Дәріс №1 Тақырыбы: Жер кадастрының әдістемелік негіздері Қарастырылатын сұрақтар



бет35/70
Дата14.10.2023
өлшемі315,69 Kb.
#114933
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
Дәріс №21
Тақырыбы: Елді мекен жерлеріне салық салу әдістемесі
Дәріс жоспары:
1. Елді мекен жерлеріне салынатын салық.
2. Жер үшiн төленетiн төлемдер.
Елді мекен жерлеріне салынатын салық
Қалалық жергілікті өкімет органдарының қарауындағы қала мен поселке шегі шеңберінде орналасқан бүкіл жер қалалар мен поселкелердің жеріне жатады.
Селолық (ауылдық) елді мекендердің жеріне осы мекендерге арналып жерге орналастыру тәртібі бойынша белгіленген шегі шеңберіндегі барлық жерлер жатады.
Елді мекеннің жерлері салық салу мақсаты үшін екі топқа бөлінген:
1. Тұрғын үй қоры, о.і. олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекен жерлері;
2. Тұрғын үй қоры олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер;
Жер салығы – тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі үшін заң жүзінде бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Жер салығының негізгі мақсаты — экономикалық тәсілмен жер қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджетке түсім түсіру арқылы жер қорын сақтау, жердің құнарлылығын, сапасын жақсарту шараларын қаржыландыру. Жер салығын салу нысаны жер телімі болып табылады. Қазақстанда елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жер телімдеріне; ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары алып жатқан жер телімдеріне; Үкімет шешімі бойынша консервацияланған нысандар орналасқан жер телімдеріне, т.б. жер салығы салынбайды. Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара- бар сарапталып бекітіледі. Бонитет балы 50-ден 100-ге дейін және 100-ден жоғарғы мөлшермен сарапталады. Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшері алаңның бір шаршы метріне бекітіледі. Жергілікті өкілетті органдар өзінің шешімдерімен жер телімдеріне бекітілген базалық мөлшерді төмендете алады.. Қазақстанда бірыңғай жер салығын 1999 жылдан бастап шаруа қожалықтары төлейді. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін жер телімінің бағалау құнын білу керек. Мұны анықтау Қазақстан Республикасының “Жер кодексі” (2003) белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Жер үшiн төленетiн төлемдер:

      1. Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусiз жер пайдаланудағы жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады.

      2. Мемлекет уақытша өтеулi пайдалануға берген жер учаскелерi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады.

Жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын есептеу және бюджеттiң кiрiсiне төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттерге жер учаскесi жалға берiлген кезде жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының мөлшерi Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда айқындалады.

      1. Жер учаскелерiн мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өтеулі негізде сату, өзінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешiмi бойынша ақысы бiрден төленiп не төлеу мерзімі ұзартылып жүзеге асырылады, бұған:

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына – тұрғын үй- жайлардың меншiк иелерiне кондоминиум объектiлерiндегi мiнсiз үлесi ретiнде;

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына жер кодексіне, сәйкес өзiндiк қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшiн;

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен айқындалатын халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға;

  • тізбесін және тізбеге енгізу үшін таңдау критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын отандық өнеркәсіп орындарына;

  • "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес объектілер салуға берілген шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;

  • жер кодексінің және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда, жер учаскесi меншiкке өтеусiз негiзде берiлетiн жағдайлар қосылмайды.

- жер учаскелерi үшiн төлемақы немесе уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын өтеулi түрде бepу төлемақысы жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн қолдану арқылы шығарылатын кадастрлық құны негiзiнде есептеледi.



  1. Жер кадастры түсінігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет