1.2 Желілік шабуылдардың жіктелуі ХХІ ғасыр – ақпарат пен техниканың ғасыры. Бүгінгі таңда ақпараттың иесі
бүкіл дүниенің иесі дегенді жиі естиміз. Сондықтан ақпаратты қорғау сұранысы
пайда болды. Сұраныс болған жерде әрдайым ұсыныс та, пайда болады. Кез
келген ақпаратты қорғау шаралары кешенді жүргізілуі қажет. Қазіргі уақытта әр
мемлекетте көптеген ұйымдар мен мекемелер жұмыс істеуде. Сонымен
қатар, мемлекеттік өте құпия ақпараты болады, сондықтан да ақпараттың
қауіпсіздігіне және қорғанышына зор көңіл бөлу қажет. Ал мемлекеттік
деңгейдегі ақпарат өте маңызды болып келеді.
Компьютерлік желілер әдетте үш санатқа: жергілікті, корпоративті және
ауқымды болып бөлінеді. Компьютерлік желілер, кейбір мағынада, коммутатор
көмегімен және трафикті басқаратын орталық станцияларда телефон арасын
қосуға болатын – телефон сымдарымен жұмыс істейді. Келесі негізгі түсініктер:
● Желіде жұмыс істейтіндер жұлдыз немесе құрсым пішінүйлесімі типтері
нің түрлі топологияларымен компьютерлік желілерді пішінүйлесімдіреді.
● Компьютерлік желілерде компьютер арасындағы деректердің тиімді жә
не сенімді жіберілуі
үшін
бағдарлауыштар,
ретқақпалар,
көпірлер,
қайталауыштар пайдаланылады.
● Желілер аппараттық және бағдарламалық деңгейден тұрады.
● Желілік үлгі ISO/OSI (Халықаралық ұйымдастырулар стандартының
ашық жүйелердің өзара әрекеттігі) желіні функционалды деңгейде сипаттайды.
Корпоративті желі бір- бірінен тәуелсіз үш топқа бөлінеді:
● Деректерді жіберудің желілерін құру;
● Дауыстық ақпаратты жіберу желілерін құру;
● Видеоақпаратты жіберу желілерін құру.
Жіберілетін деректер ағынын тиімді сығуды қамтамасыз ететін, көлікті
арнаның технологиясы және сигналдың цифрлық өңдеуі дамуымен барлық
жоғарыда көрсетілген шарттар бір корпоративті желіге интеграциялауға
мүмкіндік пайда болды.
Барлық желілік қызмет
көрсету интеграция
негізінде бір корпоративті
желіге ену деректерді жіберуді ұстау, дауыс және видео, техника жағындағы
мамандарға кеткен шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді, ал сонымен қатар
бір әкімші-техникалық саясатқа біріктірілгенді қарауды қамтамасыз етеді.