін қолдану барысында оқушылар заттың ұқсас белгілеріне қарап, жеке заттардан тұтас жалпы ойға көшсе,екінші жағынан тұтас ойды талдап жалқы ойға өтеді. Мұндай жағдайда жекелеу мен топтау қатар жүріп отырады.
Әдіс сабақтың белгілі бір бөлімінде қолданылатын іс-әрекет болса, топсаяхат бірнеше оқыту және оқу әдістерінің нәтежесінде жүзеге асырылатын білім берудің түрі (формасы) екендігі туралы пікірге биологиялық пәндердің оқыту жүйесін зерттеуші әдіскерлердің бәрі дерлік қосылады.
Б. П. Есипов пен М. А. Данилов «Дидактика» оқулығында оқыту әдістерін сабақ барысында орындалатын жұмыс түрлері мен шешетін проблемаларына қарай топтайды. Олар оқушының жана білімді меңгеру әдістеріне - мұғалімнің баяндауын тыңдауға әзірлік, мұғалімнің білімді баяндауы, мұғалімнің баяндаған пікірін ой елегінен өткізу,бектіту әрекеттерін жатқызады да оқушылардың өздігінен жаңа білім алуын оқушыларда бейімділік пен дағдының қалыптасуын, алған білімдерін іс жүзінде қолдану практикасын оқушылардың шығармашылық әрекеттерін қайталау арқылы білімді бекітуін, білімін, бейімділігін, дағдысын тексеруді жеке-жеке әдістер тобына жатқызады. Бұл топтау оқыту әдістерінен гөрі оқыту барысында ұйымдастырылатын жұмыстар түріне жатады. Бұған қарап оқыту барысында қолданылып келген сөздік,практикалық әдістерді білім берудің әр кезеңіне қарай топтастырғанын көреміз. Мәселен қайталау арқылы оқушылардың білімдерін бекіту кезінде сөздік әдіс те, практикалық әдіс те, көрнекілік әдіс те қолданылуы мүмкін.
Оқыту, білім беру процесі осы кезге дейін талай зерттеліп дамып келеді. Оқыту процесін зертеуге байланысты жеткен жетістіктеріміз қазіргі таңда оқытып білім беретін әр түрлі типті мектептер тәжірибесінде жүзеге асты. И. Я. Лернердің пікірі бойынша адам баласының білімді меңгеруі және мәдениет деңгейі екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезең - алғашқы таным, оның бірте-бірте адам санасында жаңартылып шындыққа айналуы. Екінші кезең -оқу процесі арқылы ұғымдардың меңгерілуі білімге айналуы.
Бұрын оқыту әдісі негізінен мұғалімнің оқушыларға білім меңгертудегі қолданылатын іс - әрекетті есебінде қаралса, ендігі жерде оқыту әдісі жаңа ұғым беру барысындағы мұғалім мен оқушының оқыту және оқу әрекеттерінің сәйкестігіне жүгіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет