Дәріс №1. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы Қарастырылатын сұрақтар



Дата18.12.2023
өлшемі30,94 Kb.
#140413

Дәріс №1.
Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Білім тұлғаның рухани-адамгершілік мəдениеті

  2. Университеттік білім мазмұны

XX-XXI ғасырлардағы ҚР-ғы түпкілікті өзгерістер барлық өмір бағыттарын қамти отырып, елдің жаңа жүз жылдықтағы дамуы үшін өзіндік міндеттерді айқындайды. Оның ең басты шарты – білім екендігін бүкіл қоғам болып мойындайды. Ең алғашқы университеттердің ұйымдастырылуы кезінде дəл осы оқу орындары білім беру жүйесінің жоғарғы сатысында тұрды, соған орай қазіргі таңдағы өзгерістер де университеттердің дамуына ықпал етуде.


Қазақстандағы білімнің модернизациялану жағдайында жоғары мектеп педагогтерін дайындаудағы классикалық университеттердің орны мен рөлі олардың сипаты мен қалыптасу тарихын анықтау өзекті мəселе болып отыр. Осыған орай, отандық классикалық университеттердің генезисінің ерекшелігін ұғыну мақсатында ғылыми əдебиеттерге ретроспективті талдау жасау барысында, олардың өзіне ғана тəн мəнді сипатын көруге болады.
Білім тұлғаның рухани-адамгершілік мəдениеті мен тұтастай бейнесін қалыптастырудағы рөлі арқылы бағаланады. Кеңестік қоғамда мұндай жағдай «уақыт рухы» деп аталды əрі білімді қатал идеологизациялық басқару арқылы көрініс тапты. Ол кезде жоғары оқу орындары тұлғаны білімдендіру мен ғылымды дамыту үшін фундаменталды құндылықты бағдарларын таңдауда еркіндік пен дербестікке қолы жетпеді. ХХІ соңғы он жылдығында білімнің əлемдік дағдарыс жағдайында жаңа сапалы университеттік білім берудің қажеттілігі айқындалды. 90-жылдардың басында Қазақстанның өз дербестігін алуымен көптеген салалық жоғары оқу орындары университетке айналды.
Даму, генезис – материя мен сананың заңдылықты өзгерісі, олардың əмбебап қасиеті, анықтау, бұрын да болған, дайындалған, бірақ қабылдауға жеткіліксіз заттардың, бөлшектердің, күйлердің, қасиеттердің болуы.
Дамуды өзгерістің синониміне немесе прогреске жатқызуға болмайды. Даму ұғымын əртүрлі типтегі əмбебап байланыстарды талдаудың негізінде қалыптастыруға болады. Даму – бұл өзгерістің ерекше типі.
Объективті шындықтың дамуы өзара байланысты, өйткені бүгіннің болашағынан белгілі бір кезеңдерден тұратын диалектикалық процесс болып табылады. Бұл тарихи сатылардың арасында əртүрлі байланыстар бар: 1) тұрақты, мəнді, заңды; 2) тұрақсыз, оқыс. Ерекше байланыстар жекелеген кезеңдердің құрылымдық, функционалдық жəне мазмұндық элементтері арасында, сондай-ақ əрқайсысының өз ішінде орны бар. Даму ұғымы жүйені жаңартумен оның ішкі құрылымдық жəне функционалдық өзгерістерімен, жаңаға ауысуымен байланысты өзгерістердің ортақ массасынан бөлініп шығады. Даму – ұзақ, жинақталушы, қайта келмейтін, жеткілікті мөлшерде уақыт интервалдарының күрделі, жүйелі объектілердің өзгірісі.
Тарихи кезеңдердің өзара байланысы дамудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Дамуды сызықты процесс ретінде қарастыруға болмайды. Шынайы əлеуметтік-тарихи даму əрқашан да жан-жаққа ауытқып отырады немесе артқа қайтады, дамушы процесс кейде сəйкестіндіріледі жəне синтезделеді, дамудың түрлі сызықтарын біріктіреді.
Я.А. Коменскийдің университеттік білім біртұтас мектептік жүйе моделінің екі деңгейі арасында ажыратылған. Университеттік білім беру ұйымдарына гимназия жатқызылуы керектігі айтылады. Я.А. Коменскийдің «Ұлы дидактикасының» жазылу кезеңінде еуропалық өркениетте айтарлықтай өзгерістер болды.
Университеттік білімнің пəндік парадигмасының өзгерісін орта ғасырдағы қалыптасқан күйінде қарастыруға болады. Я.А. Коменский бойынша университеттік білімнің бастапқы кезеңін ұйымдастырудың жаңа компоненті оқу процесін бірнеше бірізді топтарға бөлуде. Бір жағынан Я.А. Коменскийге университеттің бастапқы факультеті ретіндегі гимназияда сабақ берудің бағдарламасын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік туды. Сол арқылы жаңа заман университеттік білімге жаңа талаптар қойып отырғандықтан қоғам өмірі мен ғылыми білімдер даму деңгейі жəне университеттік білім бағдарламасы арасындағы сəйкессіздікті жоюға ықпал етті. Я.А. Коменскийдің ойынша, гимназиялар мемлекеттің əрбір қаласында болуы керек. Ал академиялар болса, «əрбір провинцияларда» бір немесе бірнеше болса жақсы болатындығын айтады.
Я.А. Коменский 3-пункттен тұратын Академия бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаның бірінші пунктіне автордың пікірінше, ғылымдар мен адамзат даналығының жинағын қамтитын барлық шығарылатын сабақтардан тұратын білім мазмұны кіргізіледі. Осы пунктте Я.А. Коменский университеттік білім үшін базалық болып табылатын академиялық білімнің тұтас қамтылуы, əмбебаптылық талаптарын қалыптастырады. Бағдарламаның екінші пункті Академиядағы білімнің əдістемелік базасына тоқталады. Я.А. Коменский Академияда «осында келушілердің барлығына негізделген білім беруде оңай əрі дұрыс əдістерді қолдануды ұсынады. Үшінші пунктте сый-құрметке, адамзат тағдырына ықпал етуші кандидаттар ретіндегі Академия түлектерінің əлеуметтік мобильділік мəселелері айтылады. Яғни, мұнда қоғамның барлық сферасын басқаруға өзіндік рөлін қосатын жоғары білімді мамандарды қалыптастыру жайлы айтылады.
«Ұлы дидактикада» кəсіби белгілері бойынша, яғни əлеуметтік топ қасиеттерін меңгерген белгілі бір əлеуметтік топ пен генетикалық əдепті ашу үшін байқалатын академиялық əдепті ашуға негізделген бөлім көрсетіледі. Я.А. Коменский бойынша, университеттегі қызметкерлердің əлеуметтік этикасын сипаттай келе, ең алдымен, ортағасырлық кəсіби топқа тəн сананың, қасиеттің корпоративтілігін атап өткен. Я.А. Коменскийдің «орта ғасырлық университеттік интеллигенцияны, студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара сыйласымдық қатынас моделін сипаттағаны қызығушылық туғызады. Бір жағынан, оқу процесінде авторитарлық позиция ұстанатын профессорлардың басқарушылығы мойындалады. Екінші жағынан, студент қауымы пікірсайысқа дайындалуды мəтін таңдауда белгілі бір еркіндікке ие, əртүрлі тіпті, сыни сұрақтар қоюға құқылы, жиналыстағы талқыланып отырған мəселе бойынша өзінің пікірін айтуға құқылы. Осы айтылған құқықтар студенттерге кепілденген, ал ол кепілдікті өзінің моральдық жəне ғылыми беделін жүзеге асыратын профессор беретіндігін сенімділікпен айта аламыз.
Гуманизм Еуропада басты идеологияға айналғаны сол еді, технократизм сол сəтте-ақ онымен жеңісті бөлісуге кірісті. Одан əрі қарай гуманистік тенденциялар қалай басылды, оның орнын технократия қалай басты, осылайша, дүниетанымның ішкі метаморфозасы жүріп жатқандығын айта кетуге болады. Гуманистік дүниетанымды тұтынушылардың көпшілігі бұл өзгерістерді байқамағандықтарын айтып өткен жөн.
Университеттік білімге деген еуропалық ағартушылардың қатынасы туралы айтқанда генетикалық тұрғыда жалпы еуропалық құбылысқа тəн ағартушылықтың ұлттық көптүрлілігіне сай келетін үш ерекше нұсқаны бөлуге болады. Яғни – ағылшын, француз жəне неміс деген үш нұсқа. Бөлінген бұл қатынас нұсқалары кешеніне: жекеленген немесе индивидуалды жəне жалпы немесе сыртқы жағдайлар байланысы. Сыртқы жағдайлар кешеніне сол елдің ұлттық-мəдени ортасындағы мəдени жағдайлармен интеллектуалды ахуалының ерекшелігін жатқызамыз.
Неміс жəне француз нұсқауларына сəйкес генетиканың байланысқан екі мінез-құлық ми сызықтары туралы айтуға болады. Олар – Декарт-Лейбниц пен Лютер-Меланхтон сызықтары. Егер алғашқылары таза ғылыммен айналысып, білім беру іс-əрекетінен бас тартуды ұсынса, екіншілері ғылым мен оқыту іс-əрекетін қатар алып жүруді ұсынып, бұл екеуін бөліп қарастырмауды айтты. Бұл мəселеде ағылшын ағартушыларының ішіндегі Джон Локктың (1632-1702) орны ерекше. Ол Оксфордта медицина бакалавры дəрежесі мен университеттік білімді иеленіп қана қоймай, 1664 ж. Оксфорд университетіндегі Крайст-Черч колледжінде мораль философиясын уағыздау қызметін атқарды.
Дж. Локктың шығармаларында университеттік білімнің мазмұндағы өзгертулері корпоративтік қатынастардың өз ішіндегі əдеппен университеттік қауымдастықтың адамгершілік қатынастарына басты назар аударды. Дж. Локк заман талабына сай ағылшын университеттерінің ғылыми білім беру мекемелеріне айналуына куəгер болды. Дж.Локк университетті қоғамға ғалым интеллектуалдарды, оқытушыларды ғана емес, рух пен ақыл-ой иелерін дайындап шығаратын білімдендіру ұйымы ретінде түсінді. Француз ағартушылары жайлы айтқанда олардың екі тобын анық əрі жүйелі, бірізді түрде бөліп көрсетуге болады. Алғашқыларына толықтай болмаса да университеттік білім алып шыққан ағартушыларды (Дидро, Гельвеций), екіншілерін ондай білім алмағандарды (Вольтер, Руссо) жатқызамыз. Француз ағартушыларынан Жан-Жак Руссо (1712-1778) мен Клод Адрлан Гельвецийдің (1715-1771) сыни көзқарастарын ерекше атап өтуге болады. Гельвеций өзінің «Адам туралы» кітабында (1769 ж.) адамгершілік туралы ғылымды өңдеуге мүмкіндігі, оған сай оқыту пəнінің пайда болуы керектігін айта- ды. Яғни, ол тек Пари университетінің теология факультетінде ғана емес, тұтастай бүкіл Сарбондағы əрекеттердің ғылыми бірізділігінің жоқтығын баяндайды. Жан-Жак Руссо болса, өзінің бір еңбегінде барлық ғылыми білім беретін ұйымдарды, оның ішінде бірінші кезекте университеттерді жабу туралы ой айтады.
Англиядағы университеттік білім жағдайының жекелеген аспектілері Франсуа Мари Аруэ Вольтер (1694-1778) жəне Дени Дидроның (1713-1784) шығармаларында көрініс тапқан. Вольтердің «Философиялық хаттар» (17271732) еңбегінен көптеген ойларды табуға болады. Вольтер «Философиялық хаттарында» елдің əлеуметтік кеңістігі шеңберіндегі университеттің қауымдастықтары мен университеттік білімнің ағылшындық жүйесінің қалыптасуының кейбір контурларын көрсететін мəліметтер береді.
Ағылшынның əскери жəне шіркеу аристократияларының мінез-құлық модельдері мен əдетғұрыптарын университеттік колледждердегі оқыту ерекшеліктері арасындағы өзара байланысты анықтауға мүмкіндік алды.
Неміс мемлекетінің ағартушылары, əдетте университет (регент) ретінде болды, ағартушылықтың көрнекті өкілдеріне И. Кант (17241801) пен Иоганн Готлиб Фихтені (1762-1814) жатқызуға болады.
Францияда ағартушылардың университеттік білімге гипер сыни қатынасынан жəне радикалды деструктивті қарсылықта болуынан университеттік білім беру жүйесі революциялық жолмен тасымалданды. Ол 1783-1793 жылдары апат жағдайымен ұласты, оның нəтижесі ХІХ ғасырдың 80-жылдары қайта құрыла бастаған университеттік білімнің жойылуына алып келген еді.
Университеттік классикалық идеяның пайда болуы ХІХ ғ. тиесілі. Оның негізінде өз дəуірінде негізін қалаған тұлғалар: В. Гумбольд пен Дж. Ньюменнің университет модельдері көрініс тапты. Бұл модельдерде университет ісəрекетінің əртүрлі мақсаттары айқындалды. В. Гумбольд зерттеушілік модельді ұсынса, Дж. Ньюмен интеллектуалды университет негізін қалаушы болып саналады. Егер В. Гумбольдтің концепциясында ғылыми іс-əрекетке баса назар аударылса, Дж. Ньюмен теориясында тұлғаны тəрбиелеу мен қалыптастыруға көңіл бөлінді. Барлық кейінгі университеттік идеяның концепциялары анық немесе жанама түрде осы классикалық теория құрылымдарымен ұштасып жатыр. Бұл құрастырылған классикалық университет теориялары сол кездегі басталған қайта құрулардың шынайы нəтижелерін бейнелеп, жоғары оқу орындарының алдағы уақыттағы қайта құрылуының негізін қалады, университет құрылымында оны басқару жүйесінде, оқыту мазмұнында, жоспарлар мен бағдарламаларда, кадр саясатында тікелей бейнесін тапты. В. Гумбольд концепциясының практикалық көрінісі 1810 ж. Берлин университетінің негізін қалауымен сипаттала отырып, университеттік білімнің дамуындағы тұтастай дəуірге айналды. Бұл модель барлық герман университеттеріне таралды. В. Гумбольд моделі классикалық болып табылады, себебі ол университеттің өзінің шынайы мəнін иеленудегі алғашқы қадамы болған еді. Осы кезден бастап ғылым мен ғылыми зерттеулер университет іс-əрекетіндегі басты құндылықты бағдарға айнала бастады. Шынымен де ХІХ ғасырда неміс университеттері ғылыми білімдердің даму орталығы бола бастады.
В. Гумбольд моделі негізгі үш принципті жүзеге асырды. Біріншіден, білімді əркім өзі үшін емес, тек практикалық пайда үшін бағаланатын білімге деген жабайы утилитарлы көзқарастан бас тарту. Екіншіден, В. Гумбольд эмпирикалық ғылымның басып озуына жол беріледі, себебі ол фундаменталды теориялық білімге қарама-қарсы келетін еді. В. Гумбольдтің пікірінше, жаратылыстану, математикалық жəне гуманитарлық білімдер, сонымен қатар философиялық білімдер қалған барлық білімдерді көтереді, олардың негізін құрайды, оларсыз жекелеген пəндердің оқылуы шынайы интеллектуалды білімге айнала алмайды.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары білімді универсализациялау білімдендіру құрылымы ретіндегі университеттің функционалды ерекшеліктеріне зерттеушілердің назарын аударды. Тіпті, зерттеу объектісі ретінде ХІХ ғасырда батыстың классикалық университеттер үлгісі бекітілді. Олардың ерекшеліктерін зерттеуге И.В. Захаровтың, Н.С. Ладыжецтің, Е.С. Ляховичтің, Л. Мишельдің жəне т.б. еңбектері арналған. Олардың зерттеу материалдары қазіргі заманғы классикалық типтегі университетті түсіндіру үшін негіз болып табылады.
Қазіргі заманға қоғамның даму деңгейі жоғары білімге жоғары талаптар қойып отыр. Оларда ХІХ ғасырда қалыптасқан университет модельдері ұстанымымен қанағаттандыру мүмкін емес. Сол себептен 90 жылдары классикалық университеттің негізгі қызметі айтарлықтай кеңейіп, қайта түсіндіруді талап етті.
Тағы бір парадигма – «кəсіби», жаңа заман талаптарына жауап беретін, мемлекет қоғамның мамандарға деген сұранысына жауап ретінде пайда болды. Кəсіби парадигманың мəні – университеттік білім мазмұнын байыту мен кеңейтуден көрініс табады. Мұнда ғылым əлемді тану мен түсіндіру сипатындағы өзіндік құнын өндірістік күш қызметін орындауға бағыттайды. Осыған орай мамандарды дайындау мақсаттары да өзгереді, басты бағыт ғылыми білімдерді кеңейту емес, адамның кəсіби іс-əрекетін қалыптастыруға арналады. Содан бастап университеттер медициналық, заң, педагогикалық, экономикалық жəне т.б. жоғары кəсіби білім бере бастады.
Алғашқы университеттердің əлеуметтікпедагогикалық мəндігі жоғары болды, себебі оларға ұлттық жəне демократиялық сипат тəн еді, ал бүгінгі таңда мектепте де, ЖОО-да тəрбиелеу мен оқытудағы ұлттық элементтер əлі де болса жеткілікті дəрежеде бағаланбауда. Яғни, парадигмалардың мазмұнына осы мəселені қосу керек немесе гуманистік парадигманы кеңінен қолдану тиімді нəтиже береді, деп тұжырым жасауға болады. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында университеттік білімнің үш технократиялық парадигмасы анықталды. Мұнда студенттерді оқытуда техника мен технологиялар, экономика мен бизнес ғылыми жəне мəдени құндылықтардан басып озды. Бұл өз кезегінде жоғары білім мен ғылыми білімнің дамуында тар прагматикалық бағыт алды. Сол себептен де төртінші гуманистік парадигманың туындауына алып келді. Гуманистік парадигманың ерекшелігі оның тұлға қабілеттері мен қызығушылықтарына бағдарлануында. Университеттік білім беруде ол фундаменталды ғылымдардың дамуы мен теориялық білімдердің приоритетімен, университет түлектерінің жаңа білімді іздеуге, əлем мен адам əрекеттерін ғылым, теориялар мен гипотезалар позициясында ұғыну мен түсіндіруге бағдарлануын сипаттайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты, міндеттері туралы түсінік.
2. ҚР жоғары білім беру реформалары (Болон процесі). Қазіргі дәуірде жоғары білімнің орны мен маңызы
3. Педагогика ғылымының әдіснамасы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет