Дәріс-1 Қолданбалы психология негізі. Практик психологтың кәсіби іс-әрекетін ұйымдастыру Жоспар



бет3/4
Дата29.08.2023
өлшемі25,91 Kb.
#105648
1   2   3   4
Байланысты:
1 Дәріс

Психолог құқығы:

  1. Оқушылрмен және басқа талапкерлермен жүргізіетін жұмыстың нақты міндеттерін өз бетінше шешуге, әдіс-тәсідерін дербес таңдап,жұмыстардың кезегін анықтауға;

  2. Кәсіби міндеттерін сапалы орындауға қажетті жағдай жасауды мектеп басшыларынан талап етуге;

  3. Жоғарғы орындардан түскен нұсқаулар этикалық ұстанымарға қайшылас келген жағдайда оны орындаудан бас тартуға;

  4. Қажетті құжаттармен танысуға;

  5. Психодиагностикалық, психокоррекциялық әдіс-тәсілдерді реттеп алуға және оларды дайындауға;

  6. Мектеп оқушыларын толық және жеке зерттеулерден өткізуге;

  7. Медициналық және дефектологиялық мекемелерге сұраныс жасауға;

  8. Баланың болашағын анықтау үшін медициналық, педагогикалық-психологиялық т.б. комиссиялар кеңесіне қатысуға;

  9. Тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми-әдістемелік көпшілік журналдарына материалдар жариялауға;

  10. Психологиялық білімдерді насихаттауға;

  11. 240 сағат көлемінде нормативтік және факультативтік сағат алуға;

  12. Оқушыларды мамандықта баулу және кәсіби бағдар беруге;

  13. Отбасына психологиялық қызмет көрсетуге.



Практик психолог жұмысының ұйымы.

Психолог жұмысының эффективті болуы үшін оған жеке кабинет және топтық зерттеу жұргізу үшін кеңістік керек. Кабинет автоматтандырылған жұмыс орнымен қамтамасыз етілуі керек; яғни қажетті бағдарламасы бар компьютер, аудио – видео аппараттар, психодиагностикалық мәліметтерді және документтерді сақтайтын орындар болуы керек.


Психологиялық сабақтар, факультативтер, ата – аналар мен мұғалімдерге арналған лекциялар әдеттегі оқу сыныптарында немесе арнайы психологиялық кабинеттерде жүргізіледі. Онда оқыту –методологиялық материалдар: психологиялық күнтізбе; психологтың хат жәшігі; бір күндік психологиялық кеңес; мұғалімдер, ата – аналар және әртүрлі жастағы оқушыларға берілетін ұсыныстар.
Психологиялық жеңілдеу сеанстарына арналған кеңістіктер және олар ерекше безендірілуі керек.
Практик психологтың жұмыс орны келесі блоктардан тұрады:

  • Іс -әрекетін жоспарлайтын документациялар;

  • Психодиагностикалық зерттеулер қорытындысын көрсететін документациялар;

  • Корректорлі – дамытушы жұмыстарды жоспарлау, ақпараттармен, инструменттермен қамтылған;

  • Әртүрлі тренингтерді жүргізуге арналған жоспарлар мен инструменттер;

  • Психологиялық диагностикалар, коррециялар, профилактикалар, кеңес беруші әдістер мен мәліметтік базалар;

  • Клиенттер мен олардың проблемалары жайындағы мәліметтер;

  • Психологиялық орталықтар жайында мәліметтер;

  • Практик психолог интернеті;

  • Кітапхана, картотекалар, видеотекалар.

Мұнда кабинет - жұмыс эффективтілігін жоғарлату, клиенттерге психологиялық комфорт орнатуға және психологпен сенімді қарым – қатынас орнатуға көмек береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет