Уақыт пойызы қазақты алдымен феодализм бекетінен бір, кейін социализм перронынан екі түсіріп, енді келіп капитализм стансасында аялдап тұр. Осы кезеңдердің қай-қайсысы болсын халқымыз үшін оңайға соққан жоқ. Үмітті күдік, қуанышты қорқыныш жеңген сәттер аз емес. Сондықтан болар, кей отандасымыз отырып алып, «егемендік елімізге не берді?» деп ойға батады. Берді. Әлі де беріп келеді. Ең алдымен өткенге үңіліп, тарихымызды таразылап алдық. Жаңаша көзқарас пайда болды.
Уақыт пойызы қазақты алдымен феодализм бекетінен бір, кейін социализм перронынан екі түсіріп, енді келіп капитализм стансасында аялдап тұр. Осы кезеңдердің қай-қайсысы болсын халқымыз үшін оңайға соққан жоқ. Үмітті күдік, қуанышты қорқыныш жеңген сәттер аз емес. Сондықтан болар, кей отандасымыз отырып алып, «егемендік елімізге не берді?» деп ойға батады. Берді. Әлі де беріп келеді. Ең алдымен өткенге үңіліп, тарихымызды таразылап алдық. Жаңаша көзқарас пайда болды.
Moon
КСРО Ішкі істер министрлігінің есебі бойынша 1921-1953 жылдар аралығында Кеңес Одағы аумағында контрреволюциялық қылмысы үшін 3 777 380 адамға сот үкімі шығарылып, соның 642 980-і өлім жазасына кесіліпті. Өткен жүз жылдықтың қан сорғалаған жылнамасы осылай дейді. Тәуелсіздік жылдары елімізде жарық көрген 14 «Азалы кітапта» күштеп ұжымдастыруға, тәркілеуге, отырықшыландыруға қарсы бас көтеріп, жазықсыз жазаланған 146 400 отандасымыздың тізімі келтіріліп отыр.
Venus
Fig. V
Fig. IV
Қазақ әдебиеті классиктері
Pluto
Fig. I
Тарихи тақырып жай ғана талап етушіге оңай алдыра қоймайды, оның өзіндік қиындығы, қатпары мол биік асулары бар. Мұны классикалық әдебиеттің өкілдері қалдырған мол мұрадан білеміз. Абай, Шоқан, Шәкәрім, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Жұмабай, С.Мұқанов, Ғ.Мүсрепов, Ғ.Мұстафин сияқты әдебиет өкілдері өткенге соқпай өтпеген. Қазіргі әдебиетімізде де бұл іргелі тақырыптың өзіндік қиындықтары мен мәселелері көптеп саналады.
Тәуелсіздік қазақ әдебиетіне не берді?
Еліміз тәуелсіздік алғаннан дейін бұрын тыйым салынып келген бірқатар тақырыптар ашылды. Бұрын көп уақыт айтылмай келген оқиғалар жөнінде көркем шығарма жазуға мүмкіндік туды. Кейінгі 30-жылда тарихи тақырыпқа деген оқырманның да, қаламгерлердің де қызығушылығы еселеп артты. Әдебиетте бұрын ұмыт бола бастаған, тасада қалған, жасырып айтпай келген жайттар көрініс тауып, тарихи шындықты қалпына келтіруде орасан көлемді жұмыстар жүргізілді.
—SOMEONE FAMOUS
Fig. VIII
Соның ішінде әдебиеттің түрлі жанрындағы әдеби шығармалар, театр сахнасынан көрсетілген пьесалар, экранға жолдама алған көркем суретті кинолар жұртшылықтың тарихымыздағы ақтаңдақ пен өткен дәуірдегі айтылмай келген шындыққа, ұлтымыздың салт-дәстүріне деген қызығуын оятты. Тарихи тақырыпқа деген оқырман ынтасы арта түсті. Кезінде ел тұтқасын ұстаған белгілі тұлғалар жайлы пьесаларда қазақ халқының өткен дәуірі, тәуелсіз салт-санасы, бастан кешкен қилы оқиғалары қалпына келтірілді. Бұл туралы көптеген зерттеу, ғылыми еңбектер жазылды.
Д.Исабеков »Балуан Шолақ « пьесасы
«Балуан Шолақ» атты тарихи драма жазған Д.Исабеков пьесасы сахна төрінде біраз уақыт басты қойылымда жүрді.
Драмада Балуан Шолақтың палуан, өжет, батыл болып көрсетіледі. Оның өз бойындағы осы жарасымды қасиеті кей тұста тентек, тойтаңдаған ожарлыққа ұласып кетеді. Бұл жайында кино, театр сыншылары ауызша пікір білдіргенімен дәлелді жазылған сын пікір көріне қойған жоқ. Балуан Шолақ жайында көркем фильм де түсірілді.
“Venus is the second planet from the Sun”
Saturn
Fig. VII
Fig. VI
Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты»
Venus
Fig. VII
Fig. VI
Жазушы Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» пьесасы баспасөзде біраз уақыт оқырман ойына түрткі боларлық пікір ағынын туғызғаны белгілі. Қазіргі әдебиетте кеңес заманының тергеушілері туралы «жан алғыш» образдар қалыптасқан.
Ж. Қорғасбеков «Жансебіл» шығармасы
Кейін ол туралы кино түсірілді. Мұнда да әлгіндей суреттер өте қоюлата берілген. Екі аяғынан айырылып, еліне жетуді армандаған шал кейпіндегі кейіпкер үнемі поезды қарсы алып сібірдің қаласынан еліне жете алмай, туған жерінен дерек білгісі келіп перронда айқайлап жүреді.
1986 жылғы желтоқсан көтерілісінен кейін, жариялылық тұсында жарыққа шыққан Ж.Қорғасбековтің «Жансебіл» әңгімесінде 30-жылдары қуғын-сүргінде жер аударылып, «халық жауы» атанған жас жігіттің тағдыры суреттелген.
Тарихи ақтаңдақтар халқымыздың өткен өміріндегі ең ауыр, қасіретті, қиындыққа толы өмірінің ұмытылмас, қайталанбас беттері. Өткен тарихтың күйзеліске толы талай беттері жазылды, алайды әлі жазылмаған, айтылмаған шындықтардың бар екенін, оның жазуы тиіс сәттерін уақыт өзі талап етіп отырады. Қандай ауыр тұрмыс та, соғыс пен тартыс, қайшылық та адам баласына бақытты өмірдің бар екенін ешқашан ұмыттыра алмайды. Өмірдің қилы бояуларына толы қиындықтарды жеңе алған қайсар рухты халықтың өткеніне деген кұрмет ретінде жазылған тарихи шығарманың қай-қайсында да салт-дәстүріміздің, елге деген құрмет пен тағзымның белгісі тұрғанын оқырман көпшілік те іштей сезініп, түйсіне алғаны өнер тарихы үшін сөзсіз үлкен қуаныш.