Тақырыбы: Ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану және аймақтау
Қарастырылатын сұрақтар: Ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану түсінігі
Ауыл шаруашылық жерлерін кадастрлық аймақтау әдістемесі
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану – жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуді қамтитын жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, қажетті тиімділік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында жерді оңтайлы пайдалану.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану:
1) жердің құнарлығын сақтауды және арттыруды (егістіктің жыртылған қабатындағы жалпы гумус құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің белгіленген деңгейі);
2) негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының белгілі бір өнімділік деңгейін сақтауды және арттыруды;
3) ауыспалы егістің сақталуын;
4) топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтауды және жақсартуды;
5) ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмауды, жерге арамшөп пен ағаш бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтарымен қоқыстауына жол бермеуді;
6) ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалған қалдықтар мен жанама өнімдерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің өңделген учаскелерінде өртеуге жол бермеуді қамтиды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ұтымды пайдаланылуын айқындау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде келесі құжаттар болуы қажет:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 67 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10134 болып тіркелген) индексі 4-аш, кезеңділігі жылдық, "Себілген егістіктің қорытындысы туралы есеп" жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректер, индексі 29-аш, кезеңділігі жылдық, "Ауылшаруашылық дақылдардың түсімін жинау туралы" жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректер (жерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдаланғанда);
2) ауыспалы егістік жоспары (жерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдаланғанда);
3) ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану тәртібі:
1) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде ғылыми ұйымдардың жалпыға ортақ пайдалану үшін шығарылған ұйғарымы негізінде бекітілген ауыспалы егіс жоспарына сәйкес ауыспалы егісті сақтап отырады.
2) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыспалы егіс жоспарын өсірілетін дақылдарды ротациялау жүйесінің таңдалуына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының толық айналымына сай келетін кезеңге бекітеді. Бекітілген ауыспалы егіс жоспарының бір данасы жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
3) Мынадай көрсеткіштер бойынша топырақ құнарлылығын айтарлықтай төмендетуге:
3.1) егістіктің жыртылған қабатындағы (0-20 см) жалпы гумус құрамының бес пайыздан көп, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа есептелген құрамының жиырма пайыздан көп төмендеуіне;
3.2) жердің гумуспен және қоректендіру элементтерімен осы элементтермен өте төмен және төмен қамтамасыз етілген алаңдарының он пайыздан көп өсуіне жол берілмейді.
3.3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пестицидтермен және минералдық тыңайтқыштармен ластануы рұқсат етілген шектегі концентрациялардан жоғары асуына;
3.4) эрозия нәтижесінде жоғарғы гумус қабаты қуатының 5 сантиметрден көп темендеуіне;
3.5) топырақтың 30 сантиметрге дейінгі қабатындағы уытты тұздар жиынтығының көбеюіне:
-хлоридтердің 0,4 пайыздан көп болуына;
- сульфаттардың 0,8 пайыздан көп болуына;
-топырақта сортаңданудың 5 пайыздан көп жоғарылауына;
3.6) арам шөптердің не карантиндік өсімдіктің көп өсуіне (арам шөптердің саны рұқсат етілген экономикалық зияндылық шегінен жоғары болуына) байланысты жер учаскесінің ауыл шаруашылығында пайдаланудан шығып қалуына жол берілмейді.
4) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің құнарлылығы мен мелиоративтік жағдайы туралы мәліметтер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспортында сипатталады, оның нысаны Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бекітіледі.
5) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін облыстың тиісті ауданы бойынша орташа, бірақ аудандық орташа көрсеткішінен кемінде сексен бес пайыз деңгейде қолдайды.
2. Жердi аймақтарға бөлу - жердi нысаналы және мақсатты пайдалану режимiн белгiлей отырып, оның аумақтарын анықтау.
Жердi аймақтарға бөлудiң мақсаты:
-оны аймақтарға бөлу жолы арқылы;
-жер ресурстарын басқару саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн;
-аймақтардың шекаралары мен көлемiн белгiлеудi, түрлi аймақтарға бөлiнген жерлердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн;
-жердi пайдалану мен қорғаудың аймақтық /оның iшiнде қала құрылысындағы/ бағдарламасын жасауды қамтамасыз ету.
Жерге салық салу мақсатында аймақтау барысында жердің әр түрлі факторлары: территорияның аудан және облыс орталықтарына қатысты орналасуы, ауыл шаруашылық жерлер құрылымы, суарылатын және суарылмайтын жерлер, жердің тастақтығы, жайылым, шабындық, жердің еңістігі, жол сапасына, т.б.жағдайлары есепке алынып, жер салығы мөлшеріне түзету коэффиценттері есептелініп шығады.
Жерлердің қолайлы және қолайсыз факторларына байланысты, салық мөлшеріне түзету коэффицеттері жоғарылатылып және төмендетіледі. Есептелетін факторлардың саны, сол сияқты олардың аймаққа әсер ету дәрежелері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан, территорияны аймақтауда белгілі бір аймақтың нақты жағдайына қарап іске асыру керек. Мысалы, шөл немесе шөлейт аймақтарда суарылатын жайылымдық жерлері дәрежесі
– жем-шөп өсірудің мәдени-техникалық жағдайлары есепке алынады. Егіншілік аймақтарда ауылшаруашылық жерлерінің қатынасы – жыртылған жердің үлес салмағы, оның құрылымына маңызды әсер етеді. Балл бонитетіне қойылған жер салығының негізгі мөлшері, пайдаланылатын жер түріне байланысты. Жайылым жерлерге немесе шабындыққа қарағанда, егістік жердің кіріс дәрежесі жоғары. Осы жағдайда ауылшаруашылық жерлер құрылымына коэффициенттер енгізуге болады.
Тау етектері мен таулы аймақтарда жерді қолдану дәрежесіне, территорияның еңістігі әсер етеді. Таулы аймақтардағы ауылшаруашылық жерлерінің топырақтары жоғары балл бонитетімен көрсетілетіндіктен, жазық жердегі территорияға қарағанда жер салығының негізгі мөлшері жоғары болады. Вегетациондық кезеңнің қысқалығы, аязға алдыру, рельефтік жағдайдыің қиындығы және көліктің жүруіне қолайсыздығы, таулы жерлерді пайдалану қиынға түседі.
Аймақтағы халықтың тұруына қолайлы жағдайлары жасалған елді мекендерге – облыс немесе ірі өнеркәсіп орталығының қала маңындағы аймақта, сонымен қатар курорттық аймақта орналасуы; аудан және облыс орталықтарының жақындығы; жоғары деңгейде көлікпен қамтамасыз ету, республикалық маңыздағы теміржол мен автомобиль жолдарының болуы; инженерлік желімен, су құбырларымен, газ энерго құралдармен қамтамасыз етілуі және әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық қамтамасыз ететін объектілердің болуы кіреді.
Қолайсыз факторларға – ауылдық тұрғылықты мекеніне өнімдерді өткізетін рыноктардың, қызмет көрсету, жабдықтау орталықтарынан қашықтығы; аудан орталығы мен нашар көлік байланысы және нашар қызмет көрсету; әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін объектілердің жоқтығы не аздығы; төменгі деңгейде немесе мүлде жоқ инженерлік желі, су, газ, токпен дұрыс қамтамасыз етпеу және адамдардың мекен етуіне кері әсер ететін қолайсыз экологиялық жағдай мен басқа да факторлар жатады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлу мынадай қағидаттарға негізделеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басымдығы;
ауыл шаруашылығы алқаптарын ерекше қорғау;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді нысаналы пайдалану;
ауыл шаруашылығы емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.
Дәріс 17
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мыналар белгiленсiн:
1) 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары;
1-1) мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жеке сервитут белгілеу үшін жер салығы мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде төлемақы;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының мөлшерiнде мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскелерiн жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкасы.
Бұл ретте жер учаскесi үшiн жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшерi жер учаскесiн жалға берген кездегi ол үшiн базалық ставканың мөлшерiнiң 100-120% шегiнде белгiленедi;
3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерi жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалық) құнының пайызымен мынадай мерзiмдер бойынша:
10 жылға дейiн, оны қоса алғанда - жыл сайын 2%;
11 жылдан 30 жылға дейiн - 20%, 10 жылдан жоғары әр жыл сайын 1,5% қосылады;
31 жылдан 49 жылға дейiн - 50%, 30 жылдан жоғары әр жыл сайын 1% қосылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.22. N 408 (алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.10 № 1154(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен. 2. Жер учаскелерi үшiн төлемақы және жалдау құқығын сату төлемақысы базалық ставкаларының жоғарыда көрсетiлген мөлшерiн жер учаскелерiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге қойған кезде жердi бағалау үшiн, сондай-ақ оларды шаруашылық серiктестердiң жарғылық қорларына жарна ретiнде не өндiрiстiк кооперативтерге пай ретiнде берген жағдайда, меншiк иесiн (жер пайдаланушыны) жер учаскесiне меншiктiң жалпы үлесiнен (жалпы жер пайдалану үлесiнен) бөлу кезiнде жер үлесiнiң құнын белгiлеу үшiн, жер учаскелерiн немесе пайдалану құқығын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң активтерiне енгiзген кезде және жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны тараптардың келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн болмаған өзге де жағдайда, олардың құнын бағалау үшiн қолдану ұсынылсын.
3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректерінің және жер нарығының мониторингі нәтижелерінің негізінде қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларының өзгеруі туралы ұсыныстар енгізсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.10 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті мемлекеттік органдары жергілікті талаптарға және ерекшеліктерге орай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде және ауылдық елді мекендерде жеке меншікке беру кезінде жер учаскелерінің базалық ставкаларын бекітсін.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.10 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 20, 174-құжат);
2) "Жекелеген отандық өндiрушілердi қолдау мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 13 тамыздағы N 763 қаулысының 9-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 28, 236-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 мамырдағы N 566 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 18, 194-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Жер кадастры түсінігі