Бағалауға тапсырма Тапсырма «Инклюзивті үрдісті басқаруға қатысатын мамандардың лауазымдық міндеттері»



Дата17.12.2023
өлшемі19,37 Kb.
#140343

Бағалауға тапсырма
Тапсырма
«Инклюзивті үрдісті басқаруға қатысатын мамандардың лауазымдық міндеттері» тақырыбында кесте толтырыңыз.

Мамандар

Лауазымдық міндеттері

Мекеме басшысы (Директор)

Оқу-тәрбиелеу үдерісін ғана емес, сондай-ақ ол психологиялық-педагогикалыққолдау қызметін де біліп, басқаруға және өтіп жатқан үдеріс туралы ақпаратты жинау және өңдеу тәсілдерін де меңгеруге міндетті

Мекеме басшысының орынбасарлары (оқу ісі және тәрбие ісі)

Балаларды қолдау үдерісін басқаруға, психологпен, дефектологпен, логопедпен және т.б. мамандармен өзара әрекеттенуге, оқушыны қолдаудың жеке бағдарламасын құруға қатысуға, балаларды сүйемелдеу жүйесін дамыту және жетілдіруге бағытталған әр түрлі шараларды, формаларды, тәсілдерді әзірлеу үшін мұғалімдер мен мамандардың уақытша ұжымын ұйымдаструға міндетті

Мұғалім (сынып жетекшісі / пән мұғалімі)

Оқытудағы қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың сипатын бағалайды, оқу материалын меңгерудегі проблемаларды анықтайды, оқу бағдарламаларын қысқартуды (бейімдеуді) орындайды, жеке оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысады, типтік, қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламаларына сәйкес ЕБҚ бар оқушылардың жетістіктерін бағалау және оқыту процесін дараландырады. Мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандарымен бірігіп жұмыс жасайды.

Арнайы педагог (дефектолог)

3.1. Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу 3.2. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға психологиялық жайлы және қауіпсіз жағдай тудыруға көмектесу. Түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету. 3.3. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы ауытқушылықтарының құрылымы мен байқалу айқындығын анықтау, тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау және оларды рұқсат етілетін көлемде ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде және оларды жеңуде бағдарлау мақсатында) жеткізу. 3.4. Түзету жұмысының міндеттерін, формасын, тәсілдерін анықтау, бастапқы зерделік немесе сенсорлық бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды бұзылыстардың алдын алу, оқушылардың дамуындағы жүйкелік-психикалық ауытқушылықтарды жеңу, зерделік және сенсорлық бұзылыстарды барынша түзетуге бағытталған жеке даму бағдарламасы аясындағы түзете дамыту жұмысын жүргізу. 3.5. Балаларды ПМПК-ке, психологиялық, медициналық орталықтарға (қажет болған жағдайда) жіберу. 3.6. Сабақ өткізу үшін мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психофизикалық, сенсорлық және зерделік жағдайын, олардың жас шамасын есепке ала отырып, топтарды жинақтау. 3.7. № ... ОБМ-інде жүргізілетін қолдау үдерісі мен түзете білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің (әкімшілік, педагогтар ұжымы, ата-аналар) және оқушылардың арасында делдал болу. 3.8. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардыңзамануи білім беру кеңістігінде бейімделу жобаларын жүзеге асыру саласындағы № ... ОБМ-інің болжалдық мүмкіндіктерін талдау. 3.9. Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру: - мүмкіндіктері шектеулі балалармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру; - педагогтардың арнайы педагогика және психология саласындағы кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; - мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ата-аналарын түзету жұмысының үдерісі, мазмұны мен табыстылығы туралы хабардар ету; - оқуда қиындықтары бар балалар туралы ақпаратты жинау және қорландыру; - оқушылармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламасын жүзеге асыруды мониторигілеу жүйесі; - мектеп практикасындағы инклюзивтік білім беру саласындағы қабылданған шешімдерді орындау. 3.10. Әзірлеу және пайдалану: - оқушылардың даму бұзылыстарын жеңуге бағытталған түзете дамыту жұмысының апробацияланған және авторлық бағдарламасын, сабақтар циклын; - мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды кешенді түрде тексеру мен қолдаудың жеке бағдарламаларын; - мектеп және жанұя жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі оқушылармен жұмыс бойынша педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға арналған ұсынымдар. 3.11. № ... ОБМ-інің және жанұялық тәрбиелеу жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың бұзылыстарын жеңу бойынша түзету жұмысының міндеттері мен ерекшеліктері туралы хабарлау мақсатында білім беру үдерісіне қатысушылармен (педагогтар мен ата-аналар) кеңес беру жұмсын жүргізу. 3.12. Қатысу: - әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік жұмыстың басқа түрінің әрекеттеріне; - тәжірибелік-эксперименталдық әрекеттерге; - Педагогтар кеңесіне, ППҚ қызметінің, психологиялық-медициналықпедагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына; - ата аналар үшін өткізілетін шараларға (жиналыстар, семинарпрактикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.). 3.13. Балаларды тексеруге және түзете дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдар. 3.14. Қажетті құжаттамаларды, аналитикалық-статистикалық есепті (тексеру мен жүргізілген түзету сабақтарының нәтижелерін бейнелейтін, берілген формадағы жылдық есепті құру) қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, ПМПк үшін балаларды тексеру және түзету жұмысы нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау. 3.15. Өзінің кәсіптік жұмысын орындағанда № ... ОБМ-інің жарғысын, еңбекті қорғау ережелері мен нормасын сақтау, қауіпсіздік техникасын, санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі ережелерін орындау. 3.16. Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру.

Педагог-психолог

3.1. Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу. 3.2. Кәсіптік мәселелербалалардың мүддесін қорғай, олардың толық құнды психикалық даму міндеттеріне сәйкес шешу. 3.3. Кәсіптік құпияны сақтау, құпиялылық талаптарын сақтау. 3.4. Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен қамтамасыз ету. Тұлға үшін психологиялық жайлы және қауіпсіз орта құруға, мектептегі оқубілім беру үдерісі кезіндегі гуманистік, өнегелі қарым-қатынастың орнауына көмектесу. 3.5. Диагностикалаудың, дамыту, психопрофилактикалық және психотүзету жұмыстарының сенімді, ғылыми негізділген тәсілдерін қолдану. 3.6. Даму мүмкіндіктері шектеулі және мектептік бейімделмеу «қатер тобының» баларын анықтау бойынша жұмыс жүргізу. 3.7. Диагностикалық тексеру нәтижелері бойынша оқушылармен жүретін түзете дамыту жұмысының мазмұнын анықтау және оқудың барлық кезеңі бойы жеке тәсілдемемен қамтамасыз етуүшін психологиялық тұжырымдама жасау. 3.8. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға білім берудің жеке бағдарламалары мен дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу. 3.9. Баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне (эмоциялық тұлғалық аясының дамуы және оның кемшіліктерін түзету, танымдық әрекетін дамыту және жоғары психикалық атқарымдарын қалыптастыру, әрекеттенуін және тәртібін, коммуникативтік дағдыларын ерікті реттеуді қалыптастыру) сәйкес психологиялық тұжырымдаманың негізінде жекеше және топтық түзімдегі түзете дамыту жұмысын жүзеге асыру. 3.10. Педагогтар мен ата-аналардың психологиялық мәдениеттілігін қалыптастыру. 3.11. Психологиялық жайлылықпен қамтамасыз ету, педагогтардың оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемелерін ендіру кезінде балалардың жеке және жас шамасының ерекшеліктерін есепке алу. 3.12. Мектеп және жанұя жағдайындағы оқушының тұлғасының психологиялық даму ерекшеліктері мен міндеттері бойынша педагогтармен, мамандармен, ата-аналармен және білім беру ұйымдарымен серіктестікке тартылған тұлғалармен сабағаттылық жұмысын жүргізу. 3.13. Қатысу: - қаладағы педагогтар-психологтардың әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына және басқа түрдегі әдістемелік жұмыстарға; - Педагогикалық кеңестердің, психологиялық-медициналықпедагогикалық консилиум отырысына. 3.14. Психологиялық диагностикалау, түзете дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдардың болуы. 3.15. Жұмыстардың барлық түрін тіркеу және қажетті құжаттамаларды қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, оқушыларды психологиялықпедагогикалық қолдау қызметін тексеру нәтижелерін бейнелейтін, қабылданған нобай бойынша жылдық аналитикалық-статистикалық есеп беру. 3.16. Өзінің кәсіптік біліктілігін үнемі арттыру

Әлеуметтік педагог

3.1. Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу, ППҚ қызметінің жұмысын жоспарлауға, психологиялық-медициналықпедагогикалық коонсилиум, білім беру ұйымдарының профилактика кеңесінің жұмыстарына қатысу. 3.2. Оқушыларға психологиялық жайлы және қауіпсіз жағдай тудыруға көмектесу, түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету. 3.3. Оқушылардың әлеуметтік даму және олардың жақын әлеуметтік ортасының мәселелерін зерттеу; оларды жеңу үшін дер кезінде көмек көрсету. 3.4. Оқушыларды тексеру, тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау, олардың негізінде – оқушының әлеуметтік-тұлғалық дамуындағы анықталған мәселелерді жеңу бойынша мамандарға, педагогтарға және ата-аналарға арналған ұсынымдар әзірлеу. 3.5. Әлеуметтік-пеадгогикалық жұмыстың міндеттері, түрі, тәсілдері, жеке тұлғалық және әлеуметтік мәселелерді шешу тәсілдері, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету шараларын қабылдау, оқушылардың құқығы мен еркіндігін жүзеге асыру, оқушыларды қоғамда ары қарай да әлеуметтік бейімдеумен қамтамасыз ету. 3.6. Заманауи білім беру және оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімдеу жобаларын жүзеге асыруда мектептің болашақтағы мүмкіндіктерін талдау. 3.7. Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру: - оқушыларды әлеуметтік бейімдеу жобалары мен бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру; - оқушыларды әлеуметтік бейімдеу бойынша педагогтардың және атааналардың кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; - әлеуметтік бейімдеу бойынша мәселелері бар балалар туралы ақпаратты жинау және қорландыру; - оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау жүйесін; - оқушыларды әлеуметтік бейімдеу саласынлда қабылданған шешімдерді орындау. 3.10. Әзірлеу және пайдалану: - оқушыларды әлеуметтік бейімдеудің жобалары мен бағдарламаларына қатысатын құрылымдарға арналған нормативтік құжаттарды; - оқушыларды әлеуметтік дамыту проблемалары жоюға және алдын алуға бағытталған бағдарламаларды (апробацияланған және авторлық), сабақтар циклын; - әлеуметтік даму мәселелері бар балалармен жұмыс бойынша педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға арналған ұсынымдар. 3.11. Мектеп және жанұя жағдайындағы оқушылардың әлеуметтік тұлғалық даму ерекшеліктері және міндеттері бойынша педагогтармен, мамандармен, ата-аналармен сабағаттық жұмыс жүргізу. 3.12. Қатысу: - әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік жұмыстың басқа түрінің әрекеттеріне; - Педагогтар кеңесіне, ППҚ қызметінің, психологиялық-медициналықпедагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына; - ата аналар үшін өткізілетін шараларға (жиналыстар, семинарпрактикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.). 3.13. Оқушылардың әлеуметтік дамуы бойынша дамуын тексеруге және дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдар. 3.14. Қажетті құжаттамаларды, аналитикалық-статистикалық есепті қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды тексеру мен психологиялық қолдау нәтижелерін білдіретін белгіленген схемедағы жылдық есепті құрастыру. 3.15. Өзінің кәсіптік жұмысын жүзеге асырғанда Жарғыны орындау, еңбекті қорғау ережелері мен нормасын сақтау, қауіпсіздік техникасын, санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі ережелерін орындау. 3.16. Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет