70.Босалқы жер санатына жатад Меншiкке немесе жер пайдалануға
берiлмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады.
Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен босалқы жер құрамына ауыстырылады. Аталған жердiң құқықтық режимi осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалады
71. Қазақстан Республикасының жер қоры қанша? 272,5 млн 72. Республикамыз дүние жүзінде территория бойынша нешінші орынға ие 9 73. Қазақстан Республикасындағы жерге меншiк түрі Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.
Меншiк құқығының субъектiлерi:
республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы;
осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.
74 . Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығы қандай негізде беріледі
Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығын табыстыру ақылы негiзде жүргiзiледi.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін және орман өсіруді жүргiзу үшiн жер учаскесiне (жер учаскелерiне) жеке меншiк құқығының табысталуына мүдделi азаматтар мен мемлекеттiк
емес заңды тұлғалардың:
1) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын жер учаскесiнiң осы Кодекстiң 10 және 11-баптарына сәйкес анықталатын кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен сатып алуына;
2) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын оның кадастрлық (бағалау) құнына қарай айқындалатын жеңiлдiктi бағамен сатып алуына болады.
75.Жер төлемдерінің түрлері
Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусiз жер пайдаланудағы жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады.
2. Мемлекет уақытша өтеулi
пайдалануға (жалға) берген жер учаскелерi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады.
Жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын есептеу және бюджеттiң кiрiсiне төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттерге жер учаскесi жалға берiлген кезде жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының мөлшерi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда айқындалады.
3. Жер учаскелерiн мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өтеулі негізде сату, өзінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешiмi бойынша ақысы бiрден төленiп не төлеу мерзімі ұзартылып жүзеге асырылады, бұған:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына - пәтерлердің меншiк иелерiне кондоминиум объектiлерiндегi мiнсiз үлесi ретiнде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Кодекстің 50-бабының 2-тармағына сәйкес өзiндiк қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшiн;
2-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен
айқындалатын халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға;
2-2) тізбесін және тізбеге енгізу үшін таңдау критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын отандық өнеркәсіп орындарына;
76. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) жер ресурстарын басқару саласында басшылықты жүзеге асырады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан
Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Комитет егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы
болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитет құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 14 кіреберіс.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитет функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі
77. Мемлекеттік жер кадастры басқармасы жүзеге асырады
Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры (республиканың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер кадастры) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
4. Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерi мемлекеттiк ақпараттық pecуpc болып табылады.
5. Мемлекеттік жер кадастрының
мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты дайындаумен қамтамасыз етіледі.
6. Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi жердi пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтi бағалау және жердi пайдалану мен қорғауға
байланысты басқа да iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу, жер үшiн төлем мөлшерiн айқындау, жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер учаскелерiнiң құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн негiз болып табылады.
7. Мемлекеттiк жер кадастрының деректерiн есепке алу мен оларды сақтау бiрлiгi тұйық шекарада бөлiп шығарылған, белгiленген тәртiппен жер құқығы қатынастары субъектiлерiне бекiтiлген жер учаскесi болып табылады.
8. Жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатына
және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi мемлекеттiк кадастрлық есепке алуға жатады.
75.Жер төлемдерінің түрлері
Жерді рационалды пайдаланудың экономикалық әдістерін жасау;
Жер иеленушілердің жерді тиімді пайдалануға және оны қорғауға деген қызығушылығын арттыру;
Бюджеттің кірістерін жердің өнімділігін арттыруды, қорғауды және территорияның әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсауды қалыптастыру
93. Жер учаскесін бірнеше бөлікке бөлікке бөлу немесе бірнеше жер учаскелерін біреуге біріктіру кезінде ескі нөмерлер жойылады ма?
Иә жойылады және жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі.
80.Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу.
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі саласындағы қызмет, сонымен қатар жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінде пайдаланбайтын жылжымайтын мүлік объектілеріне салық салу үшін оны бағалау;
97. Меншік құқығы дегеніміз не?
Меншік Құқығы — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
132.Жер қорындағы үшінші санат атауы қандай?
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер ;
31. Жер учаскелерін есепке алу кезінде мынадай деректер тіркеуге жатады:
жер учаскесі иесінің немесе оны пайдаланушының аты-жөні;
жер учаскесінің алаңы;
жер учаскесіне меншіктің нысаны;
жер учаскесінің нысаналы мақсаты;
жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;
жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі;
жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
47) Қазақстан Республикасы ЖКААЖ қызметтік құрылымы. Республикалық деңгей:
Ұзақ мерзімді және болашақтық жоспарлау;
Бағдарламалық өнімдерді және Қазақстандық бағдарламаларды игеру;
ЖКААЖ облыстық орталықтарын әдістемелік, бағдарламалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Ақпаратты қорыту;
ЖКААЖ орталықтың облыстық және аудандық мамандарын оқыту;
Сапаны тексеру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
48) Облыстық деңгей:
Орта мерзімді болашақтық жоспарлау;
Картографиялық негіз құру;
Ақпаратты қорыту;
ЖКААЖ аудандық орталықты әдістемелік, бағдарламалық, материалдық – техникалық қамтамасыз ету;
Мамандарды оқыту;
Жұмыстардың сапасын тексеру.
96. Республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субьектісі? Қазақстан Республикасы
49) ЖКААЖ тиісті мәліметтер базаларында ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындары, кызметтері, тиісті министрліктер және ведомстволар пайдаланады. ЖКААЖ ол күрделі, көп нысаналы, көп кызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру – технологиялық жүйе.
27. Жер пайдалану құқығының субъектілері
Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі.
28. Жер пайдалану мен жер иелену тіркеу алдындағы заңды рәсімдеулер
1.Жер учаскелерін тіркеу – заңдық және нормативтік құжаттар, жер учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуі, ауытрпалықтарын және пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар;
29. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берілуге тиіс мемлекеттiк жер пайдаланушылар
1. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:
1) алып тасталды – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибе және оқу мақсаттарына;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда берiледi.
2. Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.
30. Жер учаскесіне құқық табыстау туралы облыстық, ауданның, жергілікті атқарушы органы шешімі жобасының мазмұны
. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзыретке сәйкес жүргізіледі.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өз құзыреті шегінде жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығын табыстаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы тиісті шешімі негізінде осындай жер пайдаланушылармен жер учаскесiн жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану шарттары жасалады.
31. Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде келесі деректердi тiркеу мiндеттi болып табылады
Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi тiркеу мiндеттi болып табылады:
1. жер учаскесi иесiнiң немесе оны пайдаланушының аты-жөнi;
2. жер учаскесiнiң алаңы;
3. жер учаскесiне меншiктiң нысаны;
4. жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы;
5. жер учаскесiн пайдаланудағы шектеулер жәнеауыртпалықтар;
6. жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;
7. жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi.
32. Есепке алу жер қорын тиімді пайдалану мен қорғау үшін қажетті пайдаланатын жердің...
Негізінен жерлерді есепке алудың басты мақсатымемлекетіміздегі жер қорын ұтымды да тиімді пайдалану және қорғау үшін қажетті пайдаланылатын жердің мөлшері, сапасын сипаттайтын мәліметтерді дер кезінде алуға, өңдеуге, талдауға және сақтауға бағытталған.
46) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алу шарттары? ауыл шаруашылығы мақсаты үшін жеке меншікке берген кезде оларға төлемақының базалық ставкаларының мөлшерiне негiзделе отырып айқындалады.
47) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің республикалық деңгейінің қызметтік құрылымы? Қазақстан Республикасы ЖКААЖ қызметтік құрылымы. Республикалық деңгей:
Ұзақ мерзімді және болашақтық жоспарлау;
Бағдарламалық өнімдерді және Қазақстандық бағдарламаларды игеру;
ЖКААЖ облыстық орталықтарын әдістемелік, бағдарламалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Ақпаратты қорыту;
ЖКААЖ орталықтың облыстық және аудандық мамандарын оқыту;
Сапаны тексеру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
48)Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің облыстық деңгейінің қызметтік құрылымы? Облыстық деңгей:
Орта мерзімді болашақтық жоспарлау;
Картографиялық негіз құру;
Ақпаратты қорыту;
ЖКААЖ аудандық орталықты әдістемелік, бағдарламалық, материалдық – техникалық қамтамасыз ету;
Мамандарды оқыту;
Жұмыстардың сапасын тексеру.
49)Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ұйымдастыру құрылымы? ЖКААЖ тиісті мәліметтер базаларында ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындары, кызметтері, тиісті министрліктер және ведомстволар пайдаланады. ЖКААЖ ол күрделі, көп нысаналы, көп кызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру – технологиялық жүйе.
50)Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің республикалық орталығының негізгі міндеттері? ЖерҒӨО» 2003 жылғы 17 ақпандағы № 24 бұйрығы негізінде мемлекеттік жер кадастрының деректер қорын жүргізу және жүйелеу, жинау, алып жүру, енгізу мақсатында құрылды.