Дәріс-1 Физиология пәніне кіріспе. Қозу, мембраналық потенциал, әрекет потенциалы Нерв талшықтарының физиологиялық қасиеттері


Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы. Рецепция



бет4/5
Дата09.03.2023
өлшемі137 Kb.
#72691
1   2   3   4   5
Байланысты:
Д ріс-1 Физиология п ніне кіріспе. озу, мембраналы потенциал,

Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы. Рецепция.
Кез-келген тітіркендігіштің (мысалы: химиялық, механикалық, физикалық) әсері мен әрекет потенциялы тууы үшін қозғыш клетканың мембранасы иондарды өте жоғарығы түрде өткізуі қажет. Бұл үшін мембранаға әсер ететін тітіркендіргіштің табалдырық күші төмен болу қажет , немесе басқаша айтқанда тітркендіргіштің күші тітіркендіру табалдырығына (+) табалдық – қозу тудыра алатын тітіркендірудің ең аз күші сәйкес болу керек. Тітіркендіргіштің күші табалдырық шамасынан төмен болса, табалдырықасты деп, ал табалдырық шамасынан жоғары болса табалдырықтан жоғары деп аталады.
Бұл заңдарды қарастырмастан бұрын қозғыш ұлпаларда қозу қалай жүретіндігін, әрбір ұлпаның қозуға қаблеттілігін көрсету үшін қозғыш ұлпаларда қандай жағдайлар пайда болуы қажет екендігін елестету керек . негізгі жағдай, ал мембраналық потенциалдың деполяризация процесі критикалық деңгейге дейін төмендеу қажет. Мембраналық потенциалды төмендете алатын кез-келген әсер бір уақытта ұлпаларды қоздыра алады. Мысалы; мембраналық потенциа-70мв; деполяризацияның критикалық деңгейі-50мв. Қозуды шақыру үшін мембрананы-50мв –ке дейін деполяризациялау қажет, яғни бастапқы тыныштық потенциалын 20мв-ке төмендету керек. Мембраналық потенциал деполяризацияның критикалық деңгейіне жеткенде, әрі қарай бұл процесс өздігінен жалғасады да барлық Νа каналдарының ашылуына келіп соғады. Егер мембраналық потенциал осы деңгейге жетсе, онда жергілікті потенциал туады
Тканьдердің гиперполяризациясын тудыратын барлық агенттер, өздерінің әсер етуінде қозуды тудыра алмайды, өйкені осы кезде мембраналық потенциалдеполяризацияның критикалық деңгейін жете алмай, керісінше, одан кетіп қалады.
Мембраналық немесе тыныштық потенциал дегеніміз- тыныштықтағы жасуша мембаранасының сыртқы және ішкі беткейіндегі потенциалдар айырмасы. Жасуша мембаранасының сыртқы беткейі оң, ал ішкі беткейі теріс зарядталған. Мұның зарядтарының айырмасы тікелей мембрана-иондық қағидамен түсіндіріледі. Жасуша мембаранасының сыртында натрий иондары, ал ішінде калий иондары көп болады.

Тінге тітіркендіргіштер әсер еткенде, онда қозу немесе әрекет потенциалы туады. Әсер немес әрекет потенциалы дегеніміз, тін қозған кезедегі тіннің сыртқы және ішкі беткейіндегі потенциалдар айырмасының уақытша өзгеруі. ӘП микроэлектродты техника көмегімен тіркегенде, шың тәрізді потенциал қисығы пайда болады. Оның 5 кезеңін ажыратуға болады:


1- жергілікті жауап, тітіркендіргіш күшті болса, қозу тіннің тұла бойын таралады.
2- деполяризация, МП шамасының төмендеуі және мембрананың қайта зарядталуы;
3- реполяризация, МП шамасының қайта қалпына келе бастауы, ол баяу және шапшаң деген кезеңдерден тұрады.
4- Іздік деполяризация
5- Іздік гиперполяризация, МП шамасының жоғарылауы.
ӘП кезеңдері мен тін қозғыштығы кезеңдерінің қарым-қатынасы
Ұлпа қозғыштығының 4 кезеңін ажыратады:
1- абсолюттік рефрактерлік кезең, ӘП деполяризация кезеңімен сәйкес келеді.
2- Салыстырмалы рефрактерлік кезең, ӘП реполяризация кезеңімен сәйкес келеді.
3- Субнормальдық кезең;
4- Супернормальдық кезең


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет