Санақ жүйесі - қозғалыс зерттелетін денемен байланысты координаттар мен сағаттар жүйесінің жиынтығы. Қозғалысты сипаттау үшін координаттар жүйесін есептеу денесімен (декарттық, сфералық және т.б.) байланыстыруға тура келеді.
Кеңістіктегі материалдық нүктенің орны А нүктесінің радиус - векторының r көмегімен анықталады (1.1 -сурет):
мұндағы, i, j, k – бірлі векторлары (орттар); х, у, z - нүкте координаттары.
Орынауыстыру векторы дегенімізкезіндегі -дің өсімшесі (1.2 - сурет).
Орынауыстыру векторының модулі - бұл жүріп өткен кесіндінің орын ауыстыруының ұзындығы:
Орынауыстыру модулі қозғалу бағыты өзгермеген жағдайда ғана жүріп өткен жолмен сәйкес келеді.
Сурет - 1.1 Сурет - 1.2
Жылдамдық, орташа және лездік жылдамдық
Жылдамдық - таңдалған есептеу жүйесіне қатысты кеңістіктегі материалдық нүктенің қозғалу шапшаңдығын және қозғалыс бағытын сипаттайтын векторлық шама.
Материалдық нүктеніңорташа жылдамдығы - бұл ығысу векторының сол ығысуға кеткен уақыт қатынасы:
Материалдық нүктенің лездік жылдамдығы - бұл уақыттың берілген сәтіндегі жылдамдық немесе ұмтылған кездегі жылдамдық нүктенің жылдамдық шегі:
мұндағы,
Жылдамдық модулі:
Үдеу, орташа үдеу, лездік үдеу.
Үдеу - нүкте (дене) жылдамдығының векторы уақыт бірлігі ішінде оның қозғалысы кезінде қаншалықты өзгеретінін көрсететін векторлық шама.
Уақыт бірлігіндегі жылдамдықтың өзгерісінің шамасын үдеу деп атайды.
Орташа үдеу: