Дәріс №1. Тақырыбы: Кіріспе. Autocad бағдарламасымен жұмыс жасау



бет3/3
Дата19.12.2023
өлшемі74,97 Kb.
#140944
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 1

Режимдер
ҚАДАМ (SNAP) батырмасы байланысу режимін тордың нүктесіне белгілі бір қадаммен немесе бұрыштық байланысуға қосады немесе сөндіреді (орнын ауыстыру берілген қадам бойынша тік сызықты сегменттер арқылы жүзеге асады). ҚАДАМ (SNAP) батырмасының жұмысын функционалдық пернесі де атқарады.
ТОР (GRID) батырмасы қадаммен күйге келтірілген нүктелерден құрылған торды лимиттер аймағында қосады немесе сөндіреді. Ұқсас батырма болып функционалдық пернесі табылады.
ОРТО (ORTHO) батырмасы ортогональдық режимді қосады немесе сөндіреді. Егер аталған режим қосулы болса, онда AutoCAD жаңадан тұрғызылатын тік сызықты кесінді сегменттері мен поли сызығын тігінен немесе көлденеңінен жөндеуді бастайды.
ПОЛЯР (POLAR) батырмасы ОРТО (ORTHO) режимінің бұрышқа кейбір күйге келтірілген қадаммен бағытталуы. Батырма полярлық қадағалау режимін қосады немесе сөндіреді. Батырмаға сәйкес функционалдық пернесі болып табылады.
ВЫРВ (OSNAP) батырмасы нысандар байланысуының (байланысу тізімдері күйге келтіріледі) берілген функцияларының тұрақты әрекеттер режимін қосады немесе сөндіреді. Нысандағы нүктелерді көрсеткен кезде, AutoCAD жүйесі осы нысанға сәйкес нысандарды байланыстыру функциясын есептейді (яғни, соңғы немесе ортаңғы нүктесін, және т.с.с.). Батырмаға сәйкес функционалдық пернесі болып табылады.
СЛЕД (OTRACK) батырмасы көмегімен қадағалау режимін қосқанда объектті байланыстыру кезінде AutoCAD объектті байланыстыруды қолдана отырып көрсетілген аралық нүктеден полярлық қадағалауды қолдануға мүмкіндік береді. Ұқсас батырма болып функционалдық пернесі табылады.
ВЕС (LWT) батырмасы сызу элементтерінің салмағын көрсететін режимді қосады немесе сөндіреді. Сызық салмағы – бұл сыртқы құрылғыға шығатын сызық ені.
МОДЕЛЬ (MODEL) батырмасы үлгі және парақ кеңістіктері арасында ауыстырып қосуға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:

  1. AutoCAD жүйесін қалай іске қосады?

  2. AutoCAD жүйесі қандай жолдардан тұрады?

  3. Режимдер жолағының атқаратын қызметі қандай?

  4. Жұмыс үстеліне жұмыс жасауға қажетті қосымша құралдар тақтасын және жеке батырмаларды қалай шығарады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет