Дәріс 1 Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



бет2/4
Дата10.02.2023
өлшемі23,27 Kb.
#66953
1   2   3   4
Химиялық элемент – ядро зарядтары бірдей болатын атомдар түрі.
Атом – химиялық реакция кезінде бөлінбейтін элементтің ең кішкене бөлшегі, бірақ сол элементтің химиялық қасиеттерін көрсетеді.
Молекула – сол заттың химиялық қасиетін көрсететін заттың ең кішкене бөлшегі.
Жай заттар – құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар.
Күрделі заттар – құрамына әр түрлі элементтер атомдары кіретін заттар.
Атомдық және молекулалық масса
Заттың барлық бөлшектерінің массасы зат массасын құрайды. Химияда масса ретінде тыныштық массасы қарастырылады. Масса тыныштық масасында бір – біріне тең болатын заттың инерциялы және гравитациялы қасиеттерін сипаттайды. Массаның салыстырмалы және абсолютті түрі бар. Салыстырмалы атомдық массаны өлшеуге атомдық масса бірлігі (а.м.б.) енгізілді: 1а.м.б. = m(12С ) /12 = 1,6606·10-27 кг.
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы (қысқаша атомдық масса) дегеніміз сол элемент атомы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан. Салыстырмалы атомдық масса өлшемсіз сан және Аr әрпімен белгілейді. Мұндағы “ r „латынның relatuvus – салыстырмалы деген ұғым береді. Мысалы, Аr (O)= 15,9994, Ar (H)= 1,00794. Элементтердің салыстырмалы атомдық массалары «Д.И. Менделеевтің элементтерінің периодтық жүйесі» кестесінде берілген.
Салыстырмалы молекулалық масса (қысқаша молекулалық масса) дегеніміз оның молекуласы массасының көміртегі атомы массасы 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан. Салыстырмалы молекулалық масса өлшемсіз сан және Мr әрпімен белгіленеді. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы оның құрамына кіретін элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының қосындысына тең.
Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6,02· 1023.
Заттың эквиваленті – 1моль сутегі атомдарымен (0,5моль оттегі атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі (оттегі) атомдарының мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет