Дәріс №1. Кіріспе. Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері


Дәріс №3. БЕЛГIЛЕРДIҢ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ



бет4/39
Дата28.04.2023
өлшемі398,48 Kb.
#88078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
4-Д әрістер жинағы, генетика (2)

Дәріс №3. БЕЛГIЛЕРДIҢ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ


Дәріс жоспары:


1)Мендель тәжірибелері. 1-ші ұрпақтың біркелкілігі,белгілердің ажырау заңдары.Доминанттылық және рецессив-тілік.
2) Гибридологиялық талдау, оның мәні. (шағылыстырусимволикасы). Моногиб-ридтік, полигибридтік және қайыра будандастыру.
3)Ген, генотип және фенотип туралы түсінік

Белгiлердiң тұқым қуалау заңдылықтарын Г. Мендель ашты (1865), ол қарама-қарсы белгiлермен сипатталатын өсiмдiк сорттарын будандастыру (гибридологиялық әдіс) нәтижесiн талдай отырып, тұқым қуалау факторлары туралы идеяны дәлелдедi. Осындай факторларды зерттейтiн ғылым Бэтсонның ұсынысы бойынша генетика деп (1906), ал олардың өздерi В. Иогансеннiң ұсынысы бойынша 1909 ж. бастап ген деп аталатын болды.


Белгiлердiң тұқым қуалау заңдылықтарын Г. Мендель ашты (1865), ол қарама-қарсы белгiлермен сипатталатын өсiмдiк сорттарын будандастыру (гибридологиялық әдіс) нәтижесiн талдай отырып, тұқым қуалау факторлары туралы идеяны дәлелдедi.Шағылыстыру үлгiсiн жазған кезде алдымен ұрғашы, сонаң соң, “” белгiсiнен кейiн еркек жыныстың белгiсi мен гендерi жазылады: ұрғашы жыныс Шолпан планетасының символы таңбасымен, еркек жыныс Марс планетасының символы таңбасымен белгiленедi. Олардан төменгі қатарда ата-аналар түзетiн гаметалардың барлық түрлерi жазылады. Ата-ана Р әрiпiмен лат. parentsата-ана, ал олардан алынған ұрпақ F әрiпiмен лат. fields – ұрпақ белгiленедi. Бiрiншi ұрпақ F1, екiншi ұрпақ F2, т. с. с. белгiленедi.
Мендельдің І және ІІ заңы моногибридтік будандастыруда ашылды. Бiр жұп белгiлерi бойынша айырмашылығы бар ата-аналық формаларды будандастыру моногибридтiк деп аталады. Мұнда бiр жұп белгiлердiң тұқым қуалау заңдылығы зерттеледi. Ата-ананың басқа белгiлерi есепке алынбайды. Моногибридтiк будандастыру тәжiрибелерiнiң бiрiнде Мендель ас бұршақтың тегiс және бұдыр дәндi сорттарын өзара будандастырды, бiрiншi ұрпақтағы барлық будандар тегiс дәндi болып шықты яғни сыртқы пiшiнi бойынша бiркелкi. Тегiс пiшiндi белгi бұдыр белгiге басымдық жасағандай болды. Басқа белгiнiң дамуын тежейтiн белгi доминантты деп аталады. Мұндай белгiлер Мендель бойынша доминантты тұқым қуалау факторы әсерiмен анықталады, шағылыстыру үлгiсiнде олар латын әлiпбиiнiң бас әрпiмен А, В, т. с. с. белгiленедi. Дамымай қалған белгi рецессивтi деп аталады. Мұндай белгiлердiң тұқым қуалау факторлары латын әлiпбиiнiң кiшi әріптерiмен a, b, т. с. с. белгiленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет