Дәріс 1 Кәсіпорынның Қаржылық стратегиясының мәні мен міндеттері Дәрістің мақсаты



бет1/3
Дата06.03.2023
өлшемі65,82 Kb.
#72127
  1   2   3
Байланысты:
Лекция 1 (копия)


Дәріс 1 Кәсіпорынның Қаржылық стратегиясының мәні мен міндеттері


Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға кәсіпорын қаржысының пайда болуының қажеттілігі мен атқаратын қызметтерін туралы мағлұмат беру.

Негізгі терминдер: Стратегия, инновациялық қызмет, маркетинг стратегиясы,




1.1. Фирманың стратегиялық мақсаты, мәні мен міндеттері
1.2. Стратегия элементтері мен түрлері
1.1. Фирманың стратегиялық мақсаты, мәні мен міндеттері

Стратегияның басты мақсаты - ұйымның колданыстағы нақты жағдайын келешекте қалаған жағдайға ауыстыру. Ұйымдағы кез келген өзгерістер фирманың даму мәселелерін аныктап, оның келешектегі жағдайын көре білуге байланысты. Ал бұл кәсіпорынның әлеуетін бағалаусыз мүмкін емес. Кәсіпорынның әлеуетін, яғни оның максатына жету үшін пайдаланылған; барлық ресурстарды бағалау ұйымның барлық салалары (өндірістік, ғылыми-техникалық, маркетингтік, ресурстық ұйымдастырушылық т.б.) бойынша жүзеге асырылады.


Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуекелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылыра, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.Ішкі факторлар кәсіпорының өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорының тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамдағы үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс, және тағы басқалар жатады.Қаржы стратегиясы – бұл кәсіпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етудегі іс-қимылдың бас жоспары.Ол нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметті жүргізуде қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ететін мақсаттарды шешу, қаржының құралуының және жоспарлануының теориялық сұрақтарымен практикасын қамтиды.
Қаржы стартегиясы нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізудің объектівті заңдылықтарын зерттейді, жаңа жағдайда қиындықтан шығудың әдістері мен түрлерін өңдейді.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы мыналарды қамтиды:
- қаржы жағдайына талдау;
- негізгі және айналым қорларының тиімділігін арттыру;
- табысты бөлу;
- салық және баға саясаты;
- бағалы қағаздар аясындағы саясат.
Қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін, ішкі және сыртқы факторлардың объективті мінездемесін барлық жағынанда қамтиды. Егер қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржы-экономикалық мүмкіндігіне жауап бермейтін болса, онда кәсіпорын банкротқа ұшырайды.Стратегияны ісе асырғанда бас және ағымдық қаржылық стратегияны, бас стратегиялық мақсаттардың орындалу стратегиясын ажырату қолға алынған. Бас қаржылық стратегияны кәсіпорынның қызметін, бюджеттің барлық деңгейімен қарым-қатынасын, кәсіпорын табысының құрылуын және қолданылуын, қажетті қөлемі мен олардың бір жылға қаржыландыру көздерін анықтайды.
Экономикалық тұрақсыздық жағдайында қаржы ресурстарының өтімділігін, қаржының және ішкі резервтердің шығындарын бақылауда айға және кварталға қаржы стратегиясы өңделеді, ал өте қажеттілік жағдайда қысқа мерзімге жасалады.
Ағымдық қаржылық стратегияның бас жоспардан айырмашылығы барлық жалпы табысты, қаржының түсуін және барлық жалпы табысты, қаржының түсуін және барлық жалпы шығындарды, бюджет алдындағы міндеттемелерді қамтиды. Қаржының бас стратегиялық міндеті бұл кәсіпорынды қажетті және жеткілікті ақша ресурстарымен қамтамасыз ету.
Кәсіпорын капиталын тиімді пайдалануға, айналым құралдарға қажеттілігін анықтауға, табысты дұрыс бөлу және пайдалануға, німнің өзіндік құнын максималды төмендетуге, ішкі қаржыларды мобилизациялауға, ақша кірістерінің жеткіліктігіне қаржылық стратегия ерекше көңіл бөледі.
Қаржылық стратегияның маңызды бөлігі болып ішкі нормативтерді өңдеу жатады және оның көмегімен мысалы, табысты бөлу бағыты анықталады.
Қаржылық стратегия төлемсіздік тәуекелдігімен, құнсызданудың өсуімен және басқа да форсмажорлы жағдайлармен өңделді.
Қаржылық стратегия өткізуді бақылау табыстың түсуін тексеруді қамтамасыз етеді. Жақсы жолға қойылған қаржылық бақылау ішкі резервтерді анықтауға, шаруашылық рентабельділігін көрсетуге, ақша қаражаттарының қорын кеңейтуге көмектеседі. 

Нарықтық экономикаға өтудің нәтижесінде кәсіпорынның мемлекеттің ықпалынан босады да ендігі кезекте кәсіпорынның қызметінің экономикалық және қаржылық нәтижелерін басқаруға байланысты жауапкершілігі артты. Соған байланысты әр бір кәсіпорын нақты жалпы стратегиясын ғана анықтап коймай, сонымен қатар қаржылық стратегиясында таңдауы қажет.


А.А. Томпсон, А.Дж. Стриклендтің көзқарасы бойынша, стратегия - ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін басқраушылық іс-шаралардың барлық жинтығын көрсетеді (1, б. 44). Кәсіпорынның стратегиясы жоспарланған және жағдайларға байлансты біршама өзгеріп отырады.
С.Д. Ильенкова (37, б. 74) стратегияны - шешім қабылдау процессі ретінде анықталады деп қарастырады, яғни кәсіпорынның өмірлік цикілін нығайту мен бәсекеге қабілеттілгін арттыру мақсаттында іс-шаралардың кешенді байланыстағы қызметі мен қойылған мақсаттарға жетудің кешенді жан-жақты жоспарлау. О.С. Виханский (27. Б. 88) мен А.И. Ноумов (28, б.167) стратегия – бұл кәсіпорынның даму бағытын, қызмет ету саласы мен формасын, ұйымның ішкі байланыстар жүйесін, сонымен қатар қоршаған ортадағы кәсіпорынның орнын сапалы анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарлау. Біз О.С. Виханский мен А.И. Ноумовтың берген анықтамасымен келісеміз, себебі стратегия ұғымына берген анықтамасы дәл және оның мәнін толық ашады деп санаймыз.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қазіргі таңда қалыптастыру басқарудың жаңа концепциясының методологиялық принциптерінің бірі – «стратегиялық басқару» - АҚШ пен Батыс Еуропаның көптеген мемлекеттерінде бұл ұғым 70-ші жылдардың басында белсенді түрді енгізіле бастады. Стратегиялық басқару стратегиялық жоспарлаудың методологиясының дамуы негізінде қалыптасты және ол стратегиялық басқарудың негізін құрайды. Бірақ И.А. Бланктың (24, б.21,22) айтуы бойынша, стратегиялық жоспарлаудың басқада ұзақ мерзімді жоспарлаудан ерекшелігі ол дамудың қалыптасқан тенденциясын ғана ескермейді, сонымен қатар мүмкіндіктер жүйесі мен кәсіпорын дамуының қауіптілігін, күтпеген жағдайлардың туындауын, алдағы кезеңде қалыптасқан тенденцияны өзгерте алу болып табылады.
Стратегиялық басқарудың мақсаттары үшін кәсіпорның стратегиялық дамуының деңгейлері бойынша дифференциаланған түрлері маңызды болып табылады. Осы басқару жүйеде И.А. Бланк (24. Б.71-85) стратегияның негізгі үш түрін көрсетеді: корпоративтік стратегия, функционалды стратегия (маркетингтік, өндірістік, қаржылық, инновациялық) және жеке шаруашылық бірлік стратегиясы (бизнес-бірлік). И.А. Бланкқа қарағанда А.А. Томпсон, А.Дж. Стрикленд корпоративтік, іскерлік, функционалдық және оперативтік стратегиялар деп көрсетеді.
Жоғарыда аталғандарға қарасақ, қаржылық стратегия функционалдық стратегияның бір түрі болып табылады және ол кәсіпорынның қаржылық қатынастары мен қаржылық қызметтерінің дамуының негізгі бағыттарын қамтиды. Біздің ойымызша, кәсіпорынның функционалды стратегия жүйесінде қаржылық стратегия маңызды орынды алады. Бұл функционалдық стратегияның маңыздылығы кәсіпорының барлық қызметінің экономикалық көрсеткіштер жүйесі қаржы арқылы көрсетіледі, функционалдық мәселелердің балансталуы мен кәсіпорынның негізгі мақсаттарына жетуге бағынышты болуында. Бір жағынан, қаржы – бұл басқада функционалды стратегияны қалыптастырудың қайнар көзі, яғни қаржылық ресурстар кәсіпорын қызмет бағыты мен шектеуші көлемі болып табылады. И.А. Балнктың (24, б.26,27) ойынша қаржылық стратегия - функционалдық стратегияның негізгі түрлерінің бірі, қаржылық қызметінің негізгі дамуының барлық бағытын және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарды қалыптастыру мен оларға жетудің тиімді жолын анықтау арқылы қаржылық қарым –қатынастарды, сонымен қатар сыртқы орта жағдайларының өзгеруінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру бағыттарын өзгеру мен қолдануды қамтамасыз етеді. В.А. Слепов пен
Е.И. Громова (55, б.50) қаржылық стратегия - әдістер жиыны болып табылады, сол арқылы кәсіпорынның қаржылық саясатты жүргізіледі және қолданылады, саясат стратегияға қарағанда бірінші деп қарастырады.
Стратегиялық жоспарлау кәсіпорынның алдағы ұзақ мерзім кезеңіндегі даму деңгейі мен экономикалық өсуін қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау үдерісі келесі өзара байланысты қызметтерді жүзеге асырады:

  • Ұзақ мерзімді стратегияны, кәсіпорын дамуының мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

  • Кәсіпорында стратегиялық шаруашылық бөлімшелерді құру.

  • Нарыкты маркетингтік зертгеу жүргізудің негізгі мақсаттарын негіздеу және нақтылау.

  • Фирманың экономикалық өсімінің бағыттарын таңдау және жағдайына байланысты талдау.

  • Негізгі маркетинг стратегиясын әзірлеу және өнім өндірісінің жоспарын құру.

  • Тактиканы таңдау және қойылған міндеттерге жетудің құралдары мен әдістерін нақтылау.

  • Негізгі нәтижелерді бақылау және бағалау, таңдалған стратегияға түзету енгізу және оларды жүзеге асыру әдістерін өзгерту.

Ұйымның даму стратегиясын зерттелмеген нарықтық жағдайларды есепке ала отырып, сыртқы орта мен оның қызметінің мүмкін ішкі перспективаларын зерттеу нәтижелерінде анықталады.
Стратегияларды таңдау инновациялық қызметтің табысқа жету кепілі болып табылады. Фирма өзгермелі жағдайларды алдын ала болжай алмаса және дер кезінде осы жағдайларға орай әрекет етпесе, дағдарысты жағдайға душар болады. Бұл жағдайда, кәсіпорында жоспарлы қызметті ұтымды үйымдастыру қажеттігін айта кеткен жөн. Себебі жоспарлау ұйымның стратегиясын таңдауға, кәсіпорынның келешектегі қызмет ету жағдайын алдын ала болжауға өзіндік ыкпалын тигізеді.
Стратегияны таңдау стратегиялық менеджмент пен контроллингтің маңызды құраушысы болып табылады.
Стратегиялық жоспар кұру және жүзеге асыру контролинг әдісін пайдалану кезінде едәуір жемісті жүргізіледі. Контроллингтің негізгі қызметі ғылыми негізделген әдістемені қолдануды талап ететін әр түрлі өзара байланысты операциялар кешенін орындау. Стратегиялық жоспардың жүзеге асырылуына бақылау жүргізу кезінде (мониторинг түрінде ең тиімді болып былатын) контроллингтің рөлі зор.
Стратегиялық жоспарлауда экономикалық саясатты мемлекеттік реттеу, барлық нарықтық жүйенің дамуының ұзақ мерзімді бағыттарын негіздеу маңызды рөл атқарады.
Қазақстан дамуының алдағы уақыттағы тұғырнамасы (платформа) ретінде ұзақ мерзімді кезеңде еліміздің әлеуметті экономикалык өзгерістерінің кезендері мен бағыттарын анықтайтын, сол арқылы елдің экономикалык өсімін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін сапалы көрсеткіштерге жетеге болатын «Қазақстан-2050» стратегиясын атап өткен жөн.
Фирма дамуының біртұтас стратегиясы ретінде қазіргі таңда «7С» үлгісі қолданылады. Ол құрылым (структура), жүйе (система), қызметкерлер (сотрудники), стиль, біріккен қүндылықты (совместные ценности) және қабілеттіліктер (способности) жиынын білдіретін сөздерден құралған әлеуметтік-экономикалық факторлардың өзара әрекет ету механизмін сипаттайды.
Стратегиялық жоспардың ерекшеліктері.
Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесінде оның келесі ерекшеліктері бөліп карастырылған:

  • Жоспар әдетте келешекте әрекет етудің бір ғана стратегиясын құрайды.

  • Жоспарда фирманың әлсіз және күшті жақтары бағаланады.

  • Жоспарда болжамдар мен алдын ала ұйғарымдар, тұжырымдар көрсетіледі.

  • Біркатар жоспарларда тәуекел бағаланбайды, бірақ әр түрлі мүмкін болатын іс әрекет нұскаларын қарастырғанда ескеріледі.

  • Барлық жоспарлар фирманың қаржылық қызметтерінің негізгі көрсеткіштерін бейнелейтін, күтілетін мақсаттар негізінде құрылады.

  • Ұзак мерзімді жоспарда қажетті инвестицияның көлемі, күтілетін табыстар мен шығыстар, ұзақ мерзімде төленетін дивидендтер туралы мәліметтер бейнеленеді.

  • Жоспарда мүмкін болатын фирмалардың бірігуі нәтижесіндегі әртараптандыру бағасы беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет