Дәріс 1 Дүниетануды оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері. Мазмұны



бет25/28
Дата09.05.2023
өлшемі136,83 Kb.
#91298
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Д ріс 1 Д ниетануды о ыту дістемесіні ма саты, міндеттері. Маз

Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру. Бұл оқушылардың тікелей тәжірибелер мен бақылаулар жүргізуіне қажет жағдай. Кейінгі кездерде бастауыш мектепте тірі табиғат бұрышын жасауды онша тиімді емес деген пікір етек алуда. Бірақ әр сыныптың терезе алдында міндетті түрде түрлі бөлме өсімдіктері болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, сыныпта аквариум да ұстай алады. Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру арқылы мұғалім оқушыларға жергілікті нысандарды нақты бақылауға жағдай жасайды. Тірі табиғат бұрышын жасауда бірнеше талаптарды естен шығармаған дұрыс:
тірі табиғат бұрышына арналған бөлмеге жарық жақсы түсуі керек. Бұл жерде түрлі өсімдіктерді өсіруге де жағдай болуға тиісті. Сонымен қатар мұнда қоятын тірі табиғат нысандарын таңдау жергілікті жердің жағдайына және мектептегі жағдайға байланысты бұрышқа қойылатын жануарлар мен өсімдіктер міндетті түрде жергілікті нысандардан болуға тиіс. Сонымен қатар бастауыш сынып бағдарламасына лайықты ма­териалдар қамтылмақ.
- әрбір нысан екі-екіден болуға тиісті. Бұл оқушылардың әр түрдің нақты қасиеттері мен түсінің тұрақтылығын аңғаруына керек. Бұрышқа қойылатын материалдар баланың назарын аударатындай, тартымды және түрі-түсі ашық қанық бояулы болғаны жөн. Мәселен, өсімдіктер болса, көбіне ашық түсті және оқушылардың бақылауына ыңғайлы бөлме өсімдіктері: алоэ, бегония, кактустың түрлері, традисканция, фиалка, фикус т.б. Сонымен қатар өсімдіктер мен жануарларды орналастырғанда олардың биологиялық ерекшелігіне көңіл аударуы керек (көлеңке сүйгіш. Жарық сүйгіш, суыққа шыдамды, жылыны ұнататын т.б.).
Бұрышка қойылатын материалдар, нысандар оқушылар өміріне қауып туғызбайтын және олардың бақылау жүргізуіне ыңғайлы болуы керек. Мәселен, жануарлардан: бақа, тасбақа, кірпі, атаман, сушошкасы, ақтышқан т.б.
- бұл нысандар сол бұрышта тіршілік етуге ыңғайлы, былайша айтқанда икемделген болуға тиісті.
- қорек таңдамайтын, оларды тамақтандыру қиынға түспейтін болуға тиісті. Сонымен қатар мұғалім үнемі бұрышқа орналастырған тіршіліктің немен қоректенетінін іздестіріп, оқушылардың да бұл туралы әдебиетті оқып білуін тапсырып отырады. Сол арқылы оқушылардың тіршіліктің ерекшелігін білуге қызығушылықтарын күшейтеді.
- тірі табиғат бұрышына қоятын нысандар тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Қыстайтын және жыл құстары болса, олар уақытша ұсталады. Ал, бұлбұл және барлық бөлме өсімдіктері мен аквариумдағы балықтар тұрақтыларға жатады.
Мұғалім өзіне керекті (бағдарлама бойынша) және сабаққа дайындалуға жәрдемі тиетін бүкіл әдебиеттердің тізімі.
Жоғары да көрсетілген түрлі көрнекіліктерді сақтау үшін бастауыш сыныптарда "Жаратылыстану бөлмесін" ұйымдастыруға болады. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, мұғалімдер сыныптың өзінде түрлі шкафтарды қою арқы­лы осы материалдарды сақтап, керек кезінде сабаққа пайдаланып отыруына мол мүмкіндік бар. Сынып қабырғасында алмалы-салматы суреттер ілетін тақта орнатқан жөн. Бұған жыл мезгілдерінің өзгерісіне, өсімдіктер мен жа­нуарлар тіршілігіндегі өзгерістерге байланысты картиналарды іліп және өз жерінің, сол мектеп орналасқан жердің табиғатына байланысты материалдарды орналастырып өзгертіп отыруға болады.
Тірі табиғат бұрышының білімдік жағымен қатар тәрбиелік мәні жоғары. Оқушылар бұларды күту арқылы еңбекке, тәртіпке, ұйымшылдыққа үйреніп кана қоймай, эстетикалық талғамы артады, оларды таза ұстап, қамқорлық ету барысында экологиялық тәрбие де жүзеге асады.


1

№ 15





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет