Көлемдік қатынастар заңы: -Шарль Гей-Люссак,1808 жылы реакцияласушы және реакциядан шығатын газдардың көлемдерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.
Еселі қатынас заңы:(Дальтон 1803ж) Екі элемент бірімен бірі бірнеше қосылыс түзетін болса, ол қосылыстарда сол элементтердің біреуінің бірдей етіп алынған салмақ бөлігіне екіншісінің сай келетін салмақ бөліктерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.
Авогадро заңы:(1811ж) Бірдей жағдайда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалардың саны да бірдей болады. Авогадро заңының аса маңызды 3 салдар туындайды: 1) кез келген заттың 1 молінде молекулалар саны бірдей; 2) кез келген газдың 1 молі қалыпты жағдайда (ρ-760мм.с.б.б.- 1атм. қысым және Т-273,16К) 22,414л көлемде болады. Бұл көлемді молярлық көлем деп атайды, 22,414 л/моль; 3) бірдей көлемдегі әр түрлі газдар массаларының бір-біріне қатынасы олардың молекулалық массаларының қатынасына тең.
Эквиваленттер заңы (Рихтер, 1792-1800жж.). Әрекеттесуші заттар массасы олардың эквиваленттік массасына пропорционалды. Эквивалент деп берілген тотығу-тотықсыздану реакцияларында бір электронға, ал алмасу реакцияларында бір протонға сәйкес келетін нақтылы немесе шартты бөлшек. Молекула немесе молекуланың бөлігі эквивалент болады.
Элементтердің атомдық массасын – П.Дюлонг және А.Пти ережесін қолданып анықтау: жай заттардың қатты күйдегі атомдық массаларының меншікті жылу сыйымдылығына көбейтіндісі шамамен 26Дж/моль∙К тең.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 1. Аханбаев К.А. Химия. Алматы, 1993.
2. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н: Жалпы химия. Алматы, «Ана тілі», 1992.
3. Бегалиева Д.У., Шоқыбаев Ж. Жалпы химия практикумы. Алматы, «Рауан», 1994.
4. Бегалиева Д.У.,Самыратов С., Колушпаева Л. Химия курсы. Алматы, 2001.
5. Насиров Р. Жалпы және аналитикалық химия. Алматы, «Ғылым», 2003.
6. Ысқакова Р.А., Шоинбаева Ш.У., Кауменова Н.О. «Химия курсы» бойынша әдістемелік материалдар жиынтығы (оқытудың несиелік жүйесі). Алматы, 2004.
7. Глинка Н.Л. Общая химия. М.:Интегралл-Пресс, 2003.
8. Ысқақова Р. А. Алдамжарова С. Х. Химия. Тәжірибелік дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар. Алматы. ААА. 2010 ж.
9. Омаров Т.Т., Танашева М.Р. Бейорганикалық химия Алматы, «Дәуір» 2008