Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы



бет29/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Р

А

Ф

Т

Ата-ана

Директор

Өтініш

Мектепте домбыра, би үйірмелерін ашуыңызды сұраймыз.

Министр

Облыстық және қалалық білім бөліміне

Жарлық

Мектептегі тәрбие жұмысына қосымша сағат бөлу туралы.

Бала

Әкесі

Өтініш

Маған бір күніңізді бөліп, мектепте өтетін ата-аналар жиналысына қатысуыңызды сұраймын.

Сотка

Иесі

Өтініш

Қымбатты, менің ием! Сізге бір үлкен өтінішім бар еді: мені күні-түні қолыңыздан тастамай қинауыңызды қойыңызшы!!!

Шаруа

Ешкі

Бұйрық

Қотыр ешкі!!! Сенің қыңыр мінезің мені шаршатты. Аулада секірмей, басқа үйдің бақшасына кірмей, балалырымды сүзбей тыныш жүр!!!



9. Сұрақтың түрлері: «Жабық сұрақ» және «Ашық сұрақ» әдісі.
Мысалы: Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқыңдар, әңгіме желісіне байланысты үш жабық сұрақ және үш ашық сұрақ дайындаңдар.

Ашық сұрақ:

  1. Бірінші жолаушы кім?

  2. Біздің көңіліміздің, ойымыздың таза болуы қажет екендігі туралы қай жолаушы айтқан еді?

  3. Бұл әңгіме қай жерде болған оқиға?

  4. Мәтінде неше жолаушы болды?

  5. Әңгіменің авторы кім?

  6. Әңгіме не туралы?

  7. Тастың суағар жерінде қандай жазу болды?

  8. Бұлақтың басында қанша жолаушы кездесті?

  9. Жолаушылар бұлақтың басынан нені байқады?

  10. Таста қандай сөз жазылып тұрды?

  11. Үш жолаушы бұлақ басындағы қандай жазуды оқиды?

Жабық сұрақ:

  1. Бұл әңгімедегі ойды қазіргі өмірмен қалай байланыстырар едің?

  2. Бұл әңгіме Ы.Алтынсариннің қандай әңгімесінің желісіне ұқсас келеді?

  3. Егер сен автор болсаң, бұл үш жолаушыны бұлақтан басқа қандай маңызды орындарға кездестірер едің?

  4. Неге жолаушылардың пікірлері әртүрлі болды деп ойлайсың?

  5. Үш жолаушының қайсысының пікірі дұрыс деп ойлайсың?

  6. Сенің ойыңша қай жолаушының ойы дұрыс?

  7. Мәтіннің түпкі ойы қандай?

  8. Неліктен әңгіме «Таза бұлақ» деп аталады?

  9. Қай жолаушының ойы көңіліңнен шықты?

  10. Қай жолаушының жауабы дұрыс деп ойлайсың?

  11. Бұлақ туралы не білесің?

  12. Егер сен саудагер болсаң, не деп айтар едің?

  13. Саудагердің айтқан сөзінің мағынасы қандай?

  14. Егер сен автор болсаң, оқиғаны қалай аяқтар едің?

  15. Үш жолаушы неге бірдей ойламады?

  16. «Жақсылығыңды ешкімге міндет етпе!» дегенді қалай түсінесің?

  17. Сенде осы жолаушылардың қатарында болсаң не істер едің?

  18. Егер сен төртінші жолаушы болсаң, не деп айтар едің?

  19. Әңгіме не берді, не үйретті?






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет