Ген – тұқым қуалау бiрлiгi. Ген доминантты не рецессивтi болуы мүмкiн. Гендер жиынтығы генотип деп аталады. Белгiнiң гендерi бойынша генотип екi түрлi болуы мүмкiн: гомозиготалы не гетерозиготалы. Генотипi бiрдей гендерден тұратын дара АА немесе аа гомозиготалы деп, ал әр түрлi гендерi Аа бар – гетерозиготалы деп аталады. Генотип пен ортаның өзара әрекеттесу нәтижесiнде қалыптасқан организм белгiлерiнiң сырт көрiнiсiнiң жиыны фенотип деп аталады.
Бiрiншi ұрпақ будандарының бiркелкiлiк ережесi ата-ана генотипi гомозиготалы АА – тегiс, аа – бұдыр дән болса ғана сақталады. Ғ1 генотип бойынша да бiркелкi – гетерозиготалы Аа. Сонымен Мендельдiң I заңын былай деп тұжырымдауға болады: бiр-бiрiнен қарама-қарсы белгiлерi бойынша айырмашылығы бар гомозиготалы ата-аналаларды шағылыстырғанда барлық бiрiншi ұрпақ бiркелкi фенотиппен сипатталады.
Тегіс Бұдыр
Р ♀ А А ♂ а а
А
а
гамета
F1 A a
Біркелкілік заңы: барлығы (100 % ) тегіс.
Ғ1 Аа Аа
гамета А а А а
Ғ2 АА Аа Аа аа
Ажырау заңы: 3 тегіс(75 % доминантты) : 1 бұдыр (25 % рецессивті).
3-сурет. Моногибридтік будандастыру.
Бiрiншi ұрпақты өздiгiнен тозаңдандыру арқылы екiншi ұрпақ будандарын алады. Мендель тәжiрибелерiнде екiншi ұрпақ будандары дәнiнiң сырты тегiс те және бұдыр да болатыны анықталады, әрбiр бұршаққапта дәннiң екi түрi де болады. Саналған 7324 дәннiң 5474-i 74,7 % тегiс, 1850-i 25,3 % бұдыр дәндi болып шықты, мұның өзi 2,9 тегiстiң 1,1 бұдырға немесе жуық шамамен 3:1 арақатынасын бередi. Дәл осындай арақатынас кейiн жүргiзiлген басқа тәжiрибелерде де байқалды. Осы бақылаулар негiзiнде Мендельдiң II заңын белгiлердің F2-де 3:1 арақатынаста ажырауы деп тұжырымдауға болады (3-сурет).
Мендель заңдары тек ас бұршақта ғана емес барлық организмдерде – бактериядан адамға дейін байқалады. Мысалы, генотипі гомозиготалы сау сиырларды порфириямен ауыратын гомозиготалы бұқамен шағылыстырудан алынған бірінші ұрпақтағы барлық гетерозиготалы бұзаулар сау болады (Мендельдiң I заңы), өйткені малдың сау болуын анықтайтын ген ауру генінен доминантты. Ғ1-дегі гетерозиготалы сау ұрпақты өзара шағылыстырғанда Ғ2-де белгі 3:1 қатынаста ажырайды яғни екінші ұрпақта алынған бұзаулардың 75 %-ы сау 25 %-ы ауру болады (Мендельдiң I заңы).
Достарыңызбен бөлісу: |