Дәріс №1. Кіріспе. Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері



бет6/39
Дата28.04.2023
өлшемі398,48 Kb.
#88078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
4-Д әрістер жинағы, генетика (2)

2. Талдаушы будандастыру
Жоғарыда қаралған мысалдардан доминантты белгiсi бар даралардың генотипiн толық ажыратуға болмайтындығын байқауға болады. Мысалы, тұқымы сары моногибридтi ас бұршақ гомозиготалы АА немесе гетерозиготалы Аа болуы мүмкiн. Осындай жағдайда яғни шыққан тегi белгiсiз доминантты белгiсi бар организмнiң генотипiн анықтау үшiн талдаушы будандастыру пайдаланылады. Талдаушы будандастыру – генотипi белгiсiз қажет дараны рецессивтi формамен шағылыстыру. Оның генотипiн ұрпақтарында белгiлердiң ажырау сипатына қарай анықталады.
Ұрпақ түгелдей доминантты болса, онда дараның генотипi гомозиготалы, ал ұрпақтар арасында рецессивтi белгiсi бар дара табыла қалса, онда оның генотипi – гетерозиготалы. Мысалы, сары бұршақтың генотипi гомозиготалы, әлде гетерозиготалы екенiн анықтау үшiн ол жасыл бұршақпен шағылыстырады. Алынған ұрпақтар түгелдей сары болса, онда бұршақтың генотипi гомозиготалы болғаны, ал сары тұқыммен қатар жасыл тұқым алынса, онда оның генотипi гетерозиготалы.


3. Доминанттылықтың түрлерi
Моногибридтiк будандастырудың екінші ұрпағында фенотиптiң 3:1 арақатынаста ажырауы белгiнiң толық доминанттылығында байқалады. Зерттеулер бiр белгiнiң екiншiден әр кезде толық басым болмайтынын көрсетедi. Осыған сәйкес толық доминанттылықтан басқа толымсыз, ко– және асадоминанттылықты ажыратады.
Толық доминанттылықта Ғ1 – біркелкілікпен, Ғ2 – 3 : 1 ажыраумен сипатталады және АА = Аа теңдігі орын алады, өйткені доминантты ген рецессивті генінен толық басым болады (А > а). Бұл жағдай алдыңғы тақырыпта қарастырылды.
Толымсыз доминанттылықта бiрiншi ұрпақ Мендельдiң I заңына сәйкес генотип бойынша бiркелкi, бiрақ белгiнiң көрiнiсi аралық сипатта болады. Мысалы, қара және ақ құстардан алынған андалузия тауығының көгiлдiр түсi жаңа фенотип пайда болғандай әсер бередi. Алайда андалузия тауығы Вb шынында қара, бiрақ оның қауырсынының боялуы төмен, сондықтан да көгiлдiр түстiң әсерiн бередi яғни қара түс гені ақ түс генінен толық басым емес. Қой құлағының ұзындығы да осылайша тұқым қуалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет