Дәріс №1 Пәнге кіріспе



бет32/48
Дата03.04.2022
өлшемі275,59 Kb.
#29699
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Байланысты:
349139 (3)

Дәріс № 10,2

1.Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы.

2.«Қазақстандық халықтың бірлігі мен тұтастығының нығаюы мен дамуы  тұжырымдамасының» мақсаттары мен  принциптері. 

3. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы.



4. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі.

 

1. Этносаралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық бірлікті қамтамасыз ету Қазақстан дамуының, елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыруының маңызды шарты болып табылады.



Ел бірлігі доктринасы (бұдан әрі - Доктрина) 2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті берген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Доктрина Конституцияның, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның және өзге де нормативтік- құқықтық актілердің ережелеріне, сонымен қатар, аталған саладағы халықаралық құқық нормаларына негізделген. Доктринада ұлттық саясаттың мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары, сондай-ақ оны іске асырудың негізгі бағыттары баяндалған. Доктрина қоғамды әрі қарай ұйыстыруға қолайлы шарттарды қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге негіз болып табылады.

10 беттен тұратын «Ел бірлігі» доктринасында 3 тарау бар. Олар «Бір ел – бір тағдыр», «Тегі басқа – теңдігі бір», «Ұлт рухының дамуы» деп аталады.Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы – ел болу, бірегей қоғам қалыптастыру деген сөз. Тəуелсіздік жылдары мемлекет іргесі бекіді, қоғамның демократия негіздері, азаматтық қоғам институттары сияқты маңызды күретамырлары қалыптасты. Қазақстан Конституциясы, Қазақстан-2030 даму стратегиясы, бірқатар концепциялық құжаттар мен стратегиялық бағыттар, Ассамблея туралы заң елдің болашаққа бастар жолын айқындады. Осы бағытта əлемдік қауымдастық тарапынан мойындалған, этностық ерекшелігіне қарамастан, сүттей ұйыған барша азаматтарды қазақ халқының төңірегіне ұйыстыра отырып, ел бірлігін əрі қарай дамытатын құжат қабылдау – заңды құбылыс.

Доктрина қазақ мемлекеттілігі мен дəстүрінің ғасырлар бойы жинақталған тəжірибесіне негізделеді. Аталған құжат əрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын халық мұраты, терең əлеуметтік философиялық жəне патриоттық мағынадағы «Ел бірлігі» ұғымынан бастау алады. Соныме қатар, мəдениеттер мен өркениеттер тоғысында орналасқан халықтың қонақжайлылық пен сыйластық қасиеттері аталған ұғымның берік орнығуына негіз болды.


2. 2015 жылы желтоқсан айында бекітілген Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасының мақсаты – азаматтық қағидаттарына және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту.

Тұжырымдаманың міндеттері:  азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөнінде барлық  деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірыңғай жұмыс жүйесін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтары негізінде жаңа қазақстандық  патриотизмді құру; ел дамуының стратегиялық мақсаттары төңірегіне топтасқан, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттарында тәрбиеленген «Мәңгілік Ел» жаңа қазақстандық патриотизм ұрпағын қалыптастыру; еңбек және кәсіпқойлар қоғамын қалыптастыру, онда отбасы, достық, бірлік, сондай-ақ еңбексүйгіштік, адалдық, оқығандық пен білімділік, үштілділік сияқты құндылықтар дәріптеледі; орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тарихи ескерткіштер мен халықтың рухани-мәдени мұраларын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан қоғамының рухани бірлігі қағидаттарына негізделген мемлекеттің зайырлы сипатын дамыту жөніндегі шараларға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруы. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Тұжырымдама іс-шараларын, сондай-ақ болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметін мониторингтеу, есеп беру және бақылау тетігін қалыптастыру.  

Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері: 2015 – 2020 жылдар: ҚХА туралы заңнаманы жетілдіру; елдегі қоғамдық келісім кеңестерінің жүйелерін одан әрі дамыту; ҚХА медиация жүйесін және ҚХА қайырымдылық жүйесін қалыптастыру; қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру; заңнаманы жаңғырту және ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдаудың жаңа нысандарын (гранттар мен сыйлықтар) енгізу. 2021 – 2025 жылдар: білім беру жүйесін үш тілге көшіруді аяқтау; ҮЕҰ-ның жергілікті басқаруға қатысуын кеңейту; елде қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыруды жетілдіру;  «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қоғам мәдениетінің негізі ретінде бекіту; жаңа қазақстандық патриотизмді нығайту үшін жағдайлар жасау; өскелең ұрпақтың бірегейлігі және оларды әлеуметтендіру саласының тетіктері мен инфрақұрылымын дамыту және нығайту.
3. Қазақстан халқы Ассамблеясы-1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. 

Бұл  бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея  қызметінің арқасында Қазақстанда  этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Ассамблея  қызметі этносаралық қатынастар  мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.

Қазақстандық  үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.



БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өткен болатын. Қазақстандық  үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.
4. Қазақстан Ха­л­қы ассамблеясы қоғам­ды топтас­тыру­шы тетіктердің біріне ай­налды. Шын мә­нін­де, ол ұлтаралық келі­сімнің қазақ­стан­дық моделін жүзеге асырудың маңызды те­тігі болатын. 1995 жылы 16 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ұлт­­тық мәдени орталықтардың жетек­ші­лерімен кездесу өткізді. Сонда Елбасы рес­публикадағы ұлтаралық келісімді сақ­тау және оны одан әрі нығайту үшін рес­публикада жаңа қо­ғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қа­зақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін ассамблея құру қажеттілігі туындап отыр­ғандығына назар ау­дарды. Ассамблеяның басты мақсаты: Қа­зақстандағы барлық эт­ностардың ру­хани тұрғыда қайта жан­ғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өрке­ниеттік және демок­ратиялық ұстаным­дарға, мемлекеттік ұлт­тық саясатта барлық этностардың мүд­де­сіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қа­тынас мәдениетін қалыптастыру бо­ла­тындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші ассамблеялар құрылып, олардан сес­сияға 260 делегат сай­ланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өт­ті және оның құра­мына 40 ұлттық-мә­дени орталықтың өкіл­дері енді.Сессияда Қазақстан Президенті Н.На­зар­баев баяндама жасап, ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгі­ленді. Ассамблея құру идеясы қоғамды топтас­тырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атса­лысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. 2007 жылы ассамблея конституциялық орган мәрте­бесін иеленді, кепілді парламенттік өкілдік – ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығын алды. 2008 жылғы 20 қазан­дағы ҚР «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заңы ассамблея қызметі мен құры­лымдарын, еліміздің қоғамдық-саяси жүйесіндегі оның орны мен рөлін норматив­тік-құқықтық реттеуді, конституциялық парламенттік өкілдікті жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Ассамблея құрылған кез­ден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыт­тары бойынша мемлекеттік шешімдер қа­был­дауға қатысып келеді. Ассамблея этно­мәдени бірлестіктерді құрамына бірік­тіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заң қабылданды. Ассамблея мен этномә­дени орталықтар та­ра­пынан көтерілетін баста­малар мемлекет­тік деңгейдегі қолдауға ие болды.

Ассам­блея­ның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы. Ассамблеяның өткізген барлық сессия­ларда Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев Қазақ­станда ұлтара­лық татулық пен келі­сімді нығайта беру бағы­тын­да ізденістер­ді жал­ғас­тырудың қажет­тілігіне баса назар аударып отырады. Қазақ­стан халқы ас­сам­блеясы үлгісінде Ресей Федерация­сын­да, Қырғызстанда халық ассамблеялары құрыл­ды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсе­тетін жайт, ол Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да олардан дараланып тұрады. Ассамблея өзінің құрылымы жағы­нан республикалық, облыстық және қала­лық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет